Негіздеме: Қала әкімінің 2026 жылғы 26 шілдедегі № 60 өкімі.
Талдау кезеңі: 2025 жылғы кезең.
Талдау жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 27 шілде мен 25 тамыз аралығы.
Мақсаты: Мемлекеттік мекеменің қызметінің әр түрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау.
Осы аналитикалық анықтама «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау негізінде дайындалды. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді: персоналды басқару, кеңсе және құжат айналымы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс, қаржылық қызмет, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ мемлекеттік және құқықтық бөлім.
Ішкі талдау барысында «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметіне қатысты құқықтық актілер зерделенді.
Персоналды басқару қызметі бағыты бойынша.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілді.
Ішкі талдау барысында «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметіне қатысты құқықтық актілер зерделенді.
Қазіргі уақытта «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ штат саны - 25 бірлік, нақты саны - 24 бірлік, бос жұмыс орны - 1 бірлік.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды (әкімшілік және қылмыстық) анықтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне мониторинг жүргізу, басшылардың бағыныстылардың сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілігі талаптарының сақталуын мониторингтеу, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерін мониторингтеу, әдеп жөніндегі уәкілеттің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу, әдеп жөніндегі уәкілеттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын мониторингтеу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдарды анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу бағыттары бойынша жүргізілді.
Ішкі талдау барысында «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі зерделенді.
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқаруын «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ бірыңғай персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.
Қызметкерлерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өту мерзімдері мен тәртібі белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асады.
Мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес 2025 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізілді. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 24 мемлекеттік қызметші қызмет бағалауынан өтті. Бағалау нәтижелері «тиімді».
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық мәдениетін нығайту шеңберінде әдеп жөніндегі уәкілеттің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары өткізіледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
2025 жылы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 5 тәртіптік жазалау фактісі тіркелді. Оның ішінде 5 тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды.
2025 жылдың ағымдағы кезеңінде еңбек тәртібін, әдептілік нормаларын және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыстық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері болған жоқ.
Канцелярия және құжат айналымы бөлімі бағыты бойынша.
Қала әкімінің аппаратында 2025 жылдың 12 айында мынадай актілер қабылданды:
- қала әкімінің шешімдері - 3 бірлік (2024 ж. - 5 бірлік),
- қала әкімдігінің қаулылары - 423 бірлік (2024 ж. - 964 бірлік),
- негізгі қызмет бойынша қала әкімінің өкімдері - 142 бірлік (2024 ж. - 168 бірлік).
Есепті кезеңде «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бөлімі бағыты бойынша.
2025 жылдың 12 айында қала әкімінің аппаратына және оның құрылымдық бөлімшелеріне барлығы 2159 өтініш түсті (жеке тұлғалардан - 1528, заңды тұлғалардан - 638).
Оның ішінде өтініштер - 1030 бірлік, шағымдар - 128 бірлік, хабарламалар, сұрау салулар, ұсыныстар - 1001 бірлік.
Олардың ең өзектілерін атап өту қажет:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 1508;
- жер ресурстары - 361;
- тұрғын үй беру - 212;
- және басқалар;
Ұжымдық өтініштер бойынша.
2025 жылдың 12 айында ұжымдық өтініштердің саны 164 бірлікті құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер көш бастады.
Азаматтарды қабылдау туралы.
2025 жылдың 12 айында қала әкімі және оның орынбасарлары қала бойынша 785 азаматты қабылдады.
2025 жылдың 6 айында лауазымды тұлғалардың өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарда 1 бұзушылық анықталды («Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де ҚР ӘПК 65-бабына сәйкес қайта бағыттау мерзімі бұзылған).
Әрбір мемлекеттік мекемеде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы деректер қоры мен есептің толықтығын қамтамасыз ететін, электрондық құжат айналымындағы базаны уақтылы толтыру үшін жауапты қызметкер бекітілген.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру тұрақты бақылауда.
Ақпараттық технологиялар бөлімі бағыты бойынша.
Қаланың жергілікті мемлекеттік органдары Мемлекеттік тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 49 түрін көрсетеді. Есепті кезеңде барлығы 5482 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде баламалы негізде 230 қызмет, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ арқылы - 1065 қызмет, электрондық түрде көрсетілгені - 4187 қызмет, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 2105 қызмет, «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы - 886 қызмет, көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 1196 қызмет.
Есепті кезеңде «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» және «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы зерделеу» мәселелері бойынша бес семинар-кеңес өткізіліп, халықпен 220 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, «Aqsham» қалалық телеарнасынан "Елге қызмет" атты 4 телебағдарлама түсіріліп көрсетілді («Сәтбаев қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - 1; «Сәтбаев қ. Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 2; «Сәтбаев қ. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ - 1).
4 онлайн «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді («Сәтбаев қ. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ; «Сәтбаев қ. Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ; «Сәтбаев қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ; «Сәтбаев қ. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ).
Қаланың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасалып, Egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға практикалық көмек көрсету үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Ақпараттық стендтер орналастырылды. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша БАҚ-та және әлеуметтік желілерде 22 жарияланым орналастырылып, 570-тен астам брошюра таратылды. Әлеуметтік желілерде басшылардың тікелей эфирлері өткізілетін, өзекті ақпарат орналастырылатын парақшалар ашылды.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облыстық филиалында есепті кезеңде 34 адам оқудан өтті.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне бақылау жасау мақсатында қала әкімінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №165р Өкімімен қаланың мемлекеттік мекемелерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде 2025 жылға арналған ішкі бақылауды жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес «Сәтбаев қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ішкі бақылау жүргізілді.
Қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп төрт мемлекеттік мекемеде («Сәтбаев қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ; «Сәтбаев қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ; «Сәтбаев қаласының Білім бөлімі» ММ; «Сәтбаев қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) мемлекеттік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізіліп, материалдар Қоғамдық кеңес отырысында қаралды.
Барлық мемлекеттік мекемелер жұмысында заңдар мен заңға тәуелді актілердегі барлық өзгерістерді ескере отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің барлық процестері бекітілген стандарттар мен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде «Е-лицензиялау» жүйесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзудың 2 дерегіне жол берілді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін бұзуға жол бергені үшін «Сәтбаев қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ басшысына әкімшілік айыппұл, «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» бөлімінің басшысына тәртіптік жаза салынды (2025 жылғы 05 желтоқсандағы №316р өкімі).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Ақпараттық технологиялар бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қаржы қызметі бөлімі бағыты бойынша.
«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржылық бөлігіне тексеру жүргізу кезінде мыналар анықталды:
2025 жылдың қаңтар - желтоқсан аралығында мекеменің қаржылық қызметін тексеру актілері болған жоқ.
«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 2025 жылға арналған «Жергілікті бюджет есебінен» шығыстар лимиті бойынша жергілікті бюджет есебінен 752 млн 729 мың теңге бекітілді.
Оның ішінде игерілді:
- мемлекеттік қызметшілер мен техникалық персоналдың еңбекақысы мен салықтарына - 263 млн 371 мың теңге;
- қосымша ақшалай төлемдерге - 87 млн 131 мың теңге;
- 5 бірлік мемлекеттік қызметтік автокөлікке отын және жағармай материалдарын сатып алуға - 3 млн 430 мың теңге;
- 5 бірлік мемлекеттік қызметтік автокөлікті міндетті сақтандыру жарналарына - 123 мың 700 теңге;
- ішкі іссапарлар мен қызметтік сапарларға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс іссапарлар мен қызметтік сапарларға, сондай-ақ техникалық персоналдың ішкі іссапарларына - 17 млн 578 мың теңге;
- өзге де негізгі құралдарды сатып алуға - 21 млн 997 мың теңге;
- коммуналдық қызметтерді төлеуге - 62 млн 684 мың теңге;
- байланыс қызметтеріне - 8 млн 057 мың теңге;
- ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерді төлеуге - 10 млн 767 мың теңге;
- басқа да қызметтер мен жұмыстарды төлеуге - 258 млн 537 мың теңге.
Игерілмеген сома 36 млн 344 мың теңгені құрады: «Жер Шары» ЖШС халықты құлақтандыру жүйелерін, дауыс зорайтқыштарды және ұқсас жабдықтарды орнату жөніндегі жұмыстарды орындау жөніндегі міндеттемелерін орындамауына байланысты мәселе сот тәртібімен қаралып, шарт бұзылды.
Үлкен залға күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға 1 млн 369 мың теңге игерілді.
Жалпыға ортақ әскери міндетті орындау шеңберіндегі іс-шараларға 65 млн 666 мың теңге бекітілді.
Оның ішінде игерілді:
- техникалық персоналдың еңбекақысы мен салықтарына - 24 млн 395 мың теңге;
- өзге де негізгі құралдарды сатып алуға - 829 мың теңге;
- байланыс қызметтеріне - 1 млн 692 мың теңге;
- көлік қызметтерін төлеуге - 6 млн 078 мың теңге;
- басқа да қызметтер мен жұмыстарды төлеуге - 32 млн 187 мың теңге.
Аудан (қала) ауқымында дала өрттерін және елді мекендердегі өрттерді алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде отын мен жағармай материалдарын сатып алуға 802 мың теңге игерілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақыны төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмысшыға тиісті кезең үшін оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жасалған ұсталымдар мен аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиіс ақшаның жалпы сомасы туралы жыл сайын (немесе ай сайын - ескерту) жазбаша немесе электрондық нысанда хабарлауға міндетті. Қызметкерлерге жалақының құрамдас бөліктері туралы ақпарат ай сайын беріледі.
Мемлекеттік-құқықтық бөлім бағыты бойынша.
1. Норма шығармашылық қызметін ұйымдастыру және НҚА жобалары мен құқықтық актілерге құқықтық сараптама жасау
Есепті кезеңде (2025 жыл) мемлекеттік-құқықтық бөліммен норма шығармашылық қызметін үйлестіру, актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, сондай-ақ оларды қабылдау және тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету тұрақты негізде жүзеге асырылды.
Сәтбаев қаласы әкімдігінің норма шығармашылық қызметін қамтамасыз ету шеңберінде 2025 жылғы кезең үшін әкімдік отырыстары мен қабылданған қаулылардың динамикасы келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Осы кезеңде қабылданған негізгі нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі - НҚА) (әкімдік қаулылары мен әкім шешімдері) төменде келтірілген:
2025 жылы - 423 (85% - Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, 15% - басқа бөлімдер) қаулы. Оның ішінде әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататындар - 1, барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша 1 тіркеліп, құқықтық баға берілді және түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
Мемлекеттік тіркеуге жататын барлық нормативтік құқықтық актілер белгіленген тәртіппен әділет органдарына жіберілді, сондай-ақ ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде және Сәтбаев қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында олардың ресми жариялануы қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №408 бұйрығымен мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілді. Кейіннен бұл тізбе Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №293 бұйрығымен жаңа редакцияда толықтырылып, мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің спектрі кеңейтілді. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдардың құқық шығармашылық қызметін жеделдетуге және әкімшілік рәсімдерді оңайлатуға бағытталды. Сондықтан 2025 жылы мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА саны едәуір азайды.
2025 жыл бойы мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамалық өзгерістерді түсіндіру мақсатында 6 семинар өткізілді.
Мемлекеттік сатып алу: мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың жаңартылған нормаларын түсіндіру;
Жергілікті мемлекеттік басқару: жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
Бюджет заңнамасы: бюджет заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру;
Жер қатынастары: жер қатынастары саласындағы заңнаманың жаңартылған нормаларын түсіндіру;
Тұрғын үй мәселелері: тұрғын үй қатынастары туралы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру;
Сот тәжірибесі және сот ісін жүргізу: сот құжаттарын, талап арыздар мен пікірлерді ресімдеу және жолдауға қойылатын негізгі талаптар.
2. Сот органдарында әкім мен қала әкімдігінің мүдделерін өкілдік ету және қорғау.
Сәтбаев қаласы әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатында мемлекеттік-құқықтық бөліммен Қазақстан Республикасының сот органдарында әкім мен Сәтбаев қаласы әкімдігінің мүліктік және өзге де заңды мүдделерін сот-құқықтық сүйемелдеу және қорғау қамтамасыз етілді.
Сот дауларының негізгі санаттары болып табылатындар: жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, тұрғын үй және жер даулары, мүлікті иесіз немесе коммуналдық меншікке түсті деп тану, сондай-ақ иеленушілік мерзімі күшімен меншік құқығын тану.
3. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын үйлестіру
Құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында мемлекеттік-құқықтық бөліммен Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұйымдастырушылық және ақпараттық-аналитикалық жұмысы қамтамасыз етілді.
Ведомствоаралық комиссиялардың 2025 жылғы жұмыс динамикасы келесі көрсеткіштермен сипатталды:
2025 жыл: Ведомствоаралық комиссияның 4 отырысы өткізіліп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары бойынша 12 мәселе қамтылды.
Ведомствоаралық комиссия отырыстарында отбасы-тұрмыстық қылмыстың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, есірткі қылмысының, интернет-алаяқтықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау нәтижелері тұрақты түрде қаралды. Комиссиялар отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар кешені әзірленіп, олардың орындалуы бөлімнің тұрақты бақылауында болды.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын үйлестіру
Мемлекеттік-құқықтық бөлімі Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастырушылық сүйемелдеуді және отырыстарын өткізуді қамтамасыз етті.
2025 жыл:
Ведомствоаралық комиссияның отырыстары: 4 отырыс өткізілді.
Қаралған мәселелер: 8 мәселе.
Хаттамалық тапсырмалар: толық көлемде орындалды.
Қорытынды:
1. Персоналды басқару
Оң аспектілері:
Кадрлық рәсімдердің заңдылығы: «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ штат саны 25 бірлікті құрайды (нақты - 24, бос жұмыс орны - 1). Мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қатаң сәйкес жүзеге асырылады. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстық қылмыстар жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері тіркелмеген.
Қызметті бағалау: 2025 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша аппараттың барлық 24 мемлекеттік қызметшісі «тиімді» нәтижелерімен қызмет бағалауынан өтті.
Профилактика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: Әдеп жөніндегі уәкілеттің қатысуымен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шаралары өткізіледі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардағы қызметкерлермен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізіледі.
Еңбек және әдеп тәртібінің сақталуы: 2025-2026 жылдардың ағымдағы кезеңінде еңбек тәртібінің, әдептілік нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің өрескел бұзылулары тіркелген жоқ.
Ұсынымдар:
Шарттар жасасу кезіндегі ашықтықтың болмау тәуекелі: Мемлекеттік қызметшілерді қабылдаудың қатаң регламентіне қарамастан, шарттар бойынша қызметкерлерді жалдау кезінде ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар, өйткені бұл процесс аз ашық болып табылады;
Субъективті фактор мен сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту үшін шарттар бойынша тартылатын қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың нақты, ашық рәсімдерін әзірлеу және енгізу;
Тәртіптік жазаларды қарау және алу рәсімдерінің белгіленген мерзімдері мен ашықтығының сөзсіз сақталуына басшылық пен кадр қызметі тарапынан ішкі бақылауды күшейту.
2. Кеңсе және құжат айналымы
Оң аспектілері:
Нормалар мен стандарттардың сақталуы: Кеңсе және құжат айналымы жұмысы белгіленген нормалар мен рәсімдерге қатаң сәйкес жүргізіледі. Есепті кезеңде (2025 жылдың 12 айы) «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметінің осы бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Құқықтық актілерді шығару динамикасы: Қабылданған құжаттардың көлемі жұмыс процесінің нақты қажеттіліктеріне сәйкес келеді және өткен жылмен салыстырғанда табиғи қысқарғанын көрсетеді:
Қала әкімінің шешімдері - 3 бірлік (2024 жылы - 5 бірлік);
Қала әкімдігінің қаулылары - 423 бірлік (2024 жылы - 964 бірлік);
Негізгі қызмет бойынша қала әкімінің өкімдері - 142 бірлік (2024 жылы - 168 бірлік).
Тәуекелдер анықталған жоқ.
3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
Оң аспектілері:
Іс жүргізу ашықтық пен өтініштердің есебін қамтамасыз ететін электрондық жүйеде жүргізіледі.
Өтініштерді қарау мерзімдері сақталады.
Ұсынымдар:
Тәуекелдер анықталған жоқ.
Өтініштерге, әсіресе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстары мәселелері бойынша уақтылы ден қоюды бақылауды күшейту қажет.
4. Ақпараттық технологиялар
Оң аспектілері:
Тәуекелдер анықталған жоқ.
Ұсынымдар:
Ақпараттық жүйелердің рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғалуының жоғары деңгейін қолдау қажет.
Жалпы қорытындылар мен ұсынымдар:
Жалпы алғанда, «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне уақтылы ден қоюға назар аудару қажет.
Тәртіптік жазалар процесін бақылау қажет.
5. Қаржы қызметі
Оң аспектілері:
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес қызметкерлерге ай сайын еңбекақының құрамдас бөліктері, жасалған ұсталымдар, зейнетақы жарналары және төленетін сома туралы ақпарат беріледі.
2025 жылға арналған шығыстар лимиті бойынша бюджет қаражаты мекеме қызметінің негізгі бағыттарына (еңбекақы төлеу, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, ЖЖМ сатып алу, іссапарлар және т.б.) игерілді.
Ұсынымдар:
Қаржылық тәртіпті, тексерулерді уақтылы жүргізуді, жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ бөлінген бюджет қаражатын тиімді әрі толық игеруді бақылауды күшейту қажет.
6. Мемлекеттік-құқықтық бөлім
Оң аспектілері:
Норма шығармашылық қызметі және құқықтық сараптама: 2025 жылы мемлекеттік-құқықтық бөліммен норма шығармашылықты үйлестіру, актілердің жобаларына құқықтық сараптама жасау және заңдылықты қамтамасыз ету тұрақты негізде жүзеге асырылды. Жыл бойы барлығы 423 қаулы қабылданды (оның ішінде 85% - жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бағыттары бойынша, 15% - басқа бөлімдер). Барлық актілер құқықтық бағадан өтті; тіркелуге жататын құжаттар әділет органдарына уақтылы жіберілді, сондай-ақ ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде және әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.
Түсіндіру жұмыстары және құқықтық оқыту: Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2025 жылы мемлекеттік сатып алу, жергілікті мемлекеттік басқару, бюджет заңнамасы, жер және тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ сот тәжірибесі мен сот ісін жүргізу бағыттары бойынша 6 тақырыптық семинар өткізілді.
Мүдделерді сот-құқықтық қорғау: Соттарда әкім мен қала әкімдігінің мүліктік және заңды мүдделерін тиімді сүйемелдеу және қорғау қамтамасыз етілді (негізгі санаттар: жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, тұрғын үй және жер даулары, мүлікті иесіз/коммуналдық деп тану және иеленушілік мерзімі күшімен меншік құқығын тану).
Ведомствоаралық комиссияларды үйлестіру: Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (4 отырыс өткізіліп, құқық бұзушылықтардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтықтың алдын алуды қоса алғанда, 12 мәселе қаралды) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (4 отырыс өткізіліп, 8 мәселе қаралды) жүйелі жұмысы ұйымдастырылды. Барлық қабылданған хаттамалық тапсырмалар толық көлемде орындалды.
Тәуекелдер анықталған жоқ.