- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-бабының 1 тармақшасына сәйкес, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жұмысшыларының өтініштерін есепке ала отырып, Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысовтың 2022 ж. 8 қарашадағы ұсынымының негізінде Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясы 27 сайлау учаскесінде дауыс берудің басталуының өзге уақытын белгіледі:
- № 281 сайлау учаскесінен № 307 дейінгі сайлау учаскесінде 2022 жылғы 20 қарашадағы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру уақыты сағат 6.00 ден 20.00 ге дейін.
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-бабының 3 тармақшасына сәйкес, қалалық сайлау комиссиясы егер тізімге енгізілген сайлаушылардың барлығы дауыс беріп болса, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізімі бекітілді.
Тізімге енгізілді:
- «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КММ Жезқазған бөлімшесі № 308 сайлау учаскесі
- « Сәтбаев қаласының орталық емханасы» КММ № 309 сайлау учаскесі.