Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы

2023 жылғы 11 маусымда Ұлытау ауданы Аманкелді, Ұлытау, Терісаққан ауылдық округтері әкімінің сайлауы өтті.

Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ұлытау ауданы Аманкелді, Терісаққан,Ұлытау ауылдық округтері әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын төмендегідей белгіледі:

Аманкелді ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша: 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 238 азамат еңгізілді, оның 172 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны- 0  Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: . Әбдірайым Е.М – 3; Байжантаев Б.Т – 161; Дукембаев -8.

Аманкелді ауылдық округінің әкімі болып Байжантаев Бухар Тилеулиевич сайланды, 1975 жылы туған, Сарлық ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.

Терісаққан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша: 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 209 азамат еңгізілді, оның 147 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –0. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:  Адилбеков Ж.И– 60; Рахмания А.Р– 0; Ускенбаев Ж.Г –86 .

Терісаққан  ауылдық округінің әкімі болып Ускенбаев Жантуре Газизович сайланды, 1991 жылы туған, Терісаққан ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.

Ұлытау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша: 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1748 азамат еңгізілді, оның - 1237дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Андагулов Т.К -215; Танабаев Е.А – 193; Абжаппаров Т.М- 829.

Ұлытау ауылдық округінің әкімі болып Абжаппаров Талгат Мусылманбекович сайланды, 1974 жылы туған, Ұлытау ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы ұсынған.

Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 июня 2023