Биылғы жылдың 1 қарашасында Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері Ұлытау облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Жезқазған қаласында өткен облыстағы сайлау комиссияларына арналған семинар жұмысына қатысты.
Оқыту семинарына біздің аймаққа жұмыс сапарымен келген Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.В.Петров және ОСК мүшесі С.С.Мустафина қатысып, әр түрлі жағдаяттардан тұратын кейстарды ұсынды және оның шешу жолдарын талқылады.
Семинардың «Дауыс беру күніндегі іскерлік ойын» атты практикалық бөлігінде дауыс берушілердің құқығы және дауыс беретін күнгі сайлау процесі туралы сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, аумақтық және учаскелік комиссиялардың ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу кезеңіндегі ұйымдастыру жұмысының құқықтық негіздері туралы сұрақтар қаралды.
2 қараша күні жұмыс сапары аясында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.В.Петров және ОСК мүшесі С.С.Мустафина, Ұлытау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Битенова Б.Р. ҚР Сәтбаев қаласындағы сайлау учаскелерін аралап, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындығымен танысты. Азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалуына және оларды дауыс беруге шақыруды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Орталық сайлау комиссиясы, Ұлытау облыстық сайлау комиссиясының өкілдері Сәтбаев қаласының сайлау учаскелерінде
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.Петров сайлау учаскесінде