2022 жылдың 4 мамыр күні этикалық нормаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл А.С.Нысанбаев «Open Satpaev» бірыңғай қызмет көрсету кеңсесі қызметкерлерімен этика нормаларын сақтау туралы жиын өткізді. Кездесу барысында этикалық нормаларды сақтау бойынша түсіндірме жасалды.
Кез келген мәселе немесе қызығушылық туындаған жағдайда, қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі А.С.Нысанбаевқа немесе Қарағанды облысының әкімі Г.Р.Кабдыкаримоваға қабылдау кестесіне сәйкес кездесуге мүмкіндік бар.