«Разведка твердых полезных ископаемых с извлечением горной массы и перемещением
почвы для целей оценки ресурсов твердых полезных ископаемых» "NICE LAND"
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің көзделіп отырған қызмет туралы өтініш бойынша
ұсыныстар мен ескертулердің жиынтық кестесі
Жиынтық кесте жасалған күні: 18.04.2025 ж.
Жиынтық кесте жасалған орын: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, бульвар Ғарышкерлер 15,
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаменті» РММ
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның атауы: «Ұлытау облысы бойынша
экология департаменті» РММ
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинау туралы хабарланған
күн: 19.03.2025 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын беру мерзімі: 19.03.2025 ж. –
08.04.2025 ж.
Мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын жинақтау:
№ Мүдделі мемлекеттік орган
және жұртшылық
Ескерту немесе ұсыныстар
Ескерту немесе
ұсыныс қалай
ескерілгені
немесе ескерту
немесе ұсыныс
ескерілмегені
туралы
мәліметтер
1. «Ұлытау ауданы
әкімінің аппараты» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар
мен ескертулер ұсынылған жоқ.
2. «Ұлытау облысының Табиғи
ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасы» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар
мен ескертулер ұсынылған жоқ.
3. ҚР ӨжҚМ ҚПҚ бойынша жер
қойнауын пайдалану
департаменті
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар
мен ескертулер ұсынылған жоқ.
4. «Су ресурстарын пайдалануды
және қорғауды реттеу
жөніндегі Нұра-Сарысу
бассейндік
инспекциясы» РММ
Сіздің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 2-02-05/3117 шығыс
хатыңызға сәйкес, «NICE LAND» ЖШС-нің нысаны
бойынша: Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы
лицензиялық учаскеде барлау жұмыстарын жүргізу туралы
өтініштің көшірмесін қарастыру жөніндегі сұранысыңызды
қарап, «Нұра-Сарысу» су ресурстарын реттеу, қорғау және
пайдалану жөніндегі бассейндік инспекциясы (бұдан әрі –
Инспекция) келесіні хабарлайды:
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 40-бабына сәйкес,
Инспекция су объектілерінде, су қорғау аймақтарында және
белдеулерінде кәсіпорындар мен өзге де құрылыстарды
орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және өзге де
жұмыстарды жүргізу шарттарын келісуге құқылы.
Ұсынылған материалдарға сәйкес, қаралып отырған учаске
Ушсай өзенінің саласында орналасқан. Бүгінгі таңда бұл су
объектісіне су қорғау аймақтары мен белдеулері
белгіленбеген.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабының 8-
тармағына сәйкес, су объектісінің жағалық сызығынан бес
жүз метр шегінде орналасқан жер учаскелері су қорғау
аймақтары мен белдеулерінің шекаралары белгіленіп, оларды
шаруашылықта пайдалану тәртібі бекітілгеннен кейін ғана
беріледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың,
мемлекеттік орман қорының жерлерін, балық шаруашылығы
ұйымдарын орналастыру және пайдалану үшін берілетін
жерлер бұл ережеден тыс қалады.
Жағалық сызықты анықтау тәртібі су қорғау аймақтары мен
белдеулерін белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленеді,
оларды су қоры, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы
уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының Су заңнамасына сәйкес, атап
айтқанда:
• ҚР Су кодексінің 125-бабы: су қорғау белдеулерінде су
объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін
нашарлататын (ластау, қоқыстау, сарқылу) шаруашылық
және өзге де қызметке тыйым салынады; топырақ пен шөп
жамылғысын бұзатын (оның ішінде жер жырту, пайдалы
қазбаларды өндіру) жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді,
сондай-ақ, су қорғау аймақтарында жергілікті атқарушы
органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен,
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы
саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі
органдармен белгіленген тәртіппен келісілген жобаларсыз
ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникацияларды және
өзге де нысандарды қайта жаңғыртуға, құрылыс, түбін
тереңдету және жару жұмыстарын, пайдалы қазбаларды
өндіруді, кабельдер мен құбырларды төсеуді, бұрғылау, жер
қазу және басқа да жұмыстар жүргізуге тыйым салынады;
• ҚР Су кодексінің 120-бабының 2-тармағы: ауыз сумен
жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы
мүмкін жерасты су көздерінің кен орындары мен учаскелері
шегінде жер қойнауын пайдалануға байланысты
операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Ушсай өзенінің саласында
су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленіп,
бекітілгеннен кейін және лицензиялық аумақ шекаралары
аталған Су заңнамасының талаптарына сәйкестендірілген
жағдайда ғана Инспекция тарапынан жұмыстарды жүргізуге
келісім берілуі мүмкін.
Қосымша хабарлаймыз: жерүсті немесе жерасты су
көздерінен су алу, сондай-ақ ағынды суларды ағызу үшін ҚР
Су кодексінің 66-бабына сәйкес арнайы су пайдалану
рұқсатын рәсімдеу қажет.
5. «Ұлытау облысы бойынша
орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясы» РММ
Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы (бұдан әрі –
Инспекция) жоғарыда көрсетілген хатыңызға сәйкес өз
құзыреті шеңберінде қарастыра отырып, төмендегідей
хабарлайды. «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК-
ның 03.03.2025 жылғы № 04-0205/532 жауабына сәйкес,
аталған аумақ мемлекеттік орман қоры мен заңды мәртебесі
бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінен тыс жерде
және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның 03.03.2025 жылғы
№13-12/502 жауабына сәйкес, бұл аумақ Республикалық
маңызы бар «Андасай» мемлекеттік табиғи қаумалының
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлеріне
кірмейтіні, сонымен қатар сирек кездесетін құстардың
(дуадақ, безгелдек, бұлдырық) кездесетінің және
ақбөкендердің маусымдық қоныс аудару жолдары болып
табылатының хабарлайды. Жоғарыда көрсетілген
ақпараттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының
Экологиялық кодексінің 240, 241, 242, 245, 246, 257, 260, 262,
263, 266 баптарына сәйкес «Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануарлардың
сирек кездесетін түрлерінің және жабайы жануарлардың
көші-қон жолдарының барлау аумағында болған жағдайында
биоәртүрлілікті сақтау және оларды жоғалту кезінде өтемақы
төлеу жөніндегі шаралар әзірленуге тиіс. Олардың тізбесі
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 17-
баптарында айқындалған.
6. «Ұлытау облысының ауыл
шаруашылығы және жер
қатынастары
басқармасы» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар
мен ескертулер ұсынылған жоқ.
7. «Ұлытау облысының
ветеринария
басқармасы» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар
мен ескертулер жоқ.
8. «Ұлытау облысының
мәдениет, тілдерді дамыту
және архив ісі
«Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив
ісі басқармасы» ММ келіп түскен хатыңызды қарап, келесіні
хабарлаймыз. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және
басқармасы» ММ пайдалану туралы" ҚР Заңының 30бабының (2019 жылғы 26
желтоқсан № 288-VІ) талаптарына сәйкес жер учаскелері
бөлінгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау
бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Тарихи-мәдени
сараптаманы Қазақстан Республикасының Ғылым туралы
заңнамасына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерінде
және (немесе) археологиялық жұмыстарда ғылыми-
реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру, сондай-ақ
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектісін аккредиттеу жөніндегі қызметке лицензиясы бар
жеке заңды тұлғалар жүргізеді (36-бап, 2-т.). Тарих және
мәдениет ескерткіштерінің болуы туралы актілер мен
қорытындылар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен
кейін беріледі. Тарихи-мәдени сараптама тапсырыс беруші
мен сарапшы арасында тарихимәдени сараптама жүргізуге
келісімшарт жасасу арқылы жүзеге асырылады. Тарихи-
мәдени сараптама келісімшартта көзделген, бірақ тапсырыс
берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік
отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Рег.№ 2-02-05/3863 Рег.дата 02.04.2025 Копия электронного
документа. Дата: 16.04.2025 17:58. Версия СЭД:
Documentolog 7.22.2. Положительный результат проверки
ЭЦП
(Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 99 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020
жылғы 22 сәуірде № 20452 болып тіркелді.)
9. «Ұлытау облысының
санитарлық-
эпидемиологиялық
бақылау департаменті» РММ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның өмір
сүру ортасы мен денсаулығ ына әсер ету объектілері болып
табылатын объектілердің санитариялыққорғаныш
аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық қағидалары талаптарын, «Адамға
әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық
нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы №
ҚР ДСМ-15 бұйрығының талаптарын және Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020
жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен
бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға,
пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға,
сақтауға және көмуге қойылатын
санитариялықэпидемиологиялық талаптар» санитариялық
қағидаларының талаптарын сақталуын ұсынады. Қазақстан
Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ
«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» 91 бабының 1
тармағына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік
актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке
(әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылысыз.
10. «Ұлытау облысының
кәсіпкерлік және өнеркәсіптік
басқармасы» ММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар
мен ескертулер жоқ.
11. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Комитетінің Ұлытау облысы
бойынша департаменті» РММ
Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар
мен ескертулер ұсынылған жоқ.
12. «Ұлытау облысы бойынша
төтенше жағдайлар
департаменті» ММ
Сіздің, 26.03.2025 жылғы шығыс 2-02-05/3117-и хатыңызға
«ҚР ТЖМ Ұлытау облысының төтенше жағдайлар
Департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы»
келесіні хабарлайды, Қазақстан Республикасының «Жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы
27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ Кодексінің 216 бабын,
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы»
2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңының 78-бабы қауiптi
өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және
жоюға арналған жобалау құжаттамасын келiсу және осы
қызмет түрі үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басқа
да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу
қажеттігі туралы хабарлайды және Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
«Азаматтық қорғау туралы» Заңы 77-бабына сәйкес, "NICE
LAND" жауапкершілігі шектеулі қоғам қауіпті өндірістік
объект ретінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде
есепке қойылсын.
13. «Ұлытау облысы бойынша
экология департаменті» РММ
1. Жобалаудың келесі сатысында (Қоршаған ортаға әсер ету
мүмкіндіктері туралы есеп) Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021
жылғы 26 қазандағы №424 бұйрығымен бекітілген Қоршаған
ортаға әсерді бағалауды ұйымдастыру және жүргізу
жөніндегі нұсқаулықтың 2-қосымшасында белгіленген
барлық тармақтар қамтылуы тиіс.
2. Жақын орналасқан елді мекендерге дейінгі
қашықтық көрсетілуі қажет.
3. Өтінімде тау жыныстарын автокөлікке
экскаватормен тиеу және жобалаудың келесі кезеңінде
тасымалдау арқылы көлбеу қабаттармен ашық тәсілмен
өндіру жүйесі көзделген, бұл ретте тасымалдау қашықтығы,
пайдаланылатын жолдардың сапасы (жабындысы) және тау-
кен массасының қайда шығарылатыны көрсетілуі тиіс.
4. Көзделіп отырған қызмет түрінің мақсатына
баламалы жету жолдарының (таңдау нұсқаларының)
сипаттамасы берілуі қажет.
5. Жобалаудың келесі сатысында барлық
пайдаланылатын жолдарда шаңдануды азайту, жаңа
жолдардың пайда болуына жол бермеу немесе жол
жабындысынан шығатын шаңды азайтуға арналған өзге де іс-
шаралар көзделуі тиіс (ҚР Су кодексінің 123-бабына сәйкес).
6. Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде шаңдануды азайту
бойынша іс-шаралар, автокөлік кузовын жабу немесе
тасымалдаудың таңдалған нұсқасына сәйкес ұсынылған
(мысалы, биг-бег қаптар) шаралар көрсетілуі қажет.
Жолдарда шаңдану болған жағдайда қоршаған ортаға
қауіпсіз байланыстырғыш заттар қолданылуы тиіс
(қауіпсіздік паспорттары бар және ҚР Индустрия және
құрылыс министрлігінің тізіліміне енгізілген). Сондай-ақ
барлық тау-кен жұмыстары, орналастыру (бар қоймада),
ТМО-ны (тау-кен массасы) жылжыту барысында суаруды
қамтамасыз ету қажет.
7. Жобалаудың келесі сатысында өндірудің
технологиялық сипаттамалары (материалдың ірілігі,
қаттылығы, ылғалдылығы), баламалы технологияны таңдау
және іс-шараларды негіздеу көрсетілуі тиіс.
8. Жанармай құю және техниканы жөндеу бойынша іс-
шаралар арнайы жабдықталған немесе мамандандырылған
орындарда (СТО) ғана жүргізілуі қажет.
9. Автокөліктерді немесе олардың бөлшектерін жуу
бойынша шаралар қарастырылмаған, бұл барит аймағынан
доңғалақтармен шаң шығарудың алдын алуға қажет.
10. Жобалаудың келесі сатысында объектіні кейінгі
кәдеге жаратудан кейінгі сипаттамасы көрсетіліп,
рекультивация мен жою бойынша шешімдер нақтылануы
тиіс.
11. Жобалаудың келесі сатысында ТМО үйіндісінің
жалпы көлемі көрсетілуі қажет.
12. Атмосфера, ауа, топырақ, өсімдік жамылғысы,
жануарлар дүниесі және т.б. бойынша фондық зерттеулер
жүргізу (инженерлік-геологиялық, гидрологиялық,
геоэкологиялық ізденістер) көзделуі тиіс. Сондай-ақ
рекультивацияны есепке алу және жоспарлау мақсатында
барлық жолдар бейнеленген шолу картасы ұсынылуы тиіс.
13. ТМО өңдеу кезінде жер қойнауын пайдаланудың
салдарын кезең-кезеңмен жою қарастырылуы тиіс. Жаңа
үйінділер үшін учаскені гидрооқшаулау, толық
шаңсыздандыру іс-шараларын қамтамасыз ету қажет (ҚР ЭК
397-бабы 1-тармағына сәйкес). Бұрынғы учаскелерде ластану
тереңдігі зерттеліп, тазалау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
14. Ерітінді суының бағытының карта-схемасы
ұсынылмаған, қар еріген кездегі су жинау орны, жаңбыр
суын ағызу, тазалау және оны шаруашылық айналымға тарту
туралы ақпарат пен 2024 жылғы деректер негізінде селден
қорғау деңгейі көрсетілуі қажет. Сондай-ақ бөгет бұзылған
жағдайда экологиялық қауіптің алдын алу шаралары
қарастырылуы тиіс (ҚР ЭК 13-бабы 5-тармағы, 66-бабы 4-
тармағы, 72-бабы 4-тармағы 8-тармақшасы).
15. Техникалық және биологиялық рекультивацияға
жататын бүлінген жерлердің нақты ауданы көрсетілуі тиіс.
Барлық объектілер (технологиялық жолдар, үйінділер және
т.б.) есепке алынып, ҚР Кодексінің 238-бабы талаптарына
сай рекультивация шаралары қарастырылуы қажет.
16. Атмосфералық ауаны қорғау, соның ішінде барлық
жою кезеңдерінде шаңды басу шаралары ескерілуі тиіс.
17. Автокөлік қолданылатыны көрсетілгендіктен,
атмосфералық ауаны қорғау бойынша экологиялық талаптар
орындалуы тиіс (ҚР ЭК 208-бабы).
18. Бүлінген учаскелерде топырақтың құнарлы қабатын
қалпына келтіру шаралары ҚР ЭК 238-бабы талаптарына сай
көзделуі тиіс.
19. Рекультивациялық жұмыстар кезінде шөп
жамылғысын құру уақыты мен төмен өнгіштік байқалатын
учаскелерде қосымша себу қажеттілігі ескерілуі тиіс.
20. Көгалдандыру үшін техникалық сападағы судың
көздері туралы ақпарат көрсетілуі қажет.
21. ҚР ЭК 72-бабы 4-тармағы 1-тармақшасына сәйкес,
қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды орналастыру
орындары туралы ақпарат берілуі тиіс. Қалдықтар берілетін
кәсіпорындар туралы ақпарат та көрсетілуі қажет.
22. Барит өндірісінің қалдықтарын өндіруге байланысты,
қалдық құрамы, шаң қалыптастыру бойынша нормалау
кезінде эмиссияны, қауіпті элементтердің құрамын және
төлемдерді есепке алу мақсатында бөлу жүргізілуі қажет.
23. ҚР ЭК 186-бабына сәйкес, мониторинг
бағдарламасы, оның ішінде операциялық мониторинг
әзірленуі тиіс.
24. Жобалаудың келесі сатысында:
• шаң мен газ шығарындысын азайтуға арналған
құрылғылар мен әдістер қолданылуы тиіс;
• техника, агрегаттар жарамды күйде болуы тиіс,
қолданылмайтын қозғалтқыштар сөндірілуі тиіс;
• автокөлік катализаторларын пайдалану мерзімі өткен
жағдайда ауыстыру көзделуі қажет.
25. Автотранспорттың шығатын газдарын және арнайы
техниканың (самосвалдар, экскаваторлар, тиегіштер) түтін
деңгейін бақылау күнделікті жүргізіліп, журналға тіркелуі
тиіс. Артық түтінмен жүрген көлік құралдарының жолға
шығуына жол берілмеуі тиіс.
26. ҚР ЭК 211-бабы 2-тармағын сақтау мақсатында,
экологиялық нормативтер бұзылған немесе бұзылуы мүмкін
апаттық жағдай туындаған жағдайда, объект операторы 2
сағат ішінде уәкілетті органға хабарлап, қоршаған ортаға
теріс әсердің алдын алу және салдарын жою бойынша
шаралар қабылдауы тиіс.
27. Қоршаған ортаның ластануын (жер, ауа және су
ресурстары) болдырмау немесе салдарын жою бойынша
апаттық жағдайларға арналған іс-қимыл жоспары әзірленуі
қажет.
28. ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға
және адам денсаулығына әсер ететін объектілерге арналған
санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық
ережелерінің 50-тармағына сәйкес:
• IV және V қауіпсіздік сыныптарына жататын
объектілер үшін СҚА көгалдандыру үлесі — кемінде 60%;
• II және III сыныптар үшін — кемінде 50%;
• I сынып үшін — кемінде 40% және тұрғын аймақ
жағынан ағаш-бұта отырғызу жолағы міндетті.
Егер бұл талаптар орындалуы мүмкін болмаса (тығыз
құрылыс немесе шөл/жартылай шөл аймақтар), СҚА
жобасында негіздеме келтіріле отырып, бос аумақтарды және
жақын маңдағы елді мекендердің аумағын көгалдандыруға
болады. Жобада СҚА нақты параметрлері (га-мен ауданы,
көгалдандыру % және тіршілік ету деңгейі) көрсетілуі тиіс.
Жасыл желектермен қамтамасыз ету мерзімі — 3 жыл ішінде
орындалуы қажет және қорытынды экологиялық сараптамаға
енгізілуі тиіс.
29. ҚР ЭК 238-бабы 1-тармағына сәйкес, жер
пайдаланушылар топырақты ластауға, қоқыстауға, тоздыруға
және құнарсыздандыруға жол бермеуі тиіс, қажет болған
жағдайда құнарлы қабатты алып, сақтау міндетті.
30. ҚР ЭК 222-бабы 12-тармағына сәйкес, қалдықтарды
ашық су объектілеріне ағызуға тыйым салынады.
31. Жобалаудың келесі кезеңінде ҚР ЭК 320-бабы 2-
тармағы талаптары ескерілуі тиіс. Уақытша қалдықтар жинау
орындары:
• жинақталған қалдықтарды 6 айдан аспайтын
мерзімге мамандандырылған ұйымдарға тапсыруға дейін
сақтау;
• қауіпті емес қалдықтарды 3 айдан аспайтын мерзімге
уақытша жинау (контейнерлерде, сұрыптау станцияларында);
• қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру
орындарында 6 айдан аспайтын мерзімге сақтау.
14. Жұртшылық Белгіленген қызметке қатысты осы жоба бойынша ұсыныстар
мен ескертулер ұсынылған жоқ.