Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Внутренняя и молодежная политика

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы

 

Соңғы санаққа байланысты Сәтбаев қаласында жастар саны: 19519. Ерлер саны: 9897, әйелдер саны: 9575 құрайды. Жас санаты бойынша ең үлкен бөлігі 18-бен 35 жасқа дейін, бұл жастардың жалпы санының 50% құрайды. Оқушылар – 9853.

Жастарды жұмыспен қамту бойынша. Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып тоқсанына 1 рет бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Соңғы мәліметтерге байланысты Сәтбаев қаласының мансап орталығына 1536 жұмыссыз жастар жүгінген, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың саны – 751 адам, уақытша жұмыс орындарына қоғамдық жұмысқа – 80 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 9 адам, жастар тәжірибесіне – 67 адам, алғашқы жұмыс орнына – 47 адам жұмыспен қамтылды.

 Сонымен қатар, жоспардан тыс 8 тамыз күні Сәтбаев қаласының мансаптық орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек Fest’24» атты Республикалық жастар бос жұмыс жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс іздеген азаматтарға 33 жұмыс берушіден әр түрлі салада 140 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 11 адам тұрақты жұмыстарға жолдама алды, алғашқы жұмыс орны бағдарламасы бойынша 2 адам, қоғамдық жұмыстарға 1 адам жіберілді.

Жас отбасылар мен жастарды тұрғын үймен қамту бойынша. Сәтбаев қаласы бойынша 2023 жылы ата-ана қамқорлығынан тыс қалған 2 балалаға пәтер кілттері табысталды. Қазіргі таңда үй кезегінде 288 ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балалар тұр.  Сонымен қатар, 512 жас отбасы үй кезегіне өтініш берген.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарылған жұмыстар бойынша.

Сәтбаев қаласының пробация қызметінің есебіне сәйкес 14-35 жас аралығында сотталған азаматтардың жалпы саны 65. Пробация есебінде тұрған азаматтарға оңалту іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Оның ішінде 2 сотталған азамат сотпен жүктелген міндеттерін орындамағаны үшін бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қазіргі таңда жұмыссыз жүрген 3 сотталған азамат бар, олармен жұмысқа тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

Жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша. Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, істерін дамытуға көмек көрсету мақсатында қала әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты гранты ұйымдастырылды. 

2024 жылға жалпы 30 000 000 млн. теңге бөлініп, комиссия шешеімімен жас кәсіпкерлерге 10 грант үйлестірілді.  Құжат 5 бағыт бойынша қабылданды.

 

Мәлімет үшін:

Гранттар 5 бағыт бойынша қарастырылды:

1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

2) «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

4) «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

 

Жастар ресурстық орталығы жұмысы бойынша.

Жалынды жастар коворкинг орталығында 3 жастар клубы жұмыс атқарды.  Жас «Кәсіпкерлер клубы»,  «Дебатный клуб», «12 кітап» . Қазіргі таңда  жастар арасында 280 –ге жуық жастар осы 3 клуб  аясында  жұмыс атқаруда.

Жалпы жастар ресурстық орталығының жылдық жұмыс жоспарына байланысты 2024 жылы 30 100 000 тг  қаражат  бөлінді.         

Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша әскери-патриоттық, экологиялық мәдениет, салауатты өмір салты, жастар кәсіпкерлігін дамыту, мәдени, спорттық бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жастарға Қазақстандық патриотизм, Қазақстанның Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында Рәміздер күні қарсаңында автошеру және қала тұрғындары арасында блиц-сауалнама жүргізілді.

Жастардың жазғы уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жасыл ел» жасақтары құрылып, 3 ай көлемінде жұмыс атқарды. Қамтылған бала саны: 156, Бөлінген қаражат: 18 100 000

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша Жастар арасында «Жазғы спартакиада 2024» спорттық жарыстары өтті. Қамтылған адам саны 200 шамасында. Бөлінген ақша: 3 000 000 тг. Сонымен қатар, түрлі нашақорлыққа, алкаголь өнімдеріне қарсы акциялар тұрақты түрде өткізілуде.

Қала жастарына арналған «Дарабоз» зияткерлік ойыны өткізілді. Бөлінген қаражат: 2 000 000.

Сонымен қатар, қала жастары сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында Киберспорт жарысы өткізілді. Бөлінген қаражат құны: 2 000 000.

Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сенбі күндері ашық аспан астындағы кино, сенбілік концерт, көңілді тапқырлар (КВН) ұйымдастырылды. Жастардың алаяқтарға ұрынып қалмау және лудоманияның алдын алу  мақсатында ЖОР волонтерлерінің қатысуымен жаднамалар тарату жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Коворкинг орталығында тұрақты түрде қала жастарымен әр-түрлі интелектуалды ойындар жүргізілуде.

Документы
Ақпарат
22 января 2026
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы және 2025 жылы Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығы жүзеге асырған жұмыстар туралы
Новости
Полезные материалы
«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеменің қала әкімімен бекітілген қалалық бюджеттен қаржылдандырылатын 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы
Внутренняя и молодежная политика
Қоғамдық кеңес
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы