Х А Б А Р Л А М А

          

16 қазан 2022  жылы  Ұлытау ауданының кент, село, ауылдық округтері әкімдері сайлауы  бір округ бойынша  өтті.

   Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының  9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ұлытау ауданының кент, село, ауылдық округтері әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындылары  белгіледі:

Қарсақпай кенті бойынша

Қарсақпай   кенті әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 678  азамат енгізілді, оның  384-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әлімсейіт А.М – 215;  Дукембаев Г.М – 9; Сабыр Б.Ж – 0; Шайхыспарова Б.А – 152.

Қарсақпай  кенті әкімі болып  Әлімсейіт Асылхан Мырзамсейітұлы сайланды. 1992  жылы туған, Ұлытау ауданы «Құрылыс бөлімі», бөлім басшысы, Ұлытау ауылында тұрады.  «AMANAT»  партиясы  ұсынды

Дата публикации
16 октября 2022