Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп аймақ экономикасының басты қозғаушы күші болып табылады. Қалада 30-дан астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, онда 10,3 мыңнан астам адам қызмет атқарады, оның ішінде 3 қала құраушы кәсіпорын: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Q.I. SATBAEV ATYNDAGY JEZQAZGAN TAU-KEN ONDIRISI» Жезқазған және Жыланды кен орындарында мыс кенін өндіруді жүзеге асырады; «Қазақмыс Мэйтенанс Сервисиз» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында тау-кен техникасына сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырады»; «Қазақмыс Дистрибьюшин» ЖШС электр-жылу энергиясын беруді жүзеге асырады, ауыз су және ауыз суды тарату, кәріз қызметтерін көрсетеді.

Сәтбаев-Кеніш алаңында мыс кенін өндіру жүзеге асырылуда. Тау-кен шахталарына арналған компрессорлық қондырғылар, роликті тіректер, дайын металл бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары және тамақ өнімдері сияқты өнеркәсіптік өнімдердің түрлері шығарылады.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 114,5 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп (36,5 млрд. теңге) қаладағы инвестициялардың негізгі тұтынушысы болып табылады - бұл негізгі капиталға инвестициялардың 76,7% (47,6 млрд. теңге) құрайды.

Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібінде өнім шығару 714,3 млн. теңгені құрады. Осы саладағы кәсіпорын: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалы – «Q.I. SATBAEV ATYNDAGY JEZQAZGAN TAU-KEN ONDIRISI» Жезқазған және Жыланды кен орыдарында мыс кенін өндіруді жүзеге асырады. Мыс кенін өндіру көлемі 17,1 млн. тоннаны құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіп өндірісінде негізгі рөл атқарады, есепті кезеңде көлемі 91,1 млрд. теңгені құрады. Мамандандыру салалары: машина жасау, дайын металл бұйымдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп өндірісі, тамақ өнеркәсібі болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы тауашалардың бірін тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, атап айтқанда, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі бойынша «Устай» ЖК, минералды су өндірісі «Сатпаевский завод минеральных и фруктовых вод» ЖШС және шағын наубайханалар.

Жеңіл өнеркәсіп тоқыма бұйымдарын өндіретін және киім өндіретін кәсіпорындармен ұсынылған. «Серебрянная нить» ЖШС, «Қазақстандық зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС кіші саланың кәсіпорындары болып табылады.

Машина жасау саласында «Қазақмыс Мэйтенанс Сервисиз» ЖШС, «Казцентрналадка» ЖШС, «Рудсервис К» ЖШС «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС объектілерінде өнеркәсіптік қызметтер көрсетеді.

Қала аумағында электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласы Электр энергиясын бөлу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС-мен және жылу энергиясын өндіру және беру бойынша кәсіпорындармен және «Сәтбаев жылу сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-мен ұсынылған. Электрмен жабдықтау саласының көрсеткіші 19,8 млрд. теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 17,3% - ды құрады.

Сумен жабдықтау саласы; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 2,9 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы – 2,5%. Осы саладағы негізгі кәсіпорын табиғи суды өндіруді және бөлуді және кәріз бойынша қызметтерді жүзеге асыратын «Сәтбаев жылу сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС болып табылады.

Есепті кезеңде негізгі капиталға 47,6 млрд. теңге инвестицияланды, оның ішінде жеке инвестициялардың үлесі – 88,9% (42,3 млрд. теңге), бюджет қаражаты – 11,1% (5,3 млрд. теңге). Өнеркәсіп саласының негізгі капиталына инвестициялар көлемі – 36,5 млрд. теңгені құрады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы