Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қараша №156 шешімі

Ұлытау ауданы  село Улытау

Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қараша №156 шешімі

Ұлытау облысы Әділет департаментінде 2024 жылдың 21 қарашада тіркеліп, нормативтік-құқықтық актілер тізімінде.                             

№ 154-20 жарияланған.

Ұлытау ауданының елді мекендерінің жерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұлытау ауданының елді мекендерінің жерін аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Ұлытау ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

 

А.Құрмансейітов

Дата публикации
27 ноября 2024