2021 жылдың 17 тамызындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

2021 жылдың 17 тамызында online режимде (Zoom Сloud Meetings бейнеконференция байланысы қосымшасы арқылы) М.С. Мадиеваның төрағалығымен Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы  өтті.

Отырыста «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Д.Р. Төрегелдинның         «Радикалды идеологияның ықпалынан зардап шеккен адамдарға әлеуметтік-психологиялық бейімделу, діни экстремизмнің алдын алу және оңалтуға көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» бюджеттік бағдарламасының орындалуы туралы есебі тыңдалды.

Д.Төрегелдин қаладағы діни ахуалдың жай -күйі, ақпараттық -түсіндіру топтарының жұмысы, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстар туралы айтып, бірінші жартыжылдықта оң нәтижелерге өзгергендігін атап өтті.

Қоғамдық кеңес мүшелері Т.И.Хмилячрук, А.Ө.Қошанов, Б.Қ.Байтоқов, А.М.Тұрлыбек дінтанушыларды Сәтбаев қаласына тарту, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу жөнінде, заңгерлерді АТТ құрамына қосу, деструктивті идеологиядан иммунитет қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік желілерде жастармен жұмыс жүргізу туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Есепті қарау мен талқылау нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.

Дата публикации
24 августа 2021