04.03.2022ж семинар

2022 жылдың 4 наурыз күні этикалық нормаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Нысанбаев «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қызметкерлерімен этика нормаларын сақтау туралы семинар өткізді.

Кездесу барысында этикалық нормаларды сақтау бойынша түсіндірме жасалды. Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшілердің этика туралы «PocketBook» нұсқаулықпен мұқият танысып және күнделікті өмірде әдепті мінез-құлық қағидаттарын сақтауға шақырды.

Кез келген мәселе немесе қызығушылық туындаған жағдайда, қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі А.С.Нысанбаевқа немесе Қарағанды облысының әкімі Г.Р.Кабдыкаримоваға қабылдау кестесіне сәйкес кездесуге мүмкіндік бар.

Дата публикации
04 марта 2022