Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жоба

 

                            Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің

                                                      ҚАУЛЫСЫ

 

 

№_____                                                              «___»_________2022ж.

 

 

Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына  сәйкес  Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/04 «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3021 болып тіркелген);

2) Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/05 «Сәтбаев қаласының  ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3022 болып  тіркелген).

  1. «Сәтбаев қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қаласының әкімі                                                            А.Идрисов

 

 

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет   порталына орналастырылған туралы анықтама

 

 

Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 04.02.2022 – 18.02.2022 ж. дейін  орналастырылған. 

Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулы жобасына сараптамалық қорытындылар алынды:

Сәтбаев қаласының қоғамдық кенесінің  2022 жылдың  18

ақпандағы № 4 (с).

 

Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
15 марта 2022