1) Гурба көшесіндегі «Даңқ алаңы», 600 адамға дейін сыйымдылығымен;
2) Ерден көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысындағы сквер, 600 адамға дейін сыйымдылығымен.
1) Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесі арқылы «Универсам» дүкенінен «Даңқ алаңына» дейін.
2) Сәтбаев даңғылы, Байқоңыров және Гурба көшелері арқылы, «Универсам» дүкенінен «Шахтер даңқы» монументіне дейін.
Ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган – Сәтбаев қаласы әкімдігінің келісімі бойынша шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін қосымша жиналу орнын анықтау қажет.
1) Пикеттеу, жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға – Сәтбаев қаласының әкімдігіне өткізілетін күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді. Хабарламаның жергілікті атқарушы органда – Сәтбаев қаласының әкімдігінде тіркелген күні бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны беру күні болып табылады.
2) бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламада:
бейбіт жиналыстың мақсаты;
бейбіт жиналыстың нысаны;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы азаматының, оның өкілінің (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) жері не бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын, пикеттер үшін – өткізу орны;
бейбіт жиналыстың басталатын және аяқталатын күні, уақыты;
қатысушылардың болжамды саны;
киіз үйлер, шатырлар мен өзге де құрылысжайлар орнату туралы мәліметтер;
Заңмен көзделген жағдайларда дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалану ниеті;
пикеттеуді қоспағанда, ұйымдастырушы бекіткен бейбіт жиналыстар өткізу регламенті;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) электрондық пошталық мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) хабарламада көрсетілген өз дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;
бейбіт жиналыстар өткізуді қаржыландыру көздері;
бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаның берілген күні және ұйымдастырушының немесе оның өкілінің (болған кезде) қолтаңбасы көрсетіледі.
3) жергілікті атқарушы орган – Сәтбаев қаласының әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастырушының хабарламасын тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауап береді.
4) демонстрация, шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізуге келісуді алу туралы өтінішті бейбіт жиналысты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға – Сәтбаев қаласының әкімдігіне өткізілетін күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді. Өтініштің жергілікті атқарушы органда – Сәтбаев қаласының әкімдігінде тіркелген күні келісуді алу туралы өтінішті беру күні болып табылады.
5) келісуді алу туралы өтініште:
бейбіт жиналыстың мақсаты;
бейбіт жиналыстың нысаны;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы азаматының, оның өкілінің (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) жері не бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын және (немесе) қатысушылардың жүру маршруты;
бейбіт жиналыстың басталатын және аяқталатын күні, уақыты;
қатысушылардың болжамды саны;
Заңмен көзделген жағдайларда қоғамдық тәртіпті қорғауды, медициналық көмек ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шаралары, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, көлік құралдарын пайдалану ниеті;
қажет болған жағдайда – көлік құралдарының жалпы саны мен санаттары, маршруттың ұзындығын, басталатын және аяқталатын орнын қоса алғанда, олардың қозғалыс маршруты;
ұйымдастырушы бекіткен бейбіт жиналыстар өткізу регламенті;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) электрондық пошталық мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оның өкілінің (болған кезде) өтініште көрсетілген өз дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі;
бейбіт жиналыстар өткізуді қаржыландыру көздері;
келісуді алу туралы өтініштің берілген күні және ұйымдастырушының немесе оның өкілінің (болған кезде) қолтаңбасы көрсетіледі.
6) жергілікті атқарушы орган – Сәтбаев қаласының әкімдігі өтінішті қарайды және тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға қабылданған шешімі туралы хабарлайды.
7) жергілікті атқарушы органның – Сәтбаев қаласының әкімдігінің бейбіт жиналыстар, шерулер мен демонстрациялар өткізуден бас тарту туралы шешімі негізді және дәлелді болуы тиіс және ол шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
8) бейбіт жиналыс ұйымдастырушысы және Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары рәміздерді, иллюстрациялық материалдарды пайдалана отырып, кедергісіз үгіт жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған іс-шараларға қатысуға үгіттеуге құқығы бар.
9) бейбіт жиналыстарды тоқтату негіздері мыналар болып табылады:
азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мүлікке, оның ішінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасынан асып түсу салдарынан нұқсан келтіру;
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзуға үндеулер;
бейбіт жиналыстарды өткізу нысанын өзгерту;
қатысушының кінәсінен бейбіт жиналыстар, шерулер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу кезінде бұзушылық орын алған және жергілікті атқарушы орган – Сәтбаев қаласының әкімдік өкілі белгілеген уақыт өткеннен кейін ол жойылмаған жағдай ұйымдастырушының бейбіт жиналыс өткізуден бас тартуы;
ұйымдастырушының бейбіт жиналыс өткізуден бас тартуы;
бейбіт жиналыс өткізу уақытының өтуі.
1) қажеттігіне қарай Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;
2) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыда жергілікті атқарушы органның тиісті келісімі болмаған кезде киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады;
3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге тыйым салынады;
4) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға тыйым салынады;
5) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға тыйым салынады;
6) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған нышанды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған террористік немесе экстремистік ұйымдардың нышанын, иллюстрациялық материалдарын пайдалануға тыйым салынады;
7) бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады;
8) қоғамдық тәртіпті және бейбіт жиналыстар өткізу регламентін сақтау, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы және белгіленген санитарлық нормалар мен ережелерді бұзуға жол бермеу;
9) бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды;
10) жасыл екпелердің, шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтірмеу;
11) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда қатысушылардың болжамды саны шекті толу нормаларынан асырылмасын;
12) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге шақыруды болдырмау.