Ұлытау ауданында 2022 жылдың IV-тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөнінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Ұлытау ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 42 түрі көрсетіледі.
2022 жылдың ІV тоқсаны бойынша аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелермен 2934 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: қағаз түрінде 0 (0%) қызмет, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 279 (12,2%), қызмет веб-портал арқылы немесе ХҚКО арқылы көрсетуге болатын, бірақ қағаз түрінде 147 (5,8%) қызмет, электрондық форматта 1172 (75,4%) мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда электронды түрде көрсетілетін қызметтер саны 32,3%-ға артқан.
Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерге 2021 жылдың 13 желтоқсандағы №12б бұйрығы негізінде 2022 жылға арналған жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарына, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша 2022 жылдың ІV тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсететін 1 мемлекеттік мекемеге ішкі бақылау жұмыстары жүргізді. Ішкі бақылау кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ 2022 жылдың 01 қарашасында №KZ14RVX00591755 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі Ұлытау ауданы Сарысу ауылдық округі әкімі аппаратымен өтінішті 21 жұмыс күніне кешіктіріп, 2022 жылдың 1 желтоқсанында №KZ10VVX00173266 тіркелген.
Өтініштін уақытылы тіркелмеу себебі Е-лицензия орнатылған компьютер істен шығып жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен кешіктіріліп қаралған.
Осыған сәйкес қызметтік тексеріс жүргізіліп ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің хаттамасы бойынша Сарысу селолық округі әкіміне әкімшілік айыппұл салынды.
Есептік мерзімде қызмет алушылардан қызмет көрсету сапасына арыз, шағым түскен жоқ.
Ұлытау ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық техналогияларды дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, қаржы және шаруашылық бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында өтініштердің мерзімдері тұрақты түрде қатаң бақылауға қойылды. Электронды қызметтердің мерзімдері «ИИС ЦОН АРМ МОНИТОРИНГ» жүйесі арқылы қадағаланып отыр.
Аудан әкімдігі тарапынан халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен бірлесіп халықты электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді барынша электрондық түрде алудың тиімділігін кеңінен насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Ұлытау ауданында мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында мемлекеттік органдардың әлеуметтік парақшаларында (Facebook, Instagram) және мессенджерлерінде (WhatsApp, Telegram) бейнероликтер орналастырылып, баннерлер орнатылып, «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің жұмысын бағалауға мүмкік беретін «Digital agent» мобильді қосымшасын танымал ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
Халыққа мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін қажетті жағдайлар жасалған, яғни, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стендтермен жабдықталған "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары" ұйымдастырылған. Ол жерде аппарат қызметкерлері тарапынан әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ Мобильдік ХҚКО ұйымдастырылған. Олар жергілікті жерлерде мемлекеттік қызмет көрсетеді. Шығу кестесі тоқсан сайын бекітіледі, одан әрі жұмысты ұйымдастыру үшін ауыл, кент, ауылдық округ әкімдіктеріне жолданады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіне тартылған қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қызмет алушылардың шағымдары мен бұзушылықтарын болдырмау бойынша оқыту іс-шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және қатаң бақылауда.
Ұлытау ауданы әкімі аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету,
ақпараттық техналогияларды дамыту,
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау,
қаржы және шаруашылық бөлімінің бас маманы А.Едилбаев