Бүгін кіші залда қала әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі жас мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет ардагері, қаланың құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет үздігі Марал Мәдиевамен кездесуін ұйымдастырды. Кездесуді аша отырып, А.Нысанбаев парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және насихаттау жөніндегі осындай іс-шаралар аға буынның жинаған көп жылдық тәжірибесін қызметшілердің жас буынына ең маңызды және өмірлік қажетті құндылықтарды беруге көмектесетінін атап өтті. Біздің ардагерлер әрқашан өз тәжірибелерімен, жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру туралы ойларымен бөлісуге, жас әріптестерге кеңес беруге дайын.
Бүгінде Марал Сағынайқызы қаланың қоғамдық кеңесінің төрайымы. Өз сөзінде ол кездесуге қатысушылармен қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшілер туралы өз ойымен бөлісіп, тұрғындар олардан кәсібилікті, адалдықты, заңдылықты сөзсіз сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарына мүлтіксіз сәйкестікті күтетінін есте сақтауға шақырды. Ардагердің айтуынша, қазір мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін жастардың мансаптық және кәсіби өсуі үшін көбірек мүмкіндіктері бар.
Кездесу соңында М.С. Мәдиева мемлекеттік органдардың жас қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшінің этикасын әрдайым сақтауға, белсенді, мақсатты және парасатты болуға тілек білдірді.