Ұлытау

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

    «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша

    Ауданда халықты жұмыспен қамту сұрақтары халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қарастыратын, халықты жұмыспен қамтуды жәрдемдесудің Кешенді жоспары  аясында шешіледі.

    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға   2020 жылы 380958,0 мың теңге бөлініп, 312737,4 мың теңгесі игерілді немесе 82,0% (2019 жылы 2019 жылы 372321,5 мың теңге бөлініп, 470787,2 мың теңгесі игерілді немесе  126,4%).

    2020 жылы халықты жұмыспен қамтуды жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында 385 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды  немесе 84% (жылдық жоспар 453 адам) (2019 жылы 1042 адам немесе 104%).

    «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында кадрларды қайта даярлауға 6 адам  қайта даярлау курстарын аяқтап,  159,0 мың теңге игерілді,  (2019 жылы 67 адам оқытылды). 

 

№

Оқытушы

Мамандық

Оқуға жолданғандар
(адам)

Оның ішінде оқуды            аяқтағандар

1

Жезқазған қаласының «Отан» кәсіби-техникалық оқу орталығы

«В» санаттағы жүргізуші (2,5 ай)

6

6

 

БАРЛЫҒЫ

 

6

6

 

01.01.2020ж. статистикалық мәлімет бойынша

Халық саны – 12620 адам,

Экономикалық белсенді халық саны (ЭБХ) – 6288 адам,

01.10.2019ж жұмыссыздар саны – 361 адам,

01.10.2020ж жұмыссыздар саны – 416 адам,

Жұмыссыздық деңгейі -3,2%

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны -200 адам,

 Ресми жұмыссыздар саны – 110 адам.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 2-бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында  бойынша 2019 жылы  75 адамға 298752,0  мың теңге  беру жоспарланып, жылдың соңына дейін 51 адамға 304660,0 мың теңге,  оның ішінде  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан  28 адамға 116300,0 мың теңге, «Ұлар» ЖШС несие серіктестігі арқылы  18 адамға 150850,0 мың теңге игерілді (2019 жылы 99 адам 388510,0 мың тңге игерілген).

    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жыл басынан кәсіпкерлік негіздеріне 50 адам (2019 жылы 194 адам оқытылды).

    Жаңа бизнес жобасын ашуға мемлекеттік грант  200 АЕК көлемінде 43 адамға (жоспар 65 адам) 23891,0 мың теңге (2019 жылы 77 адамға 37622,5 мың теңге)  толығымен игерілді.

    2020 жылы жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдылығымен 416 адам өтініш білдіріп, 259 адам (62,2%) жұмысқа орналастырылды (2019 жылы 361 дамның 151-ы (41,8%) жұмысқа орналастырылған). Халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы формалары 7 адам  (2019 жылы 16 адам) жұмыссыз азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 25 түлегі (2019 жылы 14 адам) жастар тәжірибесіне жолданды және 167 адам (2019 жылы 176 адам) қоғамдық жұмысқа қатысты. 

    «Жұмыспен қамту Жол картасы»  аясында Ұлытау ауданы бойынша 2 млрд 14 млн 992 мың теңгеге 18 инфрақұрылымды жобаны жүзеге асырылуда.

    Дамыту жобасы аясында 3 жоба:

  • Қарсақпай кентінде 100 орындық спорттық сауықтыру кешенінің құрылысына – мердігері «Қарағандыстройконструкция» ЖШС-і .
  • Жезді кентінде 100 орындық спорттық сауықтыру кешенінің құрылысына – мердігері «Қарағандыстройконструкция».
  • Ұлытау селосындағы кәріз тазалағыш ғимараттардың құрылысына – (жалғастырылатын жоба), «Еңбек Қарағанды» РМК-мен негізгі келісім  шартқа қосымша келісім жасалды.

     Ағымдағы жобалар аясында 15 жоба

  • білім беру саласында - 3 жоба,
  • мәдениет саласында - 4 жоба,
  • тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық және автомобильдер жолдары саласында  - 8 жоба .

    «Жұмыспен қамту Жол картасы»  аясында 521 жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы  арқылы 260 адам жұмыспен қамтылу жоспарланған. Бүгінгі күні «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» базасына жоспарланған барлық 521  жұмыс орындарының  329 орны ашылды, соның ішінде  ЖҚО арқылы 172  адам уақытша жұмыстарға жолданып, мердігер арқылы 157 адамға  еңбек келісім шарттары енгізілді.

Аз қамтылған азаматтарды, ардагарлерді, мүгедектерді  әлеуметтік қолдау

    Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер төлеу бойынша:

    Аудан бойынша төтенше жағдайлар кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру  үшін арнайы штаб құрылды.  «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42500 теңгеден төлеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күні  1216 өтініш тіркеліп,  58 өтінішке бас тартылды, 1158 өтінішке төленді.

    Соның ішінде жұмыскерлері ақысыз еңбек демалыстарына жіберілген 44 кәсіпорынның  өтініші  аудандық штабта қаралып, оң шешім беріліп, онда жұмыс істейтін 122 қызметкерге төлемақы төленді. 

    Атаулы әлеуметтік көмек және кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша:

    Бүгінгі күнге   атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)  40 отбасының 265  адамына 14466,8 мың теңге тағайындалып,  төленді (2019 жылы 86 отбасының 499 мүшесіне 40374,8 мың теңге төленген).

    Кепілдендірілген әлеуметтік пакет  (КӘП)  2278,0 мың теңгеге 40 отбасының  57 баласына (1-6 жас)  берілді. 

    Төтенше жағдай кезінде жекелеген санаттағы азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша   855 адамға бір дүркін 5567 теңгеден 23360,3 мың теңге  төленді.

    Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудан көлеміндегі мүгедек жандардың мүддесін қорғау, оларға қамқорлық жасау бағыттарда жүйелі жұмыстар тұрақты жүргізілуде.  2020 жылдың  1 қаңтарына ауданда барлығы  611 мүгедек бар:  І топ- 34, ІІ топ - 292,  ІІІ топ- 248 және  16 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 37, оның ішінде есту бойынша мүгедектер- 2, көру бойынша мүгедектер -7, тірек қозғалуы аппараты нашар мүгедектер- 15, кресло арбамен жүріп тұратын мүгедектер -7.

    2019 жылы Үйлерге әлеуметтік көмек көрсету 67 жалғыз басты қарттарға және 21 мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға,  барлығы 88  адамға қызмет көрсетілді (2019 жылы 112 адамға қызмет көрсетілген).

     «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік стандарты бойынша 11 адамға қызмет көрсетіліп, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін 7 балаға  119,7 мың теңге төленді.

    Мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында:

- міндетті гигиеналық құралдармен 32 мүгедек қамтамасыз етілді ;

- 19 адамға жеке көмекшінің қызметін ұсынылып,  оған 7903,0 мың  теңге жұмсалды (2019 жылға 20 жеке көмекшілерге 9162,0 мың теңге жұмсалған)

-  «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 5 мүгедек азаматтар әртүрлі протездік-ортопедиялық құралдар (ортопедиялық аяқ киімдер,  балдақтар) алды (2019 жылы 10 адам).

Тұрғын үй көмегінің жәрдемақысына 10 отбасының 37 мүшесіне 593,2 мың теңге тағайындалып,  игерілді (2019 жылға 10 отбасына 1267,4 мың теңге) төлеу жоспарланды. 

    «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 2020 жылы 2698 адамға жалпы 21185,0 мың теңге сомасына  мерекелік және атаулы күндерге орай біржолғы төлемдер жүзеге асырылды (2019 жылы 23650,0 мың теңге игерілген).

Документы
Ереже
08 июня 2021
«Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Жұмыссыздық туралы анықтаманы қайдан алуға болады?

Аталмыш анықтаманы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін ғана алуға болады. «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» «Ұлытау ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. Бұл қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған кезде электрондық түрде көрсетіледі. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.Порталға кіру egov.kz;

2.«Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» қызметін таңдаңыз;

3.Онлайн қызметке тапсырыс беріңіз және өз ЖСН көрсетіңіз;

4.Анықтамаға қол қою және алу, ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойыңыз.

Сіздің өтініміңізді өңдеу мәртебесін Сіз Жеке кабинетте қадағалай аласыз.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы