«Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы №223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы «Көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 16 (2103) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 сәуірде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1.Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

1)  Ұлы Отан соғысының ардагерлері –тегін жол жүру;

2)  басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері-тегін жол жүру;

3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер - тегін жол жүру;

4)  еңбек ардагерлері- тегін жол жүру;

5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткелерге- тегін жол жүру;

6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге-тегін жол жүру;

7) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға-тегін жол жүру;

8) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған аналарға – тегін жол жүру.».     

  1. Осы бірлескен Сәтбаев қаласының әкімдігінің қаулысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сәтбаев қаласының әкімі                                                  А.Ыдырысов

 

 

Сессия төрағасы                                                                 Қ.Балмагамбетов                                                      

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                             Т. Хмилярчук

 

«Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі №06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы №223 Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден бақа) жеңілдікпен жол жүруі туралы»  бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы»  

баспасөз-релизі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы «Көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабы.

Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты әкімдіктің бірлескен қаулысы мен Сәтбаев қалалық мәслихатының «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа)  жеңілдікпен жол жүруі туралы"»

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1.Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

1)  Ұлы Отан соғысының ардагерлері –тегін жол жүру;

2)  басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері-тегін жол жүру;

3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер - тегін жол жүру;

4)  еңбек ардагерлері- тегін жол жүру;

5) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткелерге- тегін жол жүру;

6) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге-тегін жол жүру;

7) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға-тегін жол жүру;

8) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған аналарға – тегін жол жүру.».     

Шешім жобасы республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін және түсімдердің қысқаруын көздемейді.

Бұл шешімінің жобасы 2020 жылы 13 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды.

 

 

 

 

Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы №223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
30 декабря 2021