2022 жылдың 12 мамырында Сәтбаев қалалық референдум комиссиясының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысқан кеңейтілген мәжілісі өтті. Бұл мәжілісте республикалық референдумды дайындау және өткізу бойынша бірқатар іс-шараларды өткізу жөніндегі іс-әрекеттер белгіленді, комиссиялардың жұмыс уақыты жұмыс күндерінде сағат 10.00 ден 20.00 ге дейін, сенбі-жексенбі күндері сағат 10.00 ден 18.00 сағатқа дейін болып белгіленді. Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып, учаскелерді жабдықтау, референдумға қатысушыларды тізіммен таныстыру тәртібі, есептен шығару куәліктерін беру және азаматтардың дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарлау туралы сұрақтар қаралды.
