2022 жылдың І тоқсанында аудан, кент, ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесубойынша кент, ауыл тұрғындарынан әлеуметтік желіге келіп түскен ұсыныстары мен ескертулер

 

 2022 жылдың І тоқсанында аудан, кент, ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесубойынша кент, ауыл тұрғындарынан әлеуметтік желіге келіп түскен ұсыныстары мен ескертулер

 

№

Айтылған ескертулер/ ұсыныстар  (автор, мекен-жайы)

Орындалуын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Қала/аудан әкімінің бақылаушы орынбасары

Ескерту

1

2

3

4

5

 

6

1

Түкібаева Адемі. Егінді селосы.

Сәлеметсіз бе  мен Егінді ауылда тұрамын. Көп балалы анамын күміс алка иегерімін менің сұрағым аз камтылған ,көп балалы ға берілетін көмірді ауылымыздын әкім Алмағанбетов Марғұлан Сабырұлы алмайтын кісілерге таратып жатыр мен бұл комір жайлы айтканыма Он күн болып калды бір натиже жок Өзі ауылымыздын да әкімшілік тінде комірің өзінне мектеп көлік жүргізушісі нің үйіне түсіріп алған. Мен 9 наурыз күні бардым әкімге ол кісі маған дауыс көтеріп столды ұрып  маған сізде жағдай бардеп айты сонда коп балалы аналар жағдай болса комір алмау керек ба

Әлеуметтік көмек арқылы берілетін 3 тонна көмір Түкібаева Адемінің үйін жеткізіп берілді

18.03.2022

Егінді селолық округінің әкімі М.Алмағанбетов

Аудан әкімінің орынбасары

М.Оспанов

Орындалды

2

Мынбаев Сансызбай Макенұлы. Сарысу с/о «Қосқұдық қыстағы».

2019 жылы ауылшаруашылық мақсатындағы шабындық жер алу үшін Аудандық жер қатынастары бөліміне өтініш берген болатынмын. Осы күнге дейін жауап алған жоқпын.

Сарысу с/о «Қосқұдық қыстағы» тұрғыны Мынбаев Сансызбай Макенұлы. Ауыл шаруашылық мақсатындағы шабындық жер алу үшін аудандық жер қатынастары бөліміне 2021 жылдың 22 ақпанда №48 болы өтініш берген болатын.

Тұрақты

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Есназаров

Аудан әкімінің орынбасары

М.Оспанов

 

3

Сағымбаева Сауле Ыдырысқызы. Қарсақпай кенті.

Тұрғын үй мәселесі. Мареиалдық көмек беру туралы

Материалдық көмек тек демеушілер арқылы жүргізіледі

Тұрақты

Қарсақпай кентінің әкімі А.Абжамалов

Аудан әкімінің орынбасары

А.Қайрбек

 

4

Байқоңыр ауылының тумасымын Шарман Айша Жанұзаққызы. Осында тұрып жатырмын 2014жылы анам қайтыс болып, осында жолдасым екеуміз көшіп келдік папамның қасына. Содан бері әр мекемеде кім декретке кетет сол адамның орнына жұмыс жасап келемін. Өзімнің мамандығым бастауыш мұғалім бірақ мектепте орын жоқ 2019жылы мектепке тәлімгер болып кірдім биылғы оқу жылында ғана тұрақты деп қабылдады. Ендігі мәселе менде дипломмен ауылға құжат тапсырған болатынмын қараша айында бір реттік 290мын алдым . Одан кейін артынша үйге құжат тапсырғам фин. Отделдегі кісілер списокта жоқсыз дит арғы күні хабарласыңызшы бастық мәдениет үйіне кетті біресе әкімшілікке кетті дит алдынан бері кезекте тұрсыз деген аяқ асты жоқсыз құжатыңыз  өтпеген ал Цондағы кісілер өткенсіз деп кіріс номер айтты. Фин отделден мардымды жауап ала алмай отырмын. Біз сияқты жас мамандарға қолдау керекқой үлкен мұғалімдер  пенсияға кеткенде орнына тұрамыз.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық  округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы»    № 414  шешім негізінде тұрғын  үй сатып алуға несие қаржысының толық игерілуіне байланысты, Шарман Айша Жанұзаққызы 2022 жылы тұрғын үй сатып алуға несие беру кезегіне қойылғандығын хабарлаймын. Өтініш толық қанағаттандырылды.

01.04.2022

Экономика және қаржы  бөлімінің  басшысы  Т.Шайхин

Аудан әкімінің орынбасары

М.Оспанов

Орындалды

5

Борсенгирдин жолын истендерси жете алмай жатырык саз боп кеттиго облыска шыгайыкпа??алде

 

Аудандық дәрежедегі «Борсеңгір селосына кіре беріс» а/ж ЖСҚ әзірленіп «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бюджеттік өітінім берілді

Тұрақты

ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Б.Пардабеков

Аудан әкімінің орынбасары

Ж.Бегаев

 

6

Қаркенгір ауылдық округінің егін себетін шаруа қожалық иелерінен

Жылда егін себу жұмыстарын жүргіземіз бір ақ Ұлытау, Қаракеңгір ауылына қарасты шаруа қожалықтарының малдары егінге түсіп егіннін шығуына кедергі келтіреді.

Егінге күзет қою немесе қоршау жұмыстарын шаруа қожалық иелері өздері жүргізу керек

Тұрақты

Ауылшаруашылық бөлімінің  басшысы С.Обайдуллин

Аудан әкімінің орынбасары

М.Оспанов

 

7

1)        Ел тәуелсіздігінің отыз жылында кент бойынша салынған екінші нысан(біріншісі 2016 жылы пайдалануға берілген ОДЕ ғимараты) Дене шынықтыру – сауықтыру кешені (ДСК) толық бітірілмей пайдалануға берілгенін естеріңізге саламын. Жан-жағы абаттандырылмай, жылыту мәселесі шешілмей, қай мекеменің теңгерімінде болатыны анықталмай кешенді ашу кімге керек болғаны кент тұрғындарына  түсініксіз болып қалуда.

Сондықтан Сіздерден тікелей осы ДСК-ң құрылысының толық бітірілуін қадағалауды сұраймын.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

«Ұлытау ауданы Қарсақбай кентінде 100 орындық көрерменге арналған дене шынықтыру кешенінің құрылысы» жобасы 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылған.

2020 жылы конкурс нәтижесіне сай «Карагандастройконструкция» ЖШС–і мердігер ұйымы  жеңімпаз болып анықталып, келісімшарт жасалып, құрылыс жұмысын бастаған. 2021 жылы мердігер ұйыммен келісімшарттың мерзімін создыра алмауының  салдарынан, құрылыс мердігері ауысып, ЖСҚ-ға түзету жасалу нәтижесінде біршама жұмыстар өзгеріске шалдыққан, нарықта құрылыс материалдарының бағасы өсуі де орын алды. Нысан ғимаратын жылыту ЖСҚ-ға сәйкес жергілікті зауыттың орталықтандырылған жүйесіне қосылған. Алайда, жүйеде ақаулар пайда болу орын алуына сай, 2022 жылы жеке модульдік пеш орнатылатын болады. Құрылыс жұмыстары толықтай бақылауда, мердігер 3 жыл кепілдік мерзімін өтейді.

01.06.2022

Құрылыс бөлімінің басшысы А.Әлімсейт,

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Оразалин

Аудан әкімінің орынбасарлары

Ж.Бегаев

А.Қайрбек

 

2)

2)        Кент аумағында екі саябақ (Болман ақын көшесіндегі «АЛАШ» және Тайжан ақын атындағы Орталық Демалыс Саябағы) бар. Екеуінің де қоршаулары жаңадан салынған. Осы екі саябақты кенттегі Мәдениет үйі қарамағына берген дұрыс болар еді. Өйткені жаз бой саябақтарға мал кіріп (тұрғындар әдейі де кіргізеді), суарылмай, күзетілмей қалуда.

ОДС ішінде жазғы кинотеатр бар екенін де ескерген жөн. Саябақтарды күтіп ұстау үшін оған біреу ие болмаса болмайтыны белгілі. Қазіргі күні ОДС Ұлытау аудандық Мәдениет бөліміне қарайды, ал «АЛАШ» саябағында ресми құжатталған ие жоқ.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

Орталық демалыс саябағы Ұлытау аудандық Мәдениет бөліміне ресми түрде қарайды. Болман көшесіндегі «Тайжан» саябағы кент әкімі аппаратына қарайды

Тұрақты

Қарсақпай кентінің әкімі А.Абжамалов

Аудан әкімінің орынбасары

А.Қайрбек

 

3)

3)        Алдағы жылдарда кент ішінде кемінде екі басты бір не екі үй салуды жоспарлаған жөн болар еді. Өйткені кент мекемелеріне жаңа мамандар өте қажет. Мысалы ОДЕ-ге дәрігер (дәрігеріміз зейнет демалысына кетті), №15 орта мектепке пән (физика, биология, математика.т.б) мұғалімдері керек.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

Қазіргі уақытта Ұлытау ауданы бойынша тұрғын-үй салу жоспарланбаған

Тұрақты

ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімінің басшысы  Б.Пардабеков

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бегаев

 

4)

4)        Кентіміздегі №15 мектептің осы аймақ (Ақтас, Пионар, Байқоңыр, Қоскөл) бойынша Тірек мектебі деген мәртебесі бар.

ССРО кезінде ғана жүк көлігі болған  осы мектептің әлі күнге қызметтік көлігі жоқ.

Неге?

Аудан бойынша басқа екі Тірек мектепте көлік бар, жәй мектептердің көпшілігі 1-2  реттен көлік алғанын білемін. Сондықтан осы мәселе шешілуге тиіс деп ойлаймын.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

Білім бөліміне қарасты Қарағанды облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қызметтік (автокөлік) алып беру үшін ағымдағы жылда қаржы қаралмаған.

Тұрақты

Білім бөлімінің басшысы Б.Абдраимов

Аудан әкімінің орынбасары А.Қайрбек

 

5)

5)        «АЛАШ» саябағында 1941-1945 жылдардағы соғыста қаза тапқандарға арналған ескерткіш, екі кеуде мүсіні (бюст) (Ү.Бөкейханов, І.Есенберлин) орнатылған.

Үшінші Әбілда Тәжібаев кеуде мүсіні қашан орнатылады екен?!

 Енді осы саябаққа алдағы жылдары кентімізден шыққан 3 Совет Одағы Батырлары (Н.И.Колбасов, А.И.Зенковский, Ф.Я.Иванишко) мен Социалистік Еңбек Еріне (Б.Баймағанбетов) арнай тақта орнату керек деп есептеймін.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

Алдағы уақытта жоспарға енгізіліп, сұраныс беріледі

Тұрақты

Қарсақпай кентінің әкімі А.Абжамалов

Аудан әкімінің орынбасары А.Қайрбек

 

6)

6)        Қаныш Сәтбаев көшесіндегі көпірге жаяу жүргіншілер жолы оң жақты етіп салынған, соны бір жақты ету жөнге келер еді.

Бұл тұрғындар мен мектеп оқушыларының жол бойында қауіпсіз жүруі мен қыста жолды қардан тазартуға жағдай жасайды.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

2019 жылы ағымдағы жөндеуден өтті. Алдағы уақытты жоспарға енгізіліп, сұраныс беріледі

Тұрақты

Қарсақпай кентінің әкімі А.Абжамалов

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бегаев

 

7)

7)        «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына енген Қарсақбай темір жол стансасынан кентке дейінгі көтерме жол салу жұмысының орындалуын Сіздерден тікелей қадағалап отыруды өтінемін.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

Қарсақпай темір жол станциясынан кентке дейінгі көтерме жол салу биылғы жоспарда бар. Жолды салу жұмыстарын ауыл тұрғындары болып, жергілікті қоғамдастық болып бақылауға алынады.

Тұрақты

Қарсақпай кентінің әкімі А.Абжамалов

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бегаев

 

8)

8)        Кент бойынша коммуналдық қызметтер бойынша ұсыныс:

а) Кентті электр энерия қамтамасыз ету ССРО кезінде Қарсақбай металлургия зауыты арқылы жүзеге асырылған, қазір де сол жүйеде жұмыс істеп тұр. Заман ағымына сәйкес бұл өзгеруге тиісті.Өйткені электр энергиясын тарату жүйесінің (бағандар мен сымдардың) пайдалану мерзімі өткен. Оған биылғы қыстағы осы жүйеде болған төтенше жағдай оқиғасы куә болады. Құжат жүзінде ҚМЗ теңгерімінде тұрғаны болмаса оны жөндеуге, күтіп ұстауға корпорация зауыт бюджетінде қаржы қарастырмаған. Тоқтың ақшасын жинайтын «КЭЦ» ЖШС ештеңеге басын ауыртпайды, тек тұрғындардан пайдаланған электр энергиясы ақшасын жинап алуды ғана біледі. Осы төлемнен қалған шығын қазір зауыт арқылы өндірістік шығын ретінде жабылуда.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

Бүгінгі күнге «ҰАККШК» КМК балансындағы электр желілері «ЖРЭК» АҚ балансына беру жұмыстары жүргізілуде. Қарсақпай кентінің электр желілері ҚМЗ балансында. Алайда электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу және оған қаржы қарастыру бойынша ҚМЗ басшылығымен жұмыстар жүргізіледі.

Тұрақты

Қарсақпай кентінің әкімі А.Абжамалов,

ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімінің басшысы  Б.Пардабеков

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бегаев

 

9)

9) Кентті ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі де толығымен ескірген. Аудан бойынша ашық су көзін пайдаланатын жалғыз елді мекендегі осы ауыз Су тазалау жүйесінің де, су жиналатын Қарсақбай тоғанының су ағызу шлюздерінің де пайдалану мерзімі өтіп кеткен.

Сондықтан жұмыстардың осылай жалғаса беруі мүмкін еместігін ескеріп, болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін кент бойынша осы мәселені алдағы жылдары шешу жолдарын қарастыратын арнайы бағдарлама дайындау керек болар.

Ол үшін алдымен аудан әкімдігі арқылы корпорациямен МЕМОРАНДУМ жасалса іс алға басар еді.

Қарсақбай кенті тұрғыны

Әбдіхалық Қыдырбекұлынан

Қарсақпай кентінің ауыз су желісі ҚМЗ балансында. Алайда осы көрсетілген мәселелер бойынша ҚМЗ басшылығымен жұмыстар жүргізіледі.

Тұрақты

Қарсақпай кентінің әкімі А.Абжамалов,

ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлімінің басшысы  Б.Пардабеков

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бегаев

 

 

Дата публикации
01 апреля 2022