04 қыркүйек 2024 жылғы Ұлытау аудандық
референдум комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ №3
05 қыркүйек 2024 жыл Ұлытау селосы
Қатысқандар: М.Ахметов
А.Дюсенбаев
С.Шагирова
Г.Ауганова
А.Абилова
М.Базылов
Е.Айтбек
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Ұлытау аудандық референдум комиссиясының 6 қазан 2024 жылғы өтетін Республикалық референдумға дайындығы туралы.
2024 жылғы 06 қазанға тағайындалған Республикалық референдумға дайындықты саралау мақсатындағы аудандық референдум комиссиясының отырысында, комиссия төрағасы М. Қ. Ахметов баяндама жасады.
Ол, Республикалық Референдум өткізілуіне байланысты, дайындық жұмыстарын жүргізу барысында алғашқы атқарылатын негізгі жұмыстарды атап өтті. Біріншіден, Ұлытау аудандық әкімдігімен бірлесе отыра сайлаушылар тізімін анықтау. Яғни, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімімен бірлескен жұмысты өткізуді комиссия хатшысы С.Шагироваға тапсырды. Екіншіден референдумды ақпараттандыру жұмыстары. Оның ішінде аудандық газет бетіне, аудан әкімдігінің сайтына Республикалық референдумды тағайындау туралы ҚР Президентінің жарлығы, референдум учаскелерінің шекаралары, комиссия құрамы туралы мәліметтерді енгізуді, аудан орталығы мен елді мекендерде билбордтар орнатуды күнтізбелік жоспардағы мерзімге сәйкес орындауды тапсырды. Келесі мәселе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды референдум өткізілетін күні дауыс беруге, қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, оларға ыңғайлы да, қолайлы қызмет көрсету. Бұл бағыттар бойынша учаскелік референдум комиссияларымен бірлескен жұмыстардың жүргізілуі нәтижесінде, кейбір жетіспейтін құрал жабдықтар толықтырылып, дайындықтың жедел іске асырылып жатқандығы атап өтілді. Сонымен қатар, аудандық және учаскелік референдум комиссиясының мүшелерімен Республикалық референдумды өткізуді айқындайтын тиісті ҚР Заңнамлары бойынша оқу сабақтары өткізіледі.
Барлық орындалатын іс шаралар Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарында көрсетілген мерзімдерде атқарылуы тиіс.
Аудандық референдум комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары мен комиссия мүшелеріне референдумға дайындық барысындағы әр бағыттағы функционалдық міндеттерін айқындап тапсырды.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Қ.Ахметов
Хатшысы С.Н.Шагирова