|
№ |
Айтылған ескертулер/ ұсыныстар (автор, мекен-жайы) |
Ескертулер/ұсыныстарды іске асыру бойынша шаралар |
Орындалу мерзімі |
Үйлестіруші /жауапты тұлға |
Ескерту |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Әлеуметтік бойынша тізімде тұрған азаматтарға берілетін дәрілерге сұраныс беру мәселесін нақты қаралса және уақытында берілсе. Сұраныс толық орындалмайды. Абжамалов Есенғали, Ұлытау селосы |
Тізімде тұрған азаматтарға арналған дәрілерге сұраныс беріледі орындалуын толық бақылау алынатын болады |
ІІ тоқсан 2023 |
Л.Ранова,
|
|
|
2 |
Қазіргі уақытта әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқызы мүмкіндігі шектеулі жандарға емделуге арналған шипажайларға жолдамалар беріледі. Сол сияқты аудан зейнеткерлері атынан зейнеткерлергеде емделуге арналған шипажаларға жолдамалар берілсе деген ұсынысым бар. Абжамалов Есенғали, Ұлытау селосы |
Республика бойынша ардагерлерге демалыс шипажайларына демалуға жолдамаларды жеңілдетілген бағамен қарастыру туралы бағдарлама бар, ол туралы облыстық әлеуметтік басқармасы арқылы толық ақпаратын жеткізетін болады |
ІІ тоқсан 2023 |
әлеуметтік басқармасы |
|
|
3 |
Жезді кентінің аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы өте нашар және жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа қондырғылар берілеме.
|
Жезді кенті ауруханасының жөндеу жұмыстарын тексеруге алдағы сенбі күні баруды жоспарлап отырмын сол кезде техникалық бақылау маманымен толық қарайтын боламыз. Жөндеу жұмыстары толық біткеннен кейін ауданға бөлінетін жаңа қондырғылардан тиістісі бөлінетін болады |
2023-2024 |
Л.Ранова,
|
|
|
4 |
Жезді кентіндегі ауыз су құбырларын жөндеумен айналысатын «Жезбұлақ» КМК-на экскаватор көлігін алуға ықпал жасауыңызды сұраймын Рахымбеков Тлеген, Жезді кенті |
Жезді кентінде болған да бұл сұрақ көтерілген мен сол жерде «Жезбұлақ» секемесіне экскаватор көлігін алп беруге уәде берген болатынман. Алдағы болатын мәслихат сессиясының сұранысында қаржы сұрауға сұраныс бар |
2023 жыл |
А.Мырзабеков |
Сұрақ қоюшыға түсіндіріліп жауап берілді |
|
5 |
Ұлытау селосы, Айыртау елдімекенінің аудандық дәрежедегі 4 шақырым жолына жөндеу жұмыстары жүргізілсе және ауылда байланыс мәселесі өте нашар сол қолға алынса Н.Бекілдеков Ұлытау селосы, Айыртау елдімекені |
Қазіргі уақытта Айыртау елдімекенінің аудандық дәрежедегі 4 шақырым жолына сметалық құжаттары жасалды алдағы уақытта сұраныс берілетін болады. Байлансы жүйесіне келсек ауылда байланыс бар, қосымша байланыс бағаны қойылады |
2023 жыл |
А.Мырзабеков |
Сұрақ қоюшыға түсіндіріліп жауап берілді |
|
6 |
Жезді кентіне қарасты Өрнек елді мекеніне электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілсе және турстік нысан ретінде Жездіден 8 шақырым жерде орналасқан «Аяққамыр» тарихи орынға жол салына ма. Мырзабеков Мұанбетжан, Жезді кенті |
Өрнек елді мекеніне 2010 жылы толық электр желісі тартылған. Аяққамырға бүгігі таңда жол салу қарастырылмаған, қазіргі уақытта «Жошы хан» кесенесіне жол салу жұмыстары жүргізілуде |
2023 |
А.Мырзабеков |
Сұрақ қоюшыға түсіндіріліп жауап берілді |