Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

14 қазан  күні Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясы  оқытудың  каскадтық түрі аясында жергілікті атқару органының және 2022 жылғы 20 қарашада өтетін ҚР Президентінің сайлауына тікелей қатысы бар   ұйымдар мен мекемелердің басшыларының қатысуымен учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен  семинар-кеңесі өткізді.

Сәтбаев қаласының әкімі аппаратының басшысы  А.Нысанбаев учаскелік сайлау комиссияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сайлаушылар тізімімен жұмыс, әр түрлі құрылымдық бөлімшелерімен  өзара іс-қимыл және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға  дауыс  беру кезінде қолайлы  жағдай ұйымдастыру  мәселелеріне  тоқталды.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудегі ерекшеліктері туралы сұрақтарды  қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Геймбух баяндады.

Қалалық сайлау комиссиясының хатшысы М.Есмурзаева  кездесуге қатысушылар мен сайлауды дайындау және өткізу туралы  күнтізбелік жоспарында белгіленген іс-шаралары, сайлау процесінің қатысушыларының оқуын ұйымдастыру сұрақтарын талқылады.

Дата публикации
14 октября 2022