GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 сентября 2026
Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ

Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Ұлытау аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының сандық құрамын сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2026 жылғы 09 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat/press?lang=kk

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы  09 қазанға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.

ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Аудандық мәслихаттың мекен-жайы: Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай к-сі 27

Аудандық мәслихаттың төрағасы – Құрмансейітов Ахат Құрмансейітұлы.

Материалдарды жинауға жауапты: Исмагулова Гүлзира Бүркітқызы, аудандық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871035) 2-11-10, 2-12-23, электрондық почта мекен-жайы: ulytaumaslihat@mail.ru

 

Ұлытау аудандық мәслихаты бос орындарға сайлау комиссияссияларының  мүшелерін сайлайды:

 Округтік сайлау комиссиясы:

№
п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1.

 №1Ұлытау сайлау округі

Ұлытау селосы, Абай көшесі -1,  Мәдениет үйі

1

2.

 №2  Тайжан сайлау округі

Ұлытау селосы Бұлқышев көшесі 17.  Білім бөлімі ММ ғимараты

1

 

3.

 №7 Алғабас сайлау округі

Бетбұлақ селосы Берден көшесі 11. Клуб үйі

1

4.

№8 Қаракеңгір сайлау округі

 

Бозтұмсық селосы  Орталық көшесі 81. Мәдениет үйі

4

 

 Учаскелік сайлау комиссиясы:

№
п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1.

№103 Алғабас сайлау учаскесі

«Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Алғабас ауылдық клубы», Алғабас ауылы, Берденов көшесі 11.

 

        1

2.

№122  Терісаққан сайлау учаскесі

«Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№9 жалпы  білім беретін   мектебі» коммуналдық мемлекеттік    мекемесі, Терісаққан ауылы, Ұлытау көшесі 1.

        4

3.

№127 Қорғасын сайлау учаскесі

Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шеңбер ауылы, Комсомол көшесі 21А

1

 

Ұлытау аудандық  мәслихатының

төрағасы                                                                           А.Құрмансейітов

4 қосымша округ

4 қосымша учаск

өтішіш округ

өтішіш учаск

 

Мәслихат шешімдері
Мәслихат сессиялары
24 августа 2026
Сегізінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLVІІІ сессиясын шақыру туралы

Ұлытау селосы

Сегізінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLVІІІ сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабы 3 тармағы 1-1 ) тармақшасына сәйкес:

Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLVІІІ сессиясы  2026 жылғы    26 тамызда аудандық мәслихаттың мәжіліс залында (Абай, 27) сағ: 12:00-де шақырылсын.

         Күн тәртібінде қаралатын мәселелер: 

             

  1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы XXVIII сессиясының «Ұлытау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» №203 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  2. Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы ХІV сессиясының «Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №109 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Әр түрлі мәселелер.
10 июня 2026
Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясы өтті.

Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясы өтті. Өкілді органның төрағасы Ахат Құрмансейітов тізгіндеген жиынға аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ернұр Тұрлыбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, аудандық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілі қатысты. Кенттер мен ауылдық округтер әкімдері байланыста ZOOM-платформасы арқылы болды.

 

Депутаттардың басты жиынының күн тәртібіне төмендегі мәселелер қойылды:

  1. «2025 жылға арналған Ұлытау ауданының және кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы» (баяндамашылар – Ұлытау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин; Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ернұр Тұрлыбекұлы).
  2. «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы XLI сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – Ұлытау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин).
  3. «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы XLII сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы» №255 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – Ұлытау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин).
  4. Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы «Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №109 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – Ұлытау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айна Әбілова).

Сессияда аталған мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, тиісінше, оң сипатты шешімдер қабылданды.

Мандат иелерінің басқосуында, сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаевтың хабарламасына сәйкес, аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беріліп, аудан 

әкімі жанындағы бірқатар комиссиялар мен ведомстоаралық комиссиял құрамына өзгерістер енгізу мәселелеріне қатысты шешімдер қабылданды. 

Осы ретте аталған өзгерістерге тиісті мемлекеттік құрылымдардағы кадрлардың ауысуы негіз болғанын атап өткен жөн.

14 мая 2026
Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ

Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Ұлытау аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының сандық құрамын сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 14 мамырдан 2026 жылғы 29 мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat/press?lang=kk

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы  29 мамырға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 00-ге дейін.

ҰЛЫТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Аудандық мәслихаттың мекен-жайы: Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай к-сі 27

Аудандық мәслихаттың төрағасы – Құрмансейітов Ахат Құрмансейітұлы.

Материалдарды жинауға жауапты: Исмагулова Гүлзира Бүркітқызы, аудандық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871035) 2-11-10, 2-12-23, электрондық почта мекен-жайы: ulytaumaslihat@mail.ru

Ұлытау аудандық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлайды:

 Учаскелік сайлау комиссиясы:

№
п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1.

№109 Байқоңыр сайлау учаскесі

«Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Байқоңыр ауылдық клубы», Жанкелді селолық округі, Байқоңыр ауылы, Рысқұлов көшесі 9.

        2

2.

№124  Тайжан сайлау учаскесі

«№1 тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ұлытау ауылы, Бұлқышев көшесі 15.

        1

 

Ұлытау аудандық  мәслихатының

төрағасы                                                                           А.Құрмансейітов

04 мая 2026
Спорт нысандары - назарда

Ұлытау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы №310 шешімін орындау мақсатында аудандық мәслихат төрағасының өкіміне сәйкес, аудан аумағындағы балалар мен спорт алаңдарының жай-күйін бағамдау мәселесіне қатысты құрылған уақытша жұмыс тобының жетекшісі құзырымен Терісаққан және Шеңбер ауылдық округтеріне арнайы сапармен барды. Сапар барысында топ құрамында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Ташенов пен аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Шоқан Ершұманов болды.

 

Нысандарды аралау кезінде негізгі топ құрамына Терісаққан ауылында округ әкімі Жантөре Өскенбаев, №9 ЖББОМ директоры Ұлан Әбілғазин мен спорт нұсқаушысы Серік Ахметалин қосылса, Шеңберде (Қорғасын) округ әкімі Жаңбырбай Әділбеков бірге жүрді.

Бағамдау қорытындысына сәйкес, жалпы аудан бойынша әзірленген анықтама, тиісінше, одан әрі қарастыру үшін облыстық мәслихат аппаратына жолданатын болады.

19 марта 2026
Сегізінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихатының кезекті ХLV сессиясын шақыру туралы

Ұлытау селосы

Сегізінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихатының кезекті ХLV сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабы 3 тармағы 1-1 ) тармақшасына сәйкес:

Ұлытау аудандық мәслихатының кезекті ХLV сессиясы  2026 жылғы    27 наурызда аудандық мәслихаттың мәжіліс залында  (Абай, 27) сағ: 12:00-де шақырылсын.

         Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:            

  1. «Ұлытау ауданы полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы;
  2. Әр түрлі мәселелер.

     

Төраға                              А.Құрмансейітов

03 марта 2026
Бюджеттің атқарылу сапасы – депутаттар бақылауында

Бюджеттің атқарылу сапасы – депутаттар бақылауында

Ұлытау аудандық мәслихаты бюджет пен қаржы, экономикалық реформа мен заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының 18 ақпан мен 24 ақпанда өткізілген кеңейтілген отырыстарында күн тәртібіне «Аудан аумағындағы тиісті бағдарламалар әкімшілерінің 2025 жылғы бюджеттің тиімді атқарылуын қамтамасыз етуі туралы» мәселе қойылды. Жүргізу тізгінін аталған комиссия төрағасы Эльмира Ершұманова ұстаған жиынға аудандық мәслихат төрағасы, сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.

Комиссия отырыстарында ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің есептері тыңдалып, мұқият зерделенді.

Кеңейтілген құрамдағы комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға әкімдердің әрқайсысы өздеріне қатыстылығы бойынша жауап беріп, халық қалаулылары ортақ мүдде тұрғысынан ортаға салған ескертулер мен ұсыныстар алдағы уақытта тұрақты негізде бақылауға алынып, ескерілетінін мәлімдеді.

Осы ретте кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің басым көпшілігінің аталған мәселеге қолданыстағы заңнамалық құжаттар талабы тұрғысынан сергек қарап, қазына қаражатын мерзімінде әрі тиімді игеруге жете мән беретіні айқын аңғарылғанын атап өткен жөн.

Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырыстарының қорытындысы бойынша тиісті тұжырымдар жасалды. Соған орай, қабылданған қаулы мәлімет үшін аудан әкіміне жолданатын болады.

03 марта 2026
АУДАН БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

АУДАН БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтіп, депутаттар корпусы өңірдің одан әрі дамуы үшін өзекті бірқатар мәселелерді қарастырды. Мандат иелерінің басты жиынын мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары және жергілікті БАҚ өкілі қатысты. Аудан орталығынан сыртқары аумақтардағы мәслихат депутаттары, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері байланыста ZOOM платформасы арқылы болды.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі  мәселелер енгізілді:

- «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин); 

- «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы ХLІІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы» №255 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин);

- «Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин);                                                                                                                                                                                                                                                

- «Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» №248 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин);                                                                                                                                                                                                                   - «Ұлытау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 қаңтардағы      ХLІІІ сессиясының «Ұлытау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №259 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Ерназар);

- «Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы ХХ сессиясының «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» №139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев);

- «Ұлытау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі VIII сессиясының «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Ұлытау ауданы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның комиссиясын құру туралы» №85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев).

Күн тәртібіндегі сауалдарды талқылау барысында депутаттар  тарапынан туындаған сұрақтарға атқарушы билік өкілдері тұщымды жауаптар берді.

Сессияда қарастырылған барлық мәселелерге қатысты оң сипатты шешімдер қабылданды.

25 февраля 2026
БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ – НАЗАРДА

БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ – НАЗАРДА 

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты бюджет пен қаржы, экономикалық реформа мен заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған комиссия төрағасы Эльмира Ершұманова жүргізу тізгінін ұстаған жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Қайырбек, аудандық мәслихат төрағасы Ахат Құрмансейітов, аудан әкімінің орынбасары Алмат Сакипов және аудан әкімі аппаратының басшысы Ғабиден Дүкембаев қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібіне «Аудан аумағындағы тиісті бағдарламалар әкімшілерінің 2025 жылғы бюджеттің тиімді атқарылуын  қамтамасыз етуі туралы» мәселе қойылып, есептері тыңдалды. Соған сәйкес, «Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ (қосалқы негізде – «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» КМҚМ, «Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ), «Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, «Ұлытау ауданының денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ (қосалқы негізде – «Ұлытау ауданының спорт орталығы» КМҚК) басшылары есеп берді.

Басқосу барысында комиссия мүшелері тарапынан туындаған сауалдарға бөлімдер мен коммуналдық мекеме, кәсіпорындар басшылары көңілге қонымды жауап берді. Тиісінше, халық қалаулылары ортақ мүдде тұрғысынан ортаға салған ескертулер мен ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетіні мәлімделді.

Тұрақты комиссияның осы бағыттағы жұмысы әлі де жалғасын табады. Алдағы отырыстарда аудандық деңгейдегі өзге де мемлекеттік мекемелер басшыларының, сондай-ақ, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің есептерін тыңдау, тиісінше, тұжырымдар жасау көзделіп отыр.

20 февраля 2026
Сегізінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLIV сессиясын шақыру туралы

Ұлытау селосы

Сегізінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLIV сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабы 3 тармағы 1-1 ) тармақшасына сәйкес:

Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс ХLIV сессиясы  2026 жылғы    23 ақпанда аудандық мәслихаттың мәжіліс залында (Абай, 27) сағ: 12:00-де шақырылсын.

         Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:      

  1. Ұлытау аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы ХLІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» №247 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Ұлытау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы ХLІІ сессиясының «Ұлытау ауданының 2026-2028 жылдарға арналған кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы» №255 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне,  басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы;
  4. Ұлытау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 қаңтардағы ХLІІІ сессиясының «Ұлытау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы"  №259 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Әр түрлі мәселелер.

     

Төраға                              А.Құрмансейітов

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы