Ұлытау облысы Ұлытау аудандық сайлау комиссиясының № 9 ШЕШІМІ Ұлытау селосы 03 мамыр 2023 Ұлытау ауданы Ұлытау, Аманкелді, Терісаққан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

   

   "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ қабылдады:

 

  1. Ұлытау ауданында 2023 жылғы 11 маусымға сайлау тағайындалсын:

 

        - Ұлытау ауылдық округі әкіміне;

        - Аманкелді ауылдық округі әкіміне;

        - Терісаққан ауылдық округі әкіміне

 

  1. 2023 жылғы 11 маусымға белгіленген Ұлытау ауданының Ұлытау, Аманкелді, Терісаққан ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту:

 

        - әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 04 мамырдан басталады     

          және  16 мамыр сағат 18:00-де аяқталады;

       - әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2023 жылғы 21 мамыр сағат 18:00-де  

          аяқталады.

 

       3.Осы шешім Ұлытау аудандық сайлау комиссиясының интернет-   

           парақшасына және аудандық «Ұлытау» газетіне жариялансын.

 

 

 

Сайлау комиссиясының

төрағасы                                                                                        М.Қ.Ахметов

 

Сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                        Н.Б.Раймова

 

 

 

Дата публикации
03 мая 2023