Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 бабы 11 тармағы, 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Ұлытау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 11 қазандағы №01/69 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 632-бабының талаптарын бұзғаны үшін, Ұлытау ауданы әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың тіркеу туралы шешімінің күші жойылғанын хабарлаймыз
Ермағанбетұлы Марғұлан, 29.11.1981 жылы туған, Астана қаласы, «BasQary» қоғамдық қорының директоры, өзін-өзі ұсынушы
Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы