«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын бұқаралық-ақпарат құралдарында тарату, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізеді.
«Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын жандандыру жоспарына сәйкес «Адал көмек» жобасы аясында қаламызда тұрақты түрде мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуымен тікелей эфирлер ұйымдастырылады.
Аптасына 1 рет «Ақшам» телеарнасында «Скажи коррупции – НЕТ!» атауымен ролик көрсетіледі, «Шарайна», «Вечерний Сатпаев» газеттерінде жарияланымдар шығып тұрады.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Ерден көшесі бойында және Абай көшесінің бойында 2 банер ілінген. Сондай-ақ Абай көшесі 17/1 үйінің қабырғасында «Адалдық – адамның асыл қасиеті» деген жазуы ілінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар жыл сайын жүзеге асады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2019 жылы 500 мың теңге бөлінген. Бөлінген қаражатқа спикерлердің қатысуымен семинар-тренингтер өткізілген, ақпараттық-жұмыстар жүргізілген.
2020 жылы 1 млн теңге бөлінді. Абай көшесі 17/1 үйінің қабырғасында үлкен жарықдиодты әріптермен «Адалдық – адамзаттың асыл қасиеті» жазуы қойылды.
2021 жылы 500 мың теңге бөлінді. Жоба аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбына видеролик дайындалып, 9-11 сыныптар арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылды.