ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ № 19 ҚАУЛЫСЫ 29 желтоқсан 2022 жыл

Ұлытау аудандық  мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аудандық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Ұлытау аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 « Ұлытау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау  округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес, Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Ұлытау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аудандық сайлау округтерінде 10 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Ұлытау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аудандық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Ұлытау аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Ұлытау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комиссия төрағасы                                                  М. Ахметов

 

Комиссия хатшысы                                                  Н.Раймова

 

 

Дата публикации
29 декабря 2022