"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қағидаларға (ҚР
ТЖМ 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №485 бұйрығымен бекітілген) сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
«Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 1-бабының 32-1) тармақшасында айқындалған қауіпті техникалық құрылғылар: мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер есепке қоюға және есептен шығаруға жатады.
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғының иесі немесе қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйымның басшысы - әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттарды қоса бере отырып электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат түрінде өтінішті жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларда жазылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.
«Сәтбаев қаласының тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ