2022 жылдың ІІ жартыжылдық әкімдердің халықпен кездесулерін өткізуде жергілікті халықтан түскен өтініштер мен өзекті мәселелерді іске асыру ІС-ШАРАЛАРЫ

№

Айтылған ескертулер/ ұсыныстар  (автор, мекен-жайы)

Ескертулер/ұсыныстарды іске асыру бойынша шаралар

Орындалу мерзімі

Үйлестіруші

/жауапты тұлға

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Жезді кентіндегі жаңадан салынып жатқан денешынықтыру сауықтыру кешенінің келісім-шартын рәсімдеуді аяқтасын

Құжаттар рәсімделуде

01.12.2022

А.Мырзабеков

 

2

Жезді кентінің аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауға алынсын

Тұрақты бақылада

2022-2023

Л.Ранова,

А.Мырзабеков

 

3

Ұлытау селосы, Айыртау елдімекенінің құлаған электр бағандарын қалыпқа келтірілеме?

Н.Бекілдеков (Айыртау елдімекені)

Ұлытау селосы, Айыртау елдімекенінің электр бағандарына жөндеу жұмыстарының сапасыз болуына байланысты мердігерді сотқа беру жұмыстары жүргізілуде. Деген мен қыс мезгілінің келуіне байланысты элетр бағандарын толық қалыпқа келтіріледі

01.12.2022

А.Мырзабеков

 

4

Мибұлақ ауылында эектрик маманы жоқ. электр энергиясының нашарлығынан жиі сөнеді, сөнген тоқты қосу үшін Жезқазғаннан электрик күтугетура келеді. Алдығ ЖРЭК мекемесі арқылы Мибұлақ ауылына электрик маман қойыла ма?

А.Мулаков (Мибұлақ селосы)

ЖРЭК мекемсінде аудан бойынша 16 нысан болады барлық елді мекендер де, 1 нысанда 2 адамнан болады қазіргі уақыттан бастап ауыл әкімдері жергілікті жердегі мамндарды дайындау керек;

2023

У.Усенов,

А.Жандарбеков,

А.Мырзабеков

 

5

Қарсақбай кентіндегі ауыз су мәселесі 2010 жылдан бері көтеріліп келеді, аудан бойынша Қарсақпай кентінің тұрғындар ғана ашық су көзін қолданып келе жатыр. Қарсақбай кентінен 18 шақырым жердегі «Шотыбас» су құбырының ауыз су сапасы және судың қоры тексеріді ме?

Т.Мұханұлы (Қарсақбай кнті)

«Шотыбас» су қорына 2023 жылы су қорына геологиялық тексеру жұмыстары жүргізіледі, геологиялық тексеру қрытындысына сәйкес 2023-2024 жылдары сметалық құжаттар әзірленіп су құбыры тартылатын болады. Қазіргі уақытта су құбырын тарту жұмыстарын жүргізуге уақыттың созылуына байланысты пайдалып отырға ауыз су құбырына аудан әкімдігімен бірлесіп 2023 жылы сүзгі (филтр) орнатып беруге болады.

 

2023-2025

У.Усенов,

А.Жандарбеков,

А.Мырзабеков

 

6

Сарысу ауылындағы өрт сөндіру бекетінде жігіттер жұмыс атқаруда, биылғы жылы ауылда бірден үш үйдің қорасы өртенгенде өрт сөндіру машинасының жоқтығы байқалды, алдағы уақытта ауданға өрт сөндіру машинасын берегнде Сарысу ауылына бір өрт сөндіру машинасын бөлсеңіздер гаражбен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар, соны қарастыру жоспарда бар ма?

Ж.Ашенов (Сарысу ауылы)

Алдағы уақытта жаңа өрт сөндіру машналары келгенде, қазіргі өрт сөндіру машиналарын аудандық әкімдіктерге алым-берім актісі арқылы беріліп тиісті елді мекендерге орналастыру жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 8 елді мекенде ауылдық әкімдіктер арқылы өрт сөндіру бекеті құрылған, бір бекетте 8 адамнан жұмыс атқарады, «ЕРМАК» өрт сөндіру құрылғысы алынған.  Алдағы уақытта қалған елдімекендерге алу жоспарлануда.

2023

У.Усенов, Е.Байыров, А.Мырзабеков

 

7

Жезқазған-Қызылорда шекарасына дейінгі бағыттағы жолды күтіп ұстау бойынша бақылау жүргізілеме?

А.Мулаков (Мибұлақ селосы)

Жезқазған – Қызылорда бағыты Республикалық жол болғандықтан Қазавто жолға хат жазылған. Ұсыңысыңызды басқармаға қағаз жүзінде берсеңіз.

2023

У.Усенов, Ж.Бегаев

 

8

Аманкелді бағытындағы 10 шақырым жолдың сметалық құжатының сапасына дұрыс жасалуына мән берілсе. 10 шақырым жолды жөндегенде қалған 20 шақырым жолды тоздырырама деген аландаулық бар.

Р.Ажибаев (Аманкелді селосы)

Сарылық бағытындағы 10 шақырым жолды техникалық жолмен салу үшін үлкен қаражат кететін болады. 2023 жылға 500 млн, теңгеден астам қаржы облыстық бюджеттен қаралуына байланысты сапасына бақылау күшейтілетін болады.

2023

У.Усенов, Ж.Бегаев

 

9

Облыс бойынша жол мәселесі, абаттандыру мәселелерін жүзеге асыру барысында үнемі мердігерлер үлгермей жататыны айтылады, сол мақсатта бұрыңғы «УГАД» және сол сияқты басқа мекемелерді қайтарса болмайма? 

Б.Бегенов (Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі)

Бұрыңғы кезде Жезқазған қаласында «УГАД» деген мекеме болған, сол мекеменің көмегімен қаланың жолдарын және абттандыру жұмыстары жүзеге асырылып отырған. Үкіметтің шешімі бойынша көптеген коммуналдық мекемелерді жекешелендіру саясаты жүргізіліп «УГАД» мекемесі жекешелендіру тізіміне еніп мекеме өзін ақтай алмай жабылып қалды. Жекешелендіруге Ұлытау ауданының «КОМХОЗ» мекемесі мен «Жезбұлақ» мекмелері де сол тізімге енген болатын, қазіргі уақытта үкімет жекешелендіруді тоқтатуына байланысты мекмелер қалдырылды. Соған сәйкес қазргі уақытта Жезқазған қаласынан 50/50 мемлекет пен жекеменшік кәсіпкерлерден тұратын кәсіпорын ашу жұмыстары жүргізілуде.

2023

У.Усенов,

А.Жандарбеков

 

10

Жезді – Сәтбаев бағытындағы шайтан тас карерінен қиыршық тас таситын шансиман ауыр жүккөліктеріне көлік бақлау мекемесі арқылы бақылау жүргізілп отырса.

А.Смагулов (Жезді кенті)

Сұрақ хаттамаға енгізілді Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы ішкі істер министрлігіне хат жолданатын болады.

2023

У.Усенов, Ж.Бегаев

 

11

Жезді кентіндегі «НЭРИС» ЖШС мен «Сарыарқа гранит» ЖШС кәсіпорындарының жұмыстарынан кенттін ішін шаң басып ауаны ластайды. Ауыл тұрғындарына зиянын келтіруде А.Смагулов (Жезді кенті)

Облыстық экология департаменті кәсіпорындарды және Жезді кентінің шаң басқандағы ауасына бақылау жүргізіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

2023

Д.Тлеубеков

 

12

 «НЭРИС» ЖШС мен «Сарыарқа гранит» ЖШС кәсіпорындарының Жезді кентіне «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС секілді пайдасын тигізіп, дамуына үлес қосуға тапсырма берсеңіздер.

А.Смагулов (Жезді кенті)

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына тапсырма беріледі. Кәсіпорындар мен бірлесіп жұмыс атқаратын болады.

2023

Ғ. Төлеуов

 

13

Байқоңыр - Қоскөл бағытындағы жолын жөндеуге көңіл бөлінсе. Қоскөл арқылы Қызылорда облысының Абай ауылына жол ашылса халықтың дамуына бір үлесі қосылар еді.

М.Мырзабеков (Жезді кенті)

Байқоңыр - Қоскөл бағытындағы жолды жөндеу 2023 жылдарға жоспарға қойылмаған, дегенмен құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.

2023-2024

У.Усенов, Ж.Бегаев

 

14

Облыста дәрігер мамандары жетіспейді, келешекте елдімендерді дәрігерлер мен қамтамасыз етуге қандай жоспарларыңыз бар.

Ж.Ашенов (Сарысу ауылы)

Бүгінгі таңда Ұлытау облысында 51 дәрігер жетіспейді. Дәрігер мамандарды шақырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық облыстар бойынша медициналық оқу орындарына барып облыс бойынша жетіспейтін мамндарды елдімекендерге жұмысқа тарту туралы семинарлар өткізіліп тұрады. Дәрігерлердің өздерінің талаптары бар. Биыл Жезқазған қаласына Алматы қаласынан РНТ доктор анколог маманы келеді. 

2023

Ғ.Құсманғали,

Л.Ранова

 

15

Мибұлақ ауылындағы мектепте интернет жоқ.

Г.Омарова (Мибұлақ ауылы)

Бүгінгі таңда Мибұлақ ауылындағы мектепте интернет желісі тартылған жылдамдығы баяу болғандықтан 2023 жылы интернет жылдамдығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, мәселе толық шешімін табатын болады.

2023

Ғ.Құсманғали, С.Төлекова,

А.Жандарбеков

 

16

Қарсақпай кентіндегі агротехникалық колледжінде ашылатын ветеринария мамандығы ашылатынына өте қуаныштымыз. Осы мамандықты ашу барысында техникалық базасына аса мән берулеріңізді сұраймын.

Ж.Ашенов (Сарысу ауылы)

Мамандық ашу барысында колледж лицензия алатын болады. Лицензия алу дегеніміз ол барлық техникалық базасы толық қамтылып дайын болғасын бірақ лицензия берілетін болады.

2023

Ғ.Құсманғали, С.Төлекова

 

17

Мал сою бекетінің жоқтығынан мал өткізуге құжат алу қиындық туғызуда және үй жануарларына вакцина салуға кімнін есебінен жүргізіледі.

Ә.Абдрахманов (Терісаққан ауылы)

Мемлекет қаржысынан бөлінетін вакциналарды вет.врачтар өздері салады, ал басқа вакиналар әр жекет тұлғанын есебінен жүргізіледі. Жеке вакцина салу барысында ауылдық вет.врачтардға жүгінуге болады. Ветеринариялық анықтама бойынша. Әр тіркелгенмал басына анықтама беріледі ал, сойылған малға тек мал сою бекттері арқылы жүргізіледі, оны ветеринария мамандары бермейді. Аудан бойынша 2010 жылдары 10 мал сою бекеті ашылған өкінішке орай қазіргі уақытта барлығы жабылып қалған.

Тұрақты

А.Барикенов, Ә.Әбдікер

 

18

Аусылға қарсы вакцина қай өңірлерде егіледі, құжаттары қалай рәсімделеді және ауыслға қарсы егілген малдарды өткізуге шектеулер болмай ма?

Б.Бегенов (Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі)

Аусылға қарсы барлық өңірлерде егілетін болады. Қазіргі уақытта үкіметтің бұйрығы бойынша бұрыңғы Қарағанды облысы қауіпсіз аймақ болып тіркелген, бүгінгі таңда аусыл ауруы көбеюуіне байланысты аусылға қарсы вакцинаға рұқсат берілді. Алдағы уақытта қазіргі қолданыстағы үкіметтің қалысының күші жойылса барлық өңірлерге мал тасмалдауға еш қиындық соқпайтын болады.

2023

А.Барикенов, Ә.Әбдікер

 

19

Жезді кентінде үлкен ветеринариялық станция болған, соны үкіметке қатарып, қалыпқа келтірсе облысқа ғимарат іздегенше сол Жездідегі ғимаратқа облыстық ветеринариялық станциясын ашса.

М.Мырзабеков (Жезді кенті)

Ветеринария басқармасы ұсыныс берсін

2023

А.Барикенов, Ә.Әбдікер

 

20

Қайрат Мендібайұлы мен, Сіздің бірінші тағайындауыңызда Сарысу ауылының жер мәселесі жөнінде өзіңізге барған болатынмын. Бұрыңғы Қарағанды облысына қарап тұрғанда Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбекке барлық мәселені таныстырған болтынбыз. Облыс әкмінің орынбасары С.Шайдаровқа жерді қайтару туралы тапсырма берілген болатын Сол тапсырма аяқсыз қалып қойды. Енді облысымыз өзімізге келгеннен кейін Жаңаарқамен шекарадағы 41327га жерді Сарысу ауылына қайтарылсын деген қаулысы шыққан. Сол жерді қайтура Сіздің атынызға хат жазылған хатта Жаңарқа ауданына тапсырма берлді деп жауап берілген. Осы жердің дауы қашан шешіледі?

Ж.Ашенов (Сарысу ауылы)

Жаңарқа ауданына хат жолданды бір ай ішінде хатқа жауап келеді, сосын Сізге толық жауабын беретін боламыз.

 

2022

А.Барикенов, Қ.Мутаев

 

21

Ұлытау облысында СПК құрылды, осыған байланысты Ұлытау ауданы бойынша 15 мың га жерге егін себіледі екен. Президентіміз айтқандай бағаны тұрақтандыру үшін ортадағы делдалдарға емес өнім шығаратын шаруалға берілсін деген. Соған байланысты аудандағы егін шаруашылығына ең төменгі несиемен брілсе. Егін себетін жерлерге улы шөптер өседі соған өндеу жұмыстары жүргізілеме? Б.Бегенов (Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі)

Алдағы уақытта АПК ашылады, АПК-ға толық несиелендіру бойынша сұраныс берілетін болады.

Егін шараушылығы жерлеріне улы шөптерді дәрілеуге байланысты өтінім дайындап сұранысқа енгізіңіздер Қ.Мутаев 

2023

А.Барикенов, Қ.Мутаев

 

22

Мал өнімдерін қабылдау бекеттерін ашу жоспарда бар ма?

Ә.Абдрахманов (Терісаққан ауылы)

Өнімдерді қабылдау бекеттерін ашуға кәсіпкерлерді тарту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының малдарын, сүттерін басқа облыстарға алып кетуде. Мал өнімдері бойынша шаруа қожалық иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. Тер өнімдерін дамыту бойынша ұсынтар әзірлеп брсін Қ.Мутаев

2023

А.Барикенов, Қ.Мутаев

 

23

Қазіргі уақытта Сарысу өзенінің тартылу қаупі байқалады. Сарысу өзеніне құйятын ағыстарға бөгеттер қойылуда. Осыған қандай жобалар бар? Бақылау жүргізілеме?  Ж.Ашенов (Сарысу ауылы)

Қазіргі уақытта облыстық әкімдікке қарасты барлық су қоймаларына түгендеу жұмыстары жүргізіліп қадағаланатын болады. Алдағы уақытта барлық арналар текесріліп қандай тиімділі бар, жоғы анықталатын болады

2023

А.Барикенов, Қ.Имантүсіпов

 

24

Жезді су арнасына тал отырғызу жұмыстары жүргізілетініне қуанып отырмыз. Келешекте Жезді өзенінің, Нарынсай арналарына қар тоқтату жұмыстары жүргізілсе. Қазіргі уақытта бұрыңғы су арналарының барлығы жарылып жар болып кеткен, барлық жерлерге шөп шықпайды. Соған байланысты барлық арналарды бөгеп су қорын сақтап қалынса

М.Мырзабеков (Жезді кенті)

Жезді кентінің су арнасы мемлекеттік арнайы жобаға енгізілді алдағы уақытта жұмыстар жүргізіледі

2023

А.Барикенов, Қ.Имантүсіпов

 

 

Дата публикации
31 октября 2022