2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Сәтбаев қаласы әкімінің қызметі туралы есебі

2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша

Сәтбаев қаласы әкімінің қызметі туралы есебі

 

     2019 жылы қаланың жергілікті мемлекеттік органдарымен мемлекеттік тізілімге кірген 88 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. 2019 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызмет саны 34660, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы – 6981, ЭҮП арқылы – 4608. 

Есепті кезеңде қызметтердің ең көп санын білім бөлімі - 12 448 және жұмыспен қамту бөлімі - 10 059 мемлекеттік қызметтер көрсетті.

88 мемлекеттік қызмет ішінде бекітілген стандарттарға сәйкес 10 мемлекеттік қызмет толық түрде автоматтандырылды және 21 мемлекеттік қызмет ішінара автоматтандырылды. 16 қызмет ақылы негізде (мемлекеттік баж), 71 қызмет – тегін көрсетіледі.

«Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында 2019 жылдың желтоқсан айында қалада «Open Satpaev» бірыңғай қызмет көрсету кеңсесі ашылды, ол «Open space» және «Әкімдіктің қоғамдық-қабылдау бөдмесі» күту залынан тұрады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін күту залында креслолар, кезектердің электронды терминалы, электрондық есеп тақтасы, электронды мемлекеттік қызметтерді алуға арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы», нұсқаулық және ақпараттық бейнелерді көрсететін теледидар экраны орнатылды, консультант жұмыс істейді.

Барлық мемлекеттік мекемелерде азаматтарды қабылдау үшін жағдай жасалды, «Электрондық үкімет» Egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызмет алуға тәжірибелік көмек үшін өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.

         Қызмет алушыларға бірнеше жерден мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат қолжетімді:

  1. Мемлекеттік мекемелерде орнатылған ақпараттық стендтер, инфографика
  2. Нұсқаулық және ақпараттық бейнероликтерді қалалық «Aqsham» телеарнасында, ХҚКО бөлімінде, «Open Satpaev» кеңсесінде, қалалық емханада, қаланың жұмыспен қамту орталығы ғимаратында және білім мекемелерінде көрсету.
  3. Халық үшін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 800-ден астам азаматтың қамтылуымен 3 жәрмеңке өтті.
  4. ХҚКО бөлімінде орналастырылған мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтары.
  5. Мемлекеттік мекеме мамандарының кеңестері.
  6. БАҚ-тағы басылымдар мен сөз сөйлеулер – бардығы 13 басылым, сөз сөйлеу және сұхбат.
  7. Қала әкімі аппаратының ресми сайтындағы және мемлекеттік мекемелер сайтындағы жарияланымдар – барлығы 14 материал.
  8. 1200 дана брошюралар мен буклеттерді таратылды.
  9. Қаланың орталық көшелерінде баннерлерді орнату – 3 баннер.

Мемлекеттік мекеме сайттанрында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері орнатылды. Стандарттарды өзгерту кезінде мемлекеттік қызметтер стандарттар жобаларын көпшілік алдында талқылау мақсатында ресми сайтта жаңа стандарттар жобасы орнатылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігіне және сапасына бақылауды жүзеге асыру мақсатында ЖАО-да Сәтбаев қаласы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсанындағы №156ө өкімімен 2019 жылға арналған қала мемлекеттік мекемелерінде және оның құрылымдық бөлімшелерінде ішкі бақылау жүргізу бойынша бақылау іс-шаралар жоспары бекітілді. Ішкі бақылаумен барлығы 28 мекеме немесе жоспарға 100%, сонымен қатар                        7 мемлекеттік мекеме және 21 ведомстволық бағынышты ұйымдар қамтылды.

Мемлекеттік мекеме жұмыскерлерінің, халыққа қызмет көрсету орталығы және мүдделі бөгде ұйымдар мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін зерттеу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша 22 түсіндіру іс-шаралары және электрондық мемлекеттік қызметтерді алуды насихаттау және түсіндіру бойынша 19 іс-шара өткізілді. Халықты қамту 1000 адам құрады. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі бастамасымен 3 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі              800-ден астам азаматтың қамтылуымен өтті.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкрлердің біліктілігін көтеру мақсатында есептік кезеңде 9 адам Қарағанды облысы бойынша Аймақтық оқыту орталығында оқытылды.

2019 жылы жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің 1 бұзылуы орын алды. Жауапты тұлғаға тәртіптік жаза қолданылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

     Барлық мемлекеттік мекеме өз жұмыстарында заңдағы және заңға сәйкес актілердегі барлық  өзгерістерді санай отырып, қазіргі заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық  процесі бекітілген стандарттар мен регламенттерге, бекітілген нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылы қаланың барлық мемлекеттік мекемесінде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсететін 5 маманды бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша Аймақтық оқыту орталығында оқыту жоспарда бар. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша семинарлардың, кездесулер мен дөңгелек үстелдердің өтуі, қалалық газеттердегі жарияланымдар мен телекөрсетілімдегі сұхбаттар жалғастырылады. Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтердің танымалдығы мен санының артуы.

 

 

Сәтбаев қаласының әкімі                                                       А.А. Ыдырысов

2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Сәтбаев қаласы әкімінің қызметі туралы есебі
Дата публикации
06 апреля 2020