Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 75/05 «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

         Жоба

Сәтбаев қаласының әкімдігінің

Қ А У Л Ы С Ы

 

№______                                                                    2022 жыл «__»_____

Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 75/05 «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 75/05 «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:    

       «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі 8 тармақтағы мемлекеттік тілдегі «Қарағанды облысы» сөздері «Ұлытау облысы» сөздеріне, орыс тіліндегі «Карагандинская область» сөздері «Ұлытау облысы» сөздеріне ауыстырылсын.          

  1. «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Кенжеғұлов Н.А.) уәкілетті тіркеуші органда Ережеге өзгерту енгізуді тіркеуді қамтамасыз етіп және бекітілген заңнама тәртібінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдансын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.А.Кенжеғұловқа жүктелсін.

 

 

Сәтбаев қаласының әкімі                                         А.А.Ыдырысов

Дата публикации
21 июля 2022