2022 жылғы 29 сәуірде күні этикалық нормаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл А.Нысанбаев алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілерімен этика нормаларын сақтау туралы жиын өткізді. Кездесу барысында этикалық нормаларды сақтау бойынша түсіндірме жасалды, сонымен қатар жұмыс бабында пайдалану үшін мемлекеттік қызметші әдебін сақтау бойынша қысқаша нұсқау ұсынылған «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты кітапшалар тапсырылды.
Кез келген мәселе немесе қызығушылық туындаған жағдайда, қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі А.С.Нысанбаевқа немесе Қарағанды облысының әкімі Г.Р.Кабдыкаримоваға қабылдау кестесіне сәйкес кездесуге мүмкіндік бар.