Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы (28.10.2022 ж.)

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері  көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы мәселелер талқыланды.

Мәселені дайындау шеңберінде кеңес мүшелері «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық технологиялар және стандарттар бөлімінің басшысы Ж.С. Серікбаевамен бірлесіп, а.ж. 23-24 қарашасында аталған бөлімдерде болып, олардың құжаттамаларымен, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен  танысты. 

 «Сәтбаев  қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары А.А.Шоқпытовтың ақпараты бойынша бөліммен 18 қызмет көрсетіледі, 2022 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша 7989 мемлекеттік  қызмет көрсетілді, соның ішінде мемлекеттік орган арқылы - 540, халыққа  қызмет көрсету отралығы арқылы - 465, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 6750, проактивті қызметтер 234 құрады.

 «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Д.Р. Төрегелдиннің баяндамасы бойынша жыл басынан бері бөліммен 4 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 116 қызмет көрсетілген. Бөлімдерде мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсетпеу жағдайлары болмаған. Қаралған мәселелер бойынша бөлімдерге тиісті ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, отырыста нормативтік құқықтық актілердің 3 жобасы қаралды.

 

 

 

Дата публикации
28 ноября 2022