Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының АҚПАРАТЫ

           Биылғы жылдың  18 қазанында  оқыту іс-шараларының аясында Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу ерекшеліктерін ескере отырып, сайлау заңдылықтары сұрақтары бойынша   учаскелік сайлау комиссияларының хатшыларымен  семинар-кеңес  өткізді.

         Сонымен қатар күнтізбелік жоспарға  сәйкес сайлаушылар тізімдерімен жұмыс, азаматтарды  дауыс беру орны мен уақыты  туралы  ақпараттандыру  бойынша учаскелік сайлау комиссияларының іс-әрекеттері қаралды.

         Семинарда  УСК мүшелерін   zoom  алаңында  және  орналасқан  жерлерінде  оқыту тренингтерін өткізу жоспарлары  келісілді.

Учаскелік сайлау комисияларының  хатшыларымен  өткен  оқыту семинары

Дата публикации
18 октября 2022