2022 жылы 16 наурыздағы Сәтбаев қаласы әкімінің тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстары мен ескертулерінің орындалуы туралы Іс-шаралар жоспары

             
             
             
             
             
             
             

№

Айтылған

ескертулер/ұсыныстар

(авторы, мекен-жайы)

Іс-шараның орындалуы

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Жетекшілік ететін

қала әкімінің орынбасары

Ескерту

1.                    

Досымжан Ж.

Ерден көшесі 227 үй шатырын жөндеу туралы

Жауапты қызметтердің жұмыс орындарына баруын ұйымдастырып, ұсыныс беру

01.04.2022ж.

Сеилова Ж.С.

Абдрахаев Б.Е.

Ағымдағы жылдың 17 наурызында "Сәтбаев қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ тұрғындарға ҚР "тұрғын үй қатынастары туралы "Заңыны бойынша түсініктеме берді.

Шатырды жөндеуге қатысты: үй ортақ мүлік  болғандықтан тұрғындарға кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін құру ұсынылды. Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС).

2.                    

Ижанова К.

Көп балалы отбасыларға біржолғы жәрдемақы төлеу туралы

Көп балалы отбасыларға біржолғы жәрдемақы төлеуді қамтамасыз ету

05.04.2022ж.

Апеков Б.Т.

Төлендина А.Қ.

Ағымдағы жылдың наурыз айында 1983 көп балалы аналар, жалпы сомасы 19830,0 мың теңгеге біржолғы төлем алды.

3.                    

Ижанова К.

Азық-түлік тауарларының, оның ішінде сүт пен қанттың қымбаттауына жол бермеу туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасына тұрақты мониторинг жүргізу

10.04.2022ж.

Төрегелдин Д.Р.

Әубәкір Ш.М.

Апта сайын азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтеру бойынша мониторинг жүргізіледі (150 дүкен қамтылуда). Дүкен иелерімен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының қорытындысына байланысты кәсіпкерлермен баға көтермеу бойынша мемрандумға қол қойылды.

4.                    

Маханова М.

Көп балалы отбасы үшін тұрғын үйді кеңейту туралы

 

Тұрғын үй қатынастары бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер беру

10.04.2022ж.

Кенжеғұлов Н.А.

Абдрахаев Б.Е.

М.Махановаға ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктеме берілді. Үйді кеңейту жөніндегі мәселе қарастырылмайды, себебі М.Махановаға "Харекет" қайырымдылық қорынан пәтер берілген. Қазіргі кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үй кезегінен  шығарылған.

5.                    

Сулейменова М.

Құсайынов көшесіндегі №33 апатты үй тұрғындарын көшіру мерзімі туралы.

Үйді қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу

10.04.2022ж.

Сеилова Ж.С.

Абдрахаев Б.Е.

Жыл басынан бастап Құсайынов көшесі 33 үйді қайта жаңарту бойынша ЖСҚ әзірлеуге конкурс (3 рет) жарияланды. Тапсырыс берушілердің жоқтығынан  мемлекеттік сатып алу үрдісі жүзеге аспады. Қайта конкурс жариялау жоспарлануда.

 

 

6.                    

Садвакасова М.

Жетім балаларға арналған баспана кезегін тездету туралы

Өтініш берушімен кездесіп, қолданыстағы тұрғын үй қатынастары заңнамасы аясында түсініктемелер беру

10.04.2022ж.

Кенжеғұлов Н.А.

Абдрахаев Б.Е.

М.Сәдуақасовамен кездесу өткізіліп, ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктеме берілді.

М. Садвакасова мемлекет тарапынан тиісті санаттағы тұрғын үй алу үшін кезекте №19 тізімінде тұр.

7.                    

Рахымбердиев М.

Абай көшесіндегі №16 үйді МИБ немесе ЖС –ке көшуі үшін тексеру туралы

Тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, үйді басқарудың жаңа түріне көшуі үшін тексеру

20.04.2022ж.

Сеилова Ж.С.

Абдрахаев Б.Е.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Абай көшесіндегі №16 үйдің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін: мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) немесе жай серіктестікті (ЖС) құру туралы түсініктемелер берілді. Бүгінгі күні тұрғындармен ЖС құрылды

 

 

 

 

 

 

 

 

           
Дата публикации
20 апреля 2022