Мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қаулы №54/02,  19.12.2024

 

           Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84, 85, 86, 87, 88 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63 бабына, «ҚазАвтожол» АҚ-ның 2023-2032 жылдарға арналған Даму жоспарына (ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №1130 санды қаулысы), Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін 2030 жылға дейін дамыту (ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №1116 санды қаулысы), және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Бектеновтың «Автомобиль жолдары саласын дамыту туралы» 09.07.2024 жылғы №21 хаттамасына сәйкес, «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» Республикалық маңызы бар автомобиль жолының 12-424 шақырымын (Қызылорда-Жезқазған» автокөлік жолы) реконструкциялау жоспарлануына байланысты  Ұлытау  ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес, жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң мәжбүрлеп иеліктен шығару күнінің бастау күні болып белгіленсін.
  3. «Ұлытау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында қарастырылған осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер пайдаланушыларға мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдері алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
  4. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 22 мекенжайдағы «Ұлытау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлассын.

 

 

 

  1. «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының әділет органдарында тіркелуін, ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.
  2. «Ұлытау ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуы аудан әкімінің орынбасары Сакипов Алмат Қайратұлына жүктелсін.
Дата публикации
19 декабря 2024