Меры по реализации актуальных вопросов, поднятых в отчете акимов сел и сельских округов Улытауского района в феврале 2022 года о проделанной работе в 2021 году

 2022 жылдың ақпан айында өткен Ұлытау ауданының кент, селолық  округі әкімдерінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде, жергілікті халық алдында есеп бергенде көтерілген өзекті мәселелерінің іске асыру

ІС-ШАРАЛАР

 

№

Айтылған ескертулер/ ұсыныстар  (автор, мекен-жайы)

Ескертулер/ұсыныстарды іске асыру бойынша шаралар

Орындалу мерзімі

Үйлестіруші

/жауапты тұлға

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

       Көктем мезгілінде қар суының жолды жырып кету қауіпі болғандықтан,  ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қорғасын-Ұлытау бағытында 20 шақырымдағы көтерме жол бойындағы су ағар  құбырын айырбастау жұмыстарын жүргізілсе.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Х.Абдрахманов, Комсомол көшесі 9-2

ЖСҚ-дайын республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржыға сұраныс берілді.

01.10.2022

Ж.С. Бегаев

Б.Пардабеков

Т.Шайхин

С.Султанов

 

2

     Ұлытау төңірегінде мал өткізетін жердің жоқтығы қиындық  туғызуда, Жезқазған қаласы шалғай 300 шақырым қашықтықта осы мәселе шешілсе.

Ж.Садуакасов-зейнеткер, Терісаққан ауылы, Талап көшесі 1-2

Ұлытау ауданы төңірегінен мал қабылдайтын алаң салынатын болады.

01.11.2022

М.С.Оспанов

С. Обайдуллин

С. Ташенов

А. Дүйсенбаев

 

 

3

 

Ауылдағы ФАП - мекемесі жөндеу жұмыстарын көрмеген, пеш түтіндейді, системалар қатып жатыр.            Медбибі немесе медаға жоқ. Н.Бадилбекова-мектеп медбибісі, Терісаққан ауылы, Шеңбер көшесі 5-2

Жаңа ФАП мекемесі салынғанша аталған жағдайлар бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Білікті мамандарды басқа елді-мекендерден немесе аудан орталығынан алып келіп, тұрғын үймен қамтамасыз ету.

01.06.2022

А.Қайрбек

Ж. Баймұратов

А. Дүйсенбаев

 

 

4

Қоскөл елді мекеніне байланыс, немесе ғаламтор құрылғысын орнатылса. Елді-мекен тұрғындары байланыссыз.

Қараша айында қатты дауыл салдарынан шатыры қираған Терісаққан ауылы, Қызылту көшесі 16-2,1 тұрғын үйіне жаңа шатыр салуға көмек қажет.

Ғ.Ускенбаев – зейнеткер, Терісаққан ауылы, Қызылту көшесі 16-2

Демеушілер қаражатынан көмек көрсетілетін болады.

01.06.2022

Ж. Бегаев

Б.Пардабеков

А. Дүйсенбаев

 

 

5

Сарлық – Ұлытау тас жолының қалған 10 км асфальтталса.

Кабиев Шортан Кодарович жергілікті қоғамдастықтың төрағасы,Бұлқышев көшесі 5 үй

ЖСҚ-дайын республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржыға сұраныс берілді.

01.12.2022

Ж.С.Бегаев

Б.Пардбеков

Н.М.Жеңсікбаев

 

6

Кененбай тоғанының жөндеу жұмыстарын қайтадан қалпына келтіру

Абикенов Айдос Куанышович жеке шаруа қожалық иегері , Қаратаев к-сі 3 үй

ЖСҚ-дайын кезекті мәслихат сессиясына қаржы сұрауға сұраныс беріледі.

01.11.2022

Ж.С.Бегаев

Б.Пардабеков

Н.М.Жеңсікбаев

 

7

Қаракеңгір – Ұлытау бағытындағы асфальт жолдың қалған 25 шақырымы биылғы жылы жөнделсе.

Қаракеңгір ауылының тұрғыны Абуов Ербол

2021 жылы облыстық бюджеттен қаржысы қаралған, биылғы жөндеу жұмысы толық аяқталады

01.11.2022

Ж.С.Бегаев

Б.Пардабеков Ж.С.Төре

 

8

Жезқазған – Малшыбай, Бетбұлақ-Бозтұмсық бағытындағы көтерме тас жолы жөндесе.

Бралинов Марғұлан Жеңісбайұлы

Алғабас ауылы, Мектеп көшесі 5 үй

Аудандық ТҮКШ, АЖ, ЖК және ТИ бөлімі арқылы облыстық басқармадан қаржы бөлдіруге ықпал жасау.

01.11.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

А.Мухышев

 

9

Ауылдық клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе. Джумабеков Нығметжан

Алғабас ауылы, Орталық көшесі 4-2 үй

 ЖСҚ - дайын, бюджеттен қаражат бөліп, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

01.11.2022

А.Қайрбек

Т.Садыков

А.Мухышев

 

10

Жезді кентінің тоқ мәселесі қашан толық шешіледі? Оңжағалау көшесіне су қашан тартылады екен?

Мукушева Алия Оңжағалау көшесі тұрғыны

ЖРЭК мекемесіне ауысуына байланысты мәселе шешіледі Сметалық құжаттамаларын жасап, мәслихат сессиясына ұсыныс беріледі.

01.11.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

М.Жұмабеков

 

12

Аурухана ғимараты күрделі жөндеу талап етеді. Бұл мәселеге қаражат бөлінеді ме?

Жезді кентінің тұрғыны С.Әбушахманов

Жезді кентіндегі отбасылық дәрігерлік амбулаториясының  2 қабатына толық жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

01.11.2022

А.Қайрбек

Ж.С.Баймұратов

М.Жұмабеков

 

13

Ауыл ішіндегі электр желілерін тозығы жетуіне байланысты айырбасталса.

Байкенжиев Сейтжан. Сарыарқа көшесі №3-1

ЖРЭК - мекемесіне өткізілгеннең кейін жұмыстар жүргізілетін болады.

01.12.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

Б. Алимбек

 

14

Борсеңгір – Теректі бағытындағы көтерме жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

Шегебай Қонысбай Ардагерлер к/сі 16-1

ЖСҚ-дайын республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржыға сұраныс берілді.

01.12.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

Б. Алимбек

 

15

Сымтас лиманындағы Ашкезең тоғанына жөндеу жұмыстары жүргізілсе. Құсайынов Ерсайын желтоқсан к/сі 3-1

ЖСҚ - дайындап, мәслихат сессиясына қаражатқа сұраныс берілетін болады.

01.10.2022

М.Оспанов

Т.Шайхин

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

Б. Алимбек

 

16

Сарысу- Жезқазған бағытында автобус болама.

ауыл тұрғыны  М.Бұзауов

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу бойынша ешқандай мердігер болып тұрған жоқ. Конкурсқа түскен адам жоқ.

01.06.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

С.Курманбаев

 

17

Сарысу - Түйемойнақ арасындағы жол қашан жүргізіледі.

Қоғамдық кеңестін төрағасы Ашенов Жамсап ауыл тұрғыны.

ЖСҚ-дайын республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржыға сұраныс берілді.

01.12.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

С.Курманбаев

 

18

Біздің  ауылдың  тұрғындары шабындық жердің жетіспеуіне байланысты мал азығынан тапшылық көруде, осыған байланысты, Мемлекеттік жер қорынан жер бөлініп бұл мәселе шешімін таба ма?

Оразбаев Инахаят Мукатович  – Ауыл тұрғыны

 

01.06.2022

М.Оспанов

Б.Есназаров

С.Дандибаев

 

19

Қазіргі уақытта ішіп отырған ауыз суымыз кермек дәмі бар, ауылға тұщшы су беру мәселесі шешімін таба ма?

Ауыл тұрғыны Джандаулетова Кулшин.

 

Тұщшы ауыз су мәселесі бойынша тиісті ЖСҚ - дайын алдағы мәслихат сессиясынан қаражат сұралатын болады.

01.08.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

С.Дандибаев

 

20

Шаруа қожалықтарына су скважиналарын қазған кезде су шыққан жоқ. Ауданның ауылшаруашылық бөлімімен бірлесе отырып шаруа қожалықтарына су скважиналарын қазу жұмыстарын жүргізілсе Жаналин Абдулла Қоскөл ауылдық округі Смайлов көшесі

Бүгінгі күнге Ауыл шаруашылығы Министрлігі Субсидия тетіктерін, оның ішінде құдық, скважиналар бойынша әзірлену үстінде. Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия қағидаларын бекіткен соң, жұмыс ұйымдастырылатын болады.

01.06.2022

М.Оспанов

С.Обайдуллин

Қ.Какимжанов

 

21

 Ауылымызда түнгі мезгілде көшемізде жарық жоқ . Көше шамдарын толық қалпына келтіріп жарық берілсе.                        Абуов Қасқырбай Қоскөл ауылдық округі Иманов көшесі

Аудандық бюджеттен қаражат қаралды көше шамдары толығымен ауыстырылатын болады.

01.05.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

Қ.Какимжанов

 

22

Ауылымызда свет сөніп қалған жағдайда ауыз су тоқтап қалады. Ауыз су тоқтамас үшін дизель генраторын алып берулеріңізді сұраймыз.

Ауыл тұрғыны. Талпаков Мадияр 

 

Дизель генераторын алуға аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына сұраныс берілетін болады.

01.05.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

Ш.Бекетов

 

23

Ауылымызда көше жарықтары қиылған. Көше шамдарын ауыстырылса.                        Ауыл тұрғыны Бихан Марат Қайрылбайұлы

 

Ауыл ішіндегі көше жарықтары толығымен айырбасталды. қазіргі танда көше шамдары толығымен жанып тұр.

01.05.2022

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

Ш.Бекетов

Орындалды

24

Ақтас кенті мен Пионер елді мекенінде орналасқан кітапханалардың жағдайы нашар, жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Кітап қорлары су астында қалу қауіпі бар. Ауыл тұрғыны Балабеков Серік - Актас кенті, Жағалау

Ақтас кенттік кітапханасының ғимараты бойынша қазіргі таңда дефектофка жасалынды, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ - дайындалу үстінде. ЖСҚ - дайын болған соң жергіліікті бюджеттен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сұраныс берілетін болады.

    Пионер елді мекеніндегі кітапхана ғимаратының құжаттарының болмауына  байланысты қазіргі таңда иесіз болғандықтан  әзірге жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.

    Екі кітапханадағы кітап қорларының су астында қалу қауіпі жоқ, сол кітапханалардың кітапханашылары күнделікті кітап қорын қадағалауда.

01.05.2022

А.Қайрбек

Т.Садықов

Д.Сүлейменов

 

 

25

2021 жылы Ақтас кентіне көшіп келіп, 100 бас қой малын сатып алдым. Осы бағыт бойынша субсидия алу жолдары барма?

Ауыл тұрғыны Тельбаев Бауыржан – Кәсіподақ 33

Ауданның ауыл шаруашылғы бөлімінің мәліметі бойынша -  Субсидиялау бойынша ережелер 2022 жылдың наурыз айында бекітілгенсоң, жұмыстар басталды.

01.05.2022

М.Оспанов

С.Обайдуллин

Д.Сүлейменов

 

26

Пионер елді мекенінің ауыз су желілерінің тозығы жеткен, тұрғын үйлерге ауыз су желілерін тартуға көмек көрсетіледіме?

Қозыкенов Зейілқабден – Пионер ауылы, 16

Пионер елді мекенінде 30 тұрғын үй бар. Елді мекендегі ауыз су желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, ЖСҚ дайындалған. Қазіргі таңда мемлекеттік экспертизадан өткізілуде. Жоба құны 60-70 млн теңге. Барлық құжаттама әзірленгеннен соң аудандық бюджетке сұраныс беріледі.

01.11.2022

М.Оспанов

Ж.Бегаев

Б.Пардабеков

Д.Сүлейменов

 

 

27

Көшедегі қарлар уақытылы  тазаланып отырылса.

Ауыл тұрғыны Өмірбаева Гүлжазира

«Ұлытау-Тасбұлақ» ЖШС-пен келісім шартқа отырылып қызмет көрсетіледі

01.04.2022

Ж. Бегаев

Б. Пардабеков

Т. Абжаппаров

 

28

 Ауылда тұрмыстық қалдықтарды жинайтын техника болса.

Ауыл тұрғыны, зейнеткер Жалғабекова Шолпан

 

2022 жылға жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылуда

01.06.2022

Ж. Бегаев

Б. Пардабеков

Т. Абжаппаров

 

29

Ауыл сыртындағы Асан қайғы ескерткішін абаттандырылса күтіп ұсталса.

Ауыл тұрғыны, зейнеткер Баймаганбетов Серік

Абаттандыруға 2022 жылы жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылуда

01.06.2022

Ж. Бегаев

Б. Пардабеков

Т. Абжаппаров

 

 

Меры по реализации актуальных вопросов, поднятых в отчете акимов сел и сельских округов Улытауского района в феврале 2022 года о проделанной работе в 2021 году
Дата публикации
01 марта 2022