Этика жөнінде Семинар

2022 жылдың 5 қыркүйек күні этикалық нормаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Нысанбаев «Сәтбаев қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің қызметкерлерімен ҚР заң нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.

Кездесу барысында заң нормаларды сақтау туралы түсіндірме жасалды. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшілердің этика туралы «PocketBook» нұсқаулықпен мұқият танысып және күнделікті өмірде әдепті мінез-құлық қағидаттарын сақтауға шақырды.

Кез келген мәселе немесе қызығушылық туындаған жағдайда, қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі А.С.Нысанбаевқа қабылдау кестесіне сәйкес кездесуге мүмкіндік бар.

 

Дата публикации
05 сентября 2022