2022 жылдың 17 маусым күні этикалық нормаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Нысанбаев «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің қызметкерлерімен ҚР заң нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.
Кездесу барысында заң нормаларды сақтау туралы түсіндірме жасалды. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшілердің этика туралы «PocketBook» нұсқаулықпен мұқият танысып және күнделікті өмірде әдепті мінез-құлық қағидаттарын сақтауға шақырды.
Кез келген мәселе немесе қызығушылық туындаған жағдайда, қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі А.С.Нысанбаевқа немесе Қарағанды облысының әкімі Г.Р.Кабдыкаримоваға қабылдау кестесіне сәйкес кездесуге мүмкіндік бар.
