Ұлытау ауданының “Құрметті азаматтары”

 

 

Ұлытау ауданының “Құрметті азаматтары” 

                         

№

Аты, тегі, әкесінің аты

“Құрметті азамат” атағы берілген уақыттағы қызметі, өмірбаяны және берілген шешімнің нөмірі

1.

ДОСАНОВ САБЫРЖАН

Аудандық ардагерлер

кеңесінің төрағасы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

2.

АХМЕТБЕКОВ МАЖИТ

Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

3.

БЕКЕТАЕВ ӘЛІПБЕК

шаруа қожалығының иегері

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

4.

БЕЙСЕНБЕКОВ КОНЫСБЕК

 

шаруа қожалығының иегері

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

5.

ДҮЙСЕНБАЕВ ДҮЙСЕБЕК

шаруа қожалығының иегері

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

6.

ҚҰТТЫБАЕВ ҚУАНЫШ

 

шаруа қожалығының иегері

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

7.

ҚАРАЖІГІТОВ АППАЗ БИМЕНДЕҰЛЫ

Жазушы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

8.

МАКЕНБАЕВ ҚАЛКЕН МАКЕНБАЙҰЛЫ

Жезқазған аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

9.

НИЯЗАЛИН СЕРІКБАЙ

 

шаруа қожалығының иегері

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

10.

ТІЛЕУБАЕВ СЕРІК

Аудан әкімі

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

11.

ТӨРЕГЕЛЬДИН МӘКЕН ТӨРЕГЕЛДІҰЛЫ

Жезді тау-кен және балқыту мұражайы директоры

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

12.

МАТКЕНОВ КАДЫР

Қарсақпай мыс қорту заводының директоры

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

13.

ШАРМАНОВ ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНҰЛЫ

Тамақтандыру институтының директоры

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1999 жылғы _____________, № ___ шешім

14.

СМАЙЛОВ КАМАЛ СЕЙТЖАНҰЛЫ

Жазушы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1999 жылғы _____________, № ___ шешім

15.

ТАСМАҒАНБЕТОВ ИМАНҒАЛИ

НҰРҒАЛИҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1999 жылғы _____________, № ___ шешім

16.

БАЙМЕНОВ ӘЛИХАН МҰХАНБЕДИЯҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінің аппарат жетекшісі

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1999 жылғы _____________, № ___ шешім

17.

САЛЫҚОВ КӘКІМБЕК САЛЫҚҰЛЫ

Ақын

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1999 жылғы _____________, № ___ шешім

18.

ТОҚТАМЫСОВ ҚОЙШЫБЕК

Қазақ тілі қоғамының төрағасы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1999 жылғы _____________, № ___ шешім

19.

БАБАТАЕВ АҒАЙЫНБЕК

шаруа қожалығының иегері

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

20.

ӘЛІБЕКОВ СОВЕТ

Мүгедектер қоғамының төрағасы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

21.

ҚАЗАНҒАПОВ ОРЫНБЕК БҰҚАРБАЙҰЛЫ

Аудандық орман тоғай мекемесінің бастығы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

22.

УАЛИНОВ ҚАБЕН

шаруа қожалығының иегері

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

23.

ҚАРАТЕМІРОВ САУЫТБЕК

шаруа қожалығының иегері

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

24.

СӘУЛЕМБЕКОВ МҰРАТ

Аудандық мәслихаттын хатшысы

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

25.

ШӘМІЛ ӘБІЛТАЙ

күйші-сазгер

Ұлытау ауданының мәслихаты, 1998 жылғы _____________, № ___ шешім

26.

АСАНСЕЙТОВ ШАХМАН

1941 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1963 жылы Алматы зоотехникалық-малдаргерлік институтын бітірген. Ауылшаруашылық ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 1963 жылы зоотехник, бас зоотехник қызметтерінен бастаған.

1972-1977 жылдары ферма меңгерушісі, аудандық ауылшаруашылық басқармасында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1977-1990 жылдары Алғабас, Ұлытау совхоздарының директоры.

1990-1992 жылдары аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болды. Одан кейінгі жылдары аудан әкімінің орынбасары, аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы қызметтерін атқарып зейнеткерлікке шыққан.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 22 қаңтар, № 8 шешім

27.

ӨТЕНОВ БАШАР

1928 жылы туған, ұлы қазақ, білімі арнаулы орта.

1943-1946 жылдары Ұлытау аудандық мал дайындау мекемесінің жұмыскері;

1946-1957 жылдары осы мекеменің есепшіі, бас есепші;

1957-1962 жылдары аудандық Совет атқару комитетінің жоспарлау комиссиясының төрағасы;

1962-1970 жылдары Ұлытау және Аманкелді совхоздарының партком хатшысы;

1970-1991 жылдары Жезді кен басқармасында аға инженер, бас есепшідің орынбасары, есепші болып істеген.

1988 жылдан жергілікті дәрежедегі дербес зейнеткер.

Еңбектегі жетістіктері үшін бірнеше медалдармен марапатталған. Отбасында сыйлы, 10 бала тәрбиелеп өсірген жанұя иесі. 

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 22 қаңтар, № 8 шешім

28.

НҰРШАБАЕВ БӨКЕН ӘБДІКӘРІМҰЛЫ

1925 жылы туған, ұлы қазақ, білімі арнаулы орта. 1951 жылы милиция басшыларын даярлайтын Ташкентегі 3 жылдық мектебін, 1971 жылы Қарқаралы қаласындағы малдәрігерлік-зоотехникалық техникумын бітірген.

Еңбек жолын 1944-1954 жылдары Ұлытау РОМВД МГБ-сында комендант көмекшісі, комендант, аға оперативтік өкіл;

1954-1972 жылдары Ұлытау МЖС совхозында партком хатшысы, совхоз директоры;

1972-1982 жылдары Жезді откормпунктінің директоры;

1988-1993 жылдары Жезді автобазасы подхозының бастығы болып қызмет атқарған.

Еңбектегі жетістіктері үшін бірнеше медалдармен марапатталған. 1985 жылдан бері республикалық дәрежедегі зейнеткер.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 22 қаңтар, № 8 шешім

29.

ҚОҢЫРҚҰЛЖИНОВ ӘБДІХАМИТ

1916 жылы туған, ұлы қазақ, жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін ауылшаруашылығы саласында түрлі жұмыстар атқарған.

1933 жылдан қарсақпай темір жолында слесарь, 1935 жылдан Семей финанс-экономика институтына Үкіметтің жолдамасымен келіп түскен, сол жылы Кеңес Әскеріне шақырылған;

1939-1941 жылдары Мәскеудегі штабтың шифровальщик курсында оқыған;

1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан, 1947 жылы елге оралған.

1947-1954 жылдары Ұлытау аудандық партия комитетінде насихатшы, парткабинет меңгерушісі, селхозотделдің меңгерушісі, 2-ші хатшы;

1954-1958 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінде оқыған.

1958-1960 жылдары ауылшаруашылығы инспекциясының бастығы;

1960-1962 жылдары Ұлытау ауданыдқ атқару комитетінің төрағасы;

1962-1965 жылдары аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;

1965-1971 жылдары Жезді райисполкомының бірінші орынбасары;

1971-1976 жылдары Жезді аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, ал 1976 жылдан бері республикалық дәрежедегі зейнеткер.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 22 қаңтар, № 8 шешім

30.

АХМЕТОВ ҚУАНЫШ

1946 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1964 жылы Алматы индустриялық техникумын, 1973 жылы Ленинград политехникалық институтын бітірген. 1973-1977 жылдары Ленинградтағы Бүкілодақтық түсті металдар ғылыми-зерттеу және жобалау институтында инженер-конструктор, сектор бастығы, ал 1977-1991 жылдары Жезқазған кен металлургия комбинатында шахта механигі, шахта бастығы, 1991-1996 жылдары «Халық Кеңесі» газетінің Жезқазған облысындағы тілшісі, 1996-1997 жылдары республикалық «Заң газеті» «Ана тілі» газеттерінде тілші, ал 1997 жылдан осы уақытқа дейін Астанадағы республикалық «Әлем» баспасында бас редактор болып істейді. 1999 жылдың екінші жартысынан бастап Ұлытау өңірінің тарихын тереңдете зерттеуге және осы тақырыпта кітаптар жазуға байланысты творчествалық демалыста.

Ахметов Қуаныш республикаға есімі белгілі журналист-жазушы, дарынды ақын. Еліміздің тарихына, әсіресе ұлытаудың тарихи ролін анықтауда қосып жүрген үлесін айрықша атап өтуге тұрарлық. Әсіресе, оның 1999 жылы омбықаласынан шыққан «Ұлы даланың Ұлытауы» атты кітабының I томы жарыққа шықты. Қазіргі уақытта II томы дайындалуда. Ол – бірнеше шығармашылық байқаулардың жеңімпазы: Б.Бұлқышев атындағы 1992 жылғы, С.Ерубаев атындағы жылғы сыйлықтардың лауреаты, ал 2000 жылы 1996 ЮНЕСКО аясында өткен халықаралық «Түркістанға 1500 жыл» конкурсының лауреаты. Отбасында сыйлы, тәрбие - тәлімді жанұя басшысы.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 22 қаңтар, № 8 шешім

31

АЛПЫСБАЕВ МАЙТОН

1936 жылы туған, білімі жоғары, 1978 жылы СОПК Орталық комитетінің жоғарғы партия мектебін сырттай бітірген.

1955 жылы онжылдық мектепті бітіргеннен кейін 1959 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында болған;

1959-1961 жылдары Қаракеңгір совхозында троктарист, жүргізуші;

1961-1964 жылдары Қарағанды облысаралық совет-партия мектебін зоотехникалық мамандығы бойынша бітірген;

1964-1972 жылдары жезді аудандық партия комитетінде нұсқаушы;

1972-1985 жылдары ұлытау аудандық халық бақылау комитетінің төрағасы;

1985-1989 жылдары Шеңбер совхозының директоры;

1989-1994 жылдары Ұлытау аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы;

1994-2000 жылдары Ұлытау мұражай-қорығының директоры, ал 2000 жылдан бастап зейнеткер. Ол Ұлытау қорық-мұражайын ашуға, қалыптасуына үлкен еңбек еткен азамат.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 16 сәуір, № 8 шешім

32

УАХИТОВ СҰЛТАН

1928 жылы Қарсақпай ауданындағы Білеуті деген жерде дүниеге келген. 1942 жылы 7 сыныпты бітіргеннен кейін колхозшы болып жұмысқа тұрып, күзде колхоз жолдамасымен Қызылорда облысының Сырдария ауданаралық МТС-і 6 айлық тракторлар курсын бітіріп, 1943-1950 жылдары колхозда тракторшы;

1950-1953 жылдары әскер қатарында;

1954-1955 жылдары Қарсақпай мыс қорыту заводының байыту фабрикасында;

1955-1957 жылдары Жезқазған ауданаралық МТС-де механик, бастық;

1957-1959 жылдары Қарсақпай кеңшарының МТМ-нің меңгерушісі, ал 1959-1993 жылдары осы кеңшарда лауазымды қызметтер атқарған.

Кеңшар тараған жылдары өз алдына жер, үлес алып шаруа қожалығын құрған. Қазір зейнеткер, он бала тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасының иесі. 1959 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен мараппатталған. С.Уахитов бірнеше рет ауылдық, аудандық Кеңестердің, ал қазан 1999 жылдан Ұлытау аудандық Мәслихатының депутаты. Халық арасында қадірлі, ел құрметтейтін азамат.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 16 сәуір, № 8 шешім

33.

ҚОЖАМСЕЙТОВ САҒЫНДЫҚ ҮСЕНҰЛЫ

1941 жылы Сарлық ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Ұлытау орта мектебін, 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1959 жылы Ұлытау аудандық газетінде жауапты хатшы болып бастаған.

1961 жылы аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Аманкелді совхозының партком хатшысы,  аудандық «Октябрь туы» газетінде, одан жезді аудандық партия комитетінде үгіт насихат бөлімінің меңгерушісі болып Ұлытау өңірінде 15 жылға тарта әр түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

1975-1989 жылдары Жезқазған облыстық партия комитетінде лекторлар тобының жетекшісі, бөлім меңгерушісі, 1989 жылы облыстық совет атқару комитеті төрағасының орынбасары; 1992 жылы кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының бастығы;

1997 жылдан Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры.

С.Қожамсейтов Ұлытау-Жезқазған аймағындағы тарихи ескерткіштерді қорғауда, оларды төлқұжаттандыруда еңбек еткен. Отырар-Ұлытау кіші Жібек жолының экспедициясын ұйымдастыру комитетін басқарған. Көрнекті ақын жырауымыз Шортанбай, Қожабай, Тайжан, Болман, Нарманбет, шашубай, Баубек, Мұқан; күйшілеріміз Ықылас, Сайдалы сары Тоқа шығармаларын жинауда еңбек атқарған. Оның «Тастар сөйлейді» «Жезқазған: желтоқсан-86» кітаптары шыққан. Мұраған жанынан «Ұлытау-Жезқазған аймағы-бағзы заманнан бүгінгі күнге дейін, тарихи және оны толықтыру жолдары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, оның нәтежиесінде ғылыми этнографиялық экспедиция ұйымдастырып, «Бұланты шайқасы» кітабын шығаруға мұрындық болған.

Көп жылғы еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «ерен еңбегі үшін», «еңбек ардагері» т.б. медалдармен марапатталған.  

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 16 сәуір, № 8 шешім

34.

БЕКМАҒАНБЕТОВ ЕРМАҒАНБЕТ

1923 жылы бұрынғы Атбасар уезі, Ақмола губерниясы Жезді болысының 9 ауылында туған. Қарсақпай орта мектебінде оқып, алғашқы білім алып ФЗУ-ға оқуға түсіп, 1940 жылы токарь мамандығын меңгеріп, механика цехында еңбек жолын бастаған. 1942 жылы ұлы Отан соғысына шақырылып, 1944 жылы ауыр жараланып бірінші топтағы мүгедектігі бойынша елге оралған.

1947-1967 жылдары Аманкелді, Қаракеңгір кеңшарларында бас есепші;

1968-1984 жылдары Аманкелді ауылында есепші, бас есепші, бас экономист болып жұмыс істеген.

Ауыл тұрғындары арасында беделді. «Қызыл ту», «Отан соғысының I-ші дәрежелі» ордендерімен, бірнеше медалдармен марапатталған. Балаларын еңбекке баулып, шаруа қожалығын құрып, 3-4 отбасын біріктіріп басшылық жасап келеді. Көп бала өсірген отағасы. 

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 16 сәуір, № 8 шешім

35

ОСПАНБЕКОВ ШОҚАН МҮСІЛІМҰЛЫ

1936 жылы Терісаққан ауылының «Басбұлақ» елді мекенінде туған. Білімі жоғары. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік педагокиялық институтын, 1986 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы, «большевик» орталау мектебінде мұғалім болып бастаған. Институтты бітіргеннен кейін Ұлытау ауданындағы Қорғасын мектебінде мұғалім болған.

1962-1972 жылдары Сарыкеңгір, Қорғасын мектептерінің директоры;

1972-1973 жылдары Ұлытау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы;

1973-1980 жылдары Қаракеңгір совхозы партия комитетінің хатшысы ;

19801982 жылдары аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі;

1982-1986 жылдары Ұлытау селолық кеңесі атқару комитетінің төрағасы;

1986-1990 жылдары әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі;

1990-1996 жылдары сақтандыру бөлімінің директоры, ал 1996 жылдан бастап еңбек демалысында.

Семьяда үлгілі, балаларының бәрі жоғары білімді. Бірнеше рет алғыстар, Құрмет грамотасымен мараппаталған, жергілікті кеңеске бірнеше рет депутат болып сайланған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 16 сәуір, № 8 шешім

36.

САТАЕВА КҮЛАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ

 

1925 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік педагокиялық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 1943 жылы бітірген.

1943-1948 жылдары Қаскелен ауылында мұғалім;

1948-1951 жылдары Қаскелен аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;

1951-1956 жылдары мектептерде мұғалім болып істеген.

1956 жылдан бастап отбасының жағдайына байланысты Жезді, Ұлытау аудандарында қызмет атқарған. №3 аманкелді орта мектеінде 32 жыл үзіліссіз оқытушылық қызмет атқарып еңбек демалысына шыққан. Қазірзейнеткер, еңбек ардагері.

1960 жылы Қазақ ССР оқу министрлігінің «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағымен, 1978 жылы Қазақ ССР оқу министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 8 бала тәрбиелеп өсірген үлгілі ана.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 6 тамыз, № 8 шешім

37.

НҰРҒАЛИЕВА КҮЛБАН

24 қаңтар 1939 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Қазақ, білімі жоғары.Алматы ауылшаруашылық институтын бітіріп, агроном мамандығын алған. Сонымен қатар Қарағанды педагогикалық институтын мұғалімдік мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1962 жылы №1 Ұлытау орта мектебінде мұғалімдіктен бастап, осы мектепте 1973-1977 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болды.

1977-1980 жылдары Уражайный совхозында мектеп директоры;

1980-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Ұлытау аудандық комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейінде ол мектепте ұстаздық еңбегін жалғастырды. Үлгілі ұстаздық еңбегі ескеріліп, Қазақстан Республикасының «Білім озаты» атағымен марапатталды.

Нұрғалиева Күлбан – 1985 жылдан осы уақытқа дейін аудандық әйелдер Кеңесінің төрайымы, 6 бала өсірген ардақты ана. Ол басқарып жүрген әйелдер Кеңесі жыл сайынғы аналар мерекесі – 8 Наурызды мәнді етіп тойлауға, Наурыз меркесінің талапқа сай өтуіне атсалысып отырады. Әйелдер Кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген кеш республикалық телеарнадан көрсетілген.  

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 6 тамыз, № 8 шешім

38.

ӨМІРБАЕВ СЕЙТЖАН

1940 жылы дүниеге келген. Ұлыт қазақ. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1959 жылы Ұлытау совхозында бастаған.

1969 жылы Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген.

1969-1973 жылдары Ұлытау ауданының Ұлытау совхозында мал дәрігері;

1974-1978 жылдары Ұлытау совхозының партия ұйымының секретары болып жұмыс істеген.

1978 жылы Ұлытау аудандық партия комитетінде нұсқаушы;

1978-1981 жылдары мал азығын дайындау мекемесінде мемлекеттік инспектор;

1981-1985 жылдары аудандық мал бордақылау бөлімінің директоры болып жұмыс істеген.

1986-1989 жыдары аудандық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары;

1989-1998 жылдары Ұлытау аудандық мал дәрігерлік мекемесінің бастығы болып қызмет атқарды.

1998-2000 жылға дейін Ұлытау аудандық аумақтық басқармасының бастығы;

2000 жылдан бастап аудандық «Ұлытау» қорық-мұражайының директоры болып қызмет атқарады.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2001 жылғы 30 қараша, № 7 шешім

39.

САДЫҚОВ ЖАҚИЯ

1942 жылы Ұлытау ауданы, Қаракеңгір ауылында туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1958 жылы Шеңбер кеңшарында автокөлік жүргізушісі болып бастаған.

1965 жылдан 1974 жылға дейін Аманкелді кеңшарында автокөлік механигі, автогараж меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ал 1974 жылдан 1991 жылға дейін партия, шаруашылық басшы қызметтерінде болды.

1991-1997 жылдар аралығында аудан әкімінің орынбасары, Ұлытау селосының әкімі;

1997-2000 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;

2000 жылдан осы уақытқа дейін Ұлытау селолық аймақ әкімі болып жұмыс істейді.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2002 жылғы 21 қаңтар, № 8 шешім

40.

МЫРЗАБЕКОВ БАТЫРБЕК ТЫНЫШТЫҚБАЙҰЛЫ

1948 жылы Ұлытау ауданы, ұлытау селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1972 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1967 жылы Ұлытау селосында клуб меңгерушісі болып бастаған.

1972-1989 жылдар аралығында «Ұлытау өңірі» газетінде, «Октябрь туы» газеты редакциясында журналист, аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің  меңгерушісі, облыстық «Жезқазған туы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редколлегия мүшесі болған.

2001 жылдан бастап Жезқазған қаласында шығатын тәуелсіз «Дауа» газетінің редакторы болып жұмыс істейді. 1994 жылы Жезқазған облысы ақындарының «Сары-Арқа саздары» жыр жинағында «Ұлытау» атты топтамасы, 1995 жылы «Тасбұлақ» атты жыр жинағы шықты. Бұл жинақтар тұтастай туған жері Ұлытау өңіріне арналған.

2001 жылыАстана «Ел Орда» баспасынан «Ұлытау – ұлттың ұясы» атты тарихи – публицистикалық кітабы шықты.

Б.Мырзабековтың ауданды өзінің тарихи публицистикалық материалдары арқылы республика оқырмандарына таныстыру бағытындағы жұмыстарының аудан үшін маңызы зор.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2002 жылғы 21 қаңтар, № 8 шешім

41.

ОМАРОВ САБЫР БАЗЫЛҰЛЫ

1940 жылы туған. Ұлыты қазақ. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1957 жылы Ұлытау ауданының Сарыкеңгір кеңшарында есепші болып бастады. 1959 жылы Алматы мал дәрігерлік институтына түсіп, 1964 жылы бітіріп шықты.

1964 жылдан бастап жезді өндірістік басқармасында зоотехник, 1968 жылы Сарыкеңгір совхозының бас зоотехнигі болып жұмыс істеген.

1971-1978 жылдары ұлытау сүт кеңшарының директоры;

1979 жылы Ұлытау аудандық ауыл шаруашылық басқармасының экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

1985 жылдан Ұлытау аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;

1988 жылы Халық депутттары аудандық кеңесінің төрағасының орынбасары, аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы.

1992 жылы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі;

1993 жылы Ұлытау аудандық тұтыну одағының төрағасы болып қызмет істеген.

2001 жылдың сәуір айынан бастап Сәтпаев қалалық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің бастығы болып қызмет жасайды.

Еңбектегі жетістіктері үшін облыстық кеңестің грамотасымен марапатталған. 2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай ел экономикасының өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР Президентінің алғыс хаты тапсырылды.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2002 жылғы 22 сәуір, № 7 шешім

42.

МҰХАНБЕТ ЖҰМАНАЗАР КӨПЕЙҰЛЫ

1949 жылы Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында туған.

1972 жылы Қазақ политехникалық институтын, 1985 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірді. Негізгі мамандығы кен инженері.

1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, қосымша заңгер мамандығын игерді.

Еңбек жолын 1972 жылы Жезқазғанда №65 шахтаның кен шебері болып бастаған.

1974 жылы комсомол-партия-кеңес жұмыстарында, Никольский қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Жезқазған облыстық партия комитетінің хатшысы, Жезқазған облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Жезді аудандық партия комитетінің екінші хатшысы;

1986-1989 жылдары Қаражал қалалық атқару комитетінің төрағасы;

1989-1990 жылдары облыстық партия комитетінің әлеуметтік экономика бөлімінің меңгерушісі;

1990-1991 жылдары Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, халық депутттары қалалық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы;

1991 жылдан Жәйрем-Атасу еркін-экономикалық аймақтық әкімшілік кеңесінің төрағасы, Қаражал қаласының әкімі.

1995 жылдан ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Парасат орденімен, Жоғары Кеңестің Құрмет грамотасымен мараппаталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2002 жылғы 22 шілде, № 6 шешім

43.

КУЗНЕЦОВ НИКОЛАЙ АЛЕКСЕЕВИЧ

1920 жылы туылған. Ұлыт орыс. Білімі орта арнаулы. Қарқаралы зооветеринарлық техникумын 1941 жылы бітірген. Мамандығы зоотехник. Еңбек жолын 1941 жылы Қарағанды облысы Тельман ауданында учаскелік зоотехник болып бастап, мамандығы бойынша Қарқаралы , Қу аудандарында қызмет атқарған.

1959 жылы Жезқазған аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланып, 1974 жылға дейін 15 жыл жезді ауданында еңбек еткен.

1974 жылдан 1976 жылға дейін Кеңгір тәжірбиелік шаруашылық станциясының директоры, соңынан 1980 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Жезқазған облыстық Зооветснаб мекемесінің мекемесінің бастығы болып қызмет атқарған.

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер.

«Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, бірнеше медальдармен, Құрмет грамоталарымен мараппатталған. Жезқазған облыстық, Жезді аудандық кеңестерінің бірнеше мәрте депутаты болып сайланған.  

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2003 жылғы 28 сәуір, № 7 шешім

44.

ОСПАНОВ СӘРСЕНБАЙ

 

1927 жылы Ұлытау селосында туылған. Мамандықты қысқа мерзімді курстармен сырттай оқу арқылы меңгерген, мамандығы есепші. Еңбек жолын 1945 жылы 13 жасынан бастап, үздіксіз 51 жыл еңбек еткен.

1940 жылдан 1944 жылға дейін Қызылшың колхозында байланыс бөлімінің меңгерушісі;

1944 жылдан 1946 жылға дейін қызылшың колхозының есепшісі;

1946 жылдан 1947 жылға дейін Жігерлі колхозында есепші;

1947 жылдан 1950 жылға дейін Комсомол атындағы колхозда есепші; 1950 жылдан 1952 жылға дейін аудандық тұтынушылар одағында инструктор-есепші;

1953 жылдан 1955 жылға дейін аудандық тұтынушылар одағында аға есепші, ревизер-есепші, бас есепші қызметінде;

1955 жылдан 1959 жылға дейін Сталин атындағы совхозда бас есепші;

1959 жылдан 1963 жылға дейін аудандық тұтынушылар одағының бас есепшіі;

1963 жылдан 1964 жылға дейін Жезді откорм пунктінде аға есепші;

1964 жылдан 1987 жылға дейін Ұлытау совхозында бас есепші;

1987 жылдан 1991 жылға дейін Ұлытау аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас есепшіі болып қызметтер атқарған.

1991 жылдан бері зейнеткер. Ұзақ жылғы жемісті еңбегінің нәтежиесінде бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Тың және тыңайған жерлерді игергендігі үшін» және т.б. бірнеше медалдарымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2003 жылғы 24 шілде, № 5 шешім

45.

МАШАЙЫҚОВ МАҒЗҰМБЕК

 

1939 жылы туған. Білімі жоғары. Қарағанды мемлекеттік университетін 1973 жылы бітірген.

1967 жылдан бастап аудандық газетте қызмет етеді.

1977 жылдан бастап аудандық «Ұлытау өңірі» газетінің редакторы болып үзбей қызмет істеп келеді. 

Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Екі жыр жинағының авторы. Жалпы еңбек жолы 46 жыл болса, соның 36 жылы баспасөз саласында өткен тәжірбиелі журналист. Сонымен қатар М.Машайықов үлгілі жанұя басшысы, төрт бала тәрбиелеп өсірген.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2003 жылғы 24 шілде, № 5 шешім

46.

АСЫЛБАЕВ ЖОЛДЫБАЙ ХАСЕНҰЛЫ

 

1943 жылы туған. Білімі жоғары. ССРО Ішкі істер министірлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1963 жылы Ұлытау совхозында механизатор болып бастаған.

1966 жылдан 1968 жылға дейін ұлытау поселкелік милиция бөлімшесінде милиционер;

1968 жылдан 1972 жылға дейін Жезді АІІБ-де ОБХСС опер. өкілі;

1972 жылдан 1976 жылға дейін Ұлытау ауданында ОБХСС-тің аға опер. өкілі;

1976 жылдан 1982 жылға дейін Ұлытау ішкі істер бөлімінде аға тергеуші;

1982 жылдан 1986 жылға дейін жезді АІІБ-де ОБХСС-тің аға оперативтік өкілі;

1986 жылдан 1992 жылға дейін аға тергеуші;

1992 жылдан 1993 жылға дейін ға тергеуші;

1992 жылдан 1993 жылға дейін жезді АІІБ-нің бастығының орынбасары, әрі жергілікті милиция бастығы болып қызмет атқарған.

1993 жылдан бері зейнеткер.

Ұзақ жылғы үздік еңбектері үшін 1979 жылы «Милиция үздігі» белгісімен, 1984 жылы «Ішкі істер органында үздіксіз 20 жыл еңбегі үшін»1-ші дәрежелі медалімен, 1989 жылы «еңбек ардагері» медалімен және бірнеше рет Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2003 жылғы 24 шілде, № 5 шешім

47.

МАХАНОВ НЫҒЫМЕТ МАХАНҰЛЫ

 

1924 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Социал советінде дүниеге келген.

Еңбек жолын 1941 жылы Қарсақпай мыс зауытында темір жонушы болып бастаған. 1942 жылдың 5 қыркүйегінде Қызыл Армия қатарына шақырылады.

1942-1945 жылдары Батыс, Брянск, III Украин, II Беларус майдандарында жаумен шайқасады. 1946 жылдың 28 қаңтары 1950 жылдың желтоқсаны аралығында Украин ССР-ның  Дрогобычский облысында жасырын ұлттық топтарды жоюға қатысқан.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «II дәрежелі Отан соғысы» ордені, «ССРО Қарулы күшіне 50 жыл» мерекелік медалі, «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20 жыл» мерекелік медалі, «ССРО Қарулы күшіне 60 жыл» мерекелік медалі, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалі, «1941-1945 жылдардағы Соғыс Ардагері белгісі», «Совет Армиясы мен Флотына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Елге оралған соң 1951-1952 жылдары кен басқармасында спорт инструкторы;

1952-1954 жылдары сельхозтехникада бас инженер;

1958-1984 жылдары жол мекемесі мен кен байыту басқармасында темір жонушы болып еңбек еткен. 1984 жылдан бері зейнеткер.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

48.

МОЛДАБАЕВ ТӘЖІКЕН

 

1922 жылы 15 қаңтарда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақпай поселкесінде дүниеге келген.

Еңбек жолын 1938 жылы Қарсақпайдағы темір жол депосында жұмыскер болып бастаған.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 10 ай Хабаровск қаласында дайындықтан өткеннен кейін 1943 жылы II Беларус майданына соғысқа жіберіледі. Майдан даласында екі рет жараланып, 1945 жылы ақпан айында елге оралады. Елге келіп өзі жұмыс істеген Қарсақпай темір жол депосына жұмысқа орналасады.

1950 жылдан Жезді поселкесіне келіп, сельхозтехника мекемесіне жұмысқа орналасып, 1974 жылы зейнеткерлікке шығады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «I дәрежелі Отан соғысы» орденімен,  Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 30, 40, 50 жыл толуына орай  мерекелік медалдарымен, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен, «1941-1945 жылдардағы Соғыс Ардагері » белгісімен, марапатталған. II топтағы мүгедек.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

49.

САРИНОВ КОЗЛОВ ҰЗАҚБАЙҰЛЫ

 

1925 жылы 8 наурызда Қарағанды облысы Жезқазған ауданы, Қарсақпай қалашығында дүниеге келген.

Еңбек жолы 1940 жылдан басталады. 1943 жылы әскер қатарына алынып, 1944 жылдын наурыз айында 58-дивизияның құрамында 4-ші Украин майданының Сиваш бағытында ұрысқа кіреді. Ұлы Жеңісті 1945 жылдың 8 мамырында Чехославакияның астанасы Прага қаласында қарсы алады. Соғыс аяқталған соң да Венгрия мен Украинада 1 жыл 6 ай әскери міндетін атқарады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Отан соғысы» орденімен, «Праганы азат еткені үшін» және «Берлинді алғаны үшін» медалімен, «Ұрыста көрсеткен ерлігі үшін» медалімен,  «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен, «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

50.

ЕРБОСЫНОВ ӘБДРАХМАН

 

1926 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген.

Әскер қатарына 1944 жылдың қазан айында шақырылады. Воронеж қаласында, Венгрияның Будапешт қаласындағы лагерді күзетеді.

1945 жылдың қараша айынан 1949 жылға дейін Чехословакияның Боронежет қаласында әскер қатарында болады.

1950 жылы әскер қатарынан босап елге келіп бейбіт еңбекке араласады.

1953 жылға дейін милицияда, одан соң Қарсақпай мыс зауытында жұмыс істеп, цех бастығы қызметтеріне көтеріледі.

Ербосынов Әбдрахман халық арасында қадірлі, ел құрметтейтін азамат. Соғыста көрсеткен еңбектері үшін бірнеше медалдармен марапатталған. Сонымен қатар еңбектегі жетістіктері үшін көптеген мақтау қағаздары бар.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

51.

ЛИСОТО АДАМ АНИСИМОВИЧ

 

1927 жылдың 8 наурызында Говенск облысы, Карецкий ауданы, Морозовка селосында туған.

Еңбек жолын 1944 жылы Донецк қаласындағы Путилов әскери зауытында жұмыскер болып бастайды. Сол жылы әскер қатарына шақырылып, 160-шы атқыштар полкінің сапында ұрысқа кіріседі. 1951 жылы Воронеж қаласындағы әскери бөлімнен босатылып, Ровенск облысы Морозовка селосында учаскелік инспектор болып қызмет атқарады.

1955 жылы жұбайы Лисота Пелагея Филипповна екеуі Қазақстанға, Қарағанды облысы, Қарсақпай қалашығына келеді. Қарсақпай металургия зауытына тас қалаушы болып жұмысқа тұрып, осы жерден 1987 жылы зейнеткерлікке шығады.

Соғыс жылдарындағы ерліктері үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «1941-1945 жылдардағы Соғыс Ардагері » белгісімен, марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

52.

ҮСЕНОВ ДӘУРЕНБЕК

 

1916 жылы 15 наурызда Ұлытау ауданы, 1 май колхозында дүниеге келген.

1939 жылы әскери қызметке шақырылады. Алғашқы ұрысқа 442-ші артиллериялық полктың сапында Беларуссияның Гомель қаласы түбінде кіреді. Украина, Беларус, Сталинград, Одессаны қорғауға қатысады. Туған елге 1946 жылдың қыркүйек айында оралады.

Елге келген соң 1946-1965 жылға дейін ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп, ферма басқарушысы болады. 1966-1979 жылдар аралығында шопан таяғын қолға ұстап қой бағады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен,  «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен, «1941-1945 жылдардағы Соғыс Ардагері » белгісімен, марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

53

ЖҮКЕНОВ НИЯЗБАЙ

1923 жылы дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылады. №27 атқыштар полкінің құрамында жаумен шайқасқа кіреді. Смоленск, Орел қалаларын жаудан азат ету ұрыстарына қатысады.

Соғыстан соң туған ауылы Қаракеңгір ауылына келіп, бейбіт еңбекке араласып, 1993 жылы зейнеткерлікке шығады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен және бірнеше медалдармен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

54.

ЖАНҰЗАҚОВ ЗАМАН

 

 

1921 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. 1941 жылы соғысқа аттанып, Курск, Орел бағытындағы майданда соғысады. 1944 жылы жараланып елге қайтады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен,  «Жауынгерлі ерлігі үшін» медалімен және Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 30, 40, 50, 55 жыл толуына орай  мерекелік медалдарымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

55.

БАЛМАҒАМБЕТОВ АРҒЫНҒАЗЫ

 

1920 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Алғабас колхозында дүниеге келген. 1941 жылы қараша айында әскер қатарына шақырылып, Мәскеу түбінде ұрысқа кіреді.114-ші ерекше атқыштар бригадасында және 295-ші гвардия полкінің құрамында соғысады. Үш рет жараланып, 1944 жылы елге оралады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «I дәрежелі Отан соғысы» орденімен  және Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 30, 40, 50, 55 жыл толуына орай  мерекелік медалдарымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

56.

АҚЫЛБЕКОВ БАЙБОСЫН

 

1924 жылы Қарағанды облысы, Жыланды селосында дүниеге келген. 1943 жылы әскерге шақырылып, Беларус майданында 442-ші артиллериялық полктың құрамында ұрысқа араласады. Беларуссияның гомель қаласы түбінде болған ұрыста жараланады. Елге келген соң бейбіт еңбекке араласады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталады. Сонымен қатар «Беларус Республикасын неміс-фашист басқыншыларынан азат етудің 60 жылдығы» және Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 30, 40, 50, 55 жыл толуына орай  мерекелік медалдарымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

57.

ЕСКЕНДІРОВ МҰҚАНБЕДИЯ

 

1916 жылы дүниеге келген. Соғыс басталған жылдың күзінде майданға аттанады. Негізгі майдан жолдары Украина, Беларуссия жерлерінде өтеді. Сталинградты, Одессаны қорғауға қатысады.  

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «I, II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлі ерлігі үшін» медалімен Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 30, 40, 50, 55 жыл толуына орай  мерекелік медалдарымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

58.

КҮНЕДІЛОВ СӘДІБЕК АУЕСХАНҰЛЫ

 

1923 жылы қарағанды облысы, Ұлытау ауданы айыртау бауырында дүниеге келген. 1940 жылға дейін Қарсақпайдағы ФЗО-ны бітіріп, қарсақпай мыс балқыту заводында аға балқытушы болып жұмыс істеген.

1942 жылы Қарсақпай аудандық әскери комиссариатында әскерге шақырылып, Новосибирск қаласына аттанады. Новосибирск қаласында әскери дайындықтан өтіп, 1943 жылдың ақпан айында Воронеждегі №21 ауыр минометшілер бригадасының құрамында соғысқа кіреді. Курск, Орел майданында соғысып, Латвияға дейін жетіп, Латвияның Маден қаласы түбінде ауыр жарақат алады. Күнеділов Сәдібек Румыния, Молдавия, Австрия, Венгрия елдерін неміс басқыншыларынан азат ету жорықтарына қатысып, елге 1948 жылы оралады.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлі ерлігі үшін» медалімен Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 30, 40, 50, 55 жыл толуына орай  мерекелік медалдарымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2005 жылғы 26 сәуір, № 12-5 шешім

59.

РАЙЫМБЕКОВ АХАТ

1929 жылы 15 наурызда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1942 жылы “Өрнек” колхозында есепші болып бастады. 1944-1950 жылдары “Бала-Жезді”, “Лениншіл” колхоздарында есепші болып істесе, 1952 жылы “Социал” ауылдық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Тың және тыңайған жерлерді көтеру жылдары Ұлытау ауданының колхоздары мен совхоздарын басқарды. 1954-1957 жылдарда Алғабас, Қызылту колхоздарының төрағасы болса, 1957-1958 жылдары Шеңбер совхозының директоры болды. 1958-1960 жылдары Сарыағаш ауданының “Қапланбек” ауылшаруашылық мектебінде оқып, агроном мамандығын алған ал, 1968 жылы Қарағанды педагогика институтының биология фаультетін тамамдаған.

1961-1966 жылдар аралығында  Қарсақбай совхозында бас агрономы болды.

1966-1976 жылдары Қарсақбай ПТШ-183-те директоры болды;

1976-1983 жылдары аралығында Жезді аудандық тұтыну қоғамының төрағасы;

1983-1986 жылдары Жезді кен басқармасының қосалқы шаруашылығында директор болып еңбек етті;

1986-1990 жылдар аралығында аудандық партия комитетінің мүшесі, Жезді ауданы мекемелері партия ұйымдарының тексеру комиссиясының мүшесі;

1990-1998 жылдар аралығында Жезді ауданының “Қазақ тілі” қоғамын басқарды.

“Құрмет белгісі” орденімен, “1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін”, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін”, “Еңбек ардагері”, “В.И.Лениннің туғанына 100 жыл”, бүкіл одақтық халық шаруашылығы көрмесінің медалімен және “Тыңға 50 жыл” мерекелік медалімен марапатталған, 3 рет Жезқазған облыстық халық депутаттары кеңесінің мақтау грамотасын алған.

1976 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің, Жоғарғы Кеңес Президиумының және Министрлер Советінің қаулысымен еңбектегі ерен табысы үшін аты Қазақстан ССР-ң “Алтын Құрмет Кітабына” жазылған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2006 жылғы 20 наурыз, № 18-5 шешім

60.

КУЛАХМЕТОВ СОВЕТ

1938 жылдың 5 ақпанында Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Аманкелді совхозында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1957 жылы Қарағанды қаласының №28 ауылшаруашылығы техникасының мамандарын дайындайтын училищені бітіріп Аманкелді совхозында тракторист, егін бригадирі, машина-трактор паркінің басшысы, совхоздың бас инженері болып жұмыс еңбегін бастаған.

1973 жылдың шілде айынан қараша айына дейін Жезді аудандық “Казсельхозтехника” мекемесінің жабдықтау бөлімінің бастығы.

1973-1982 жылдары аралығында Жезді аудандық жол бөлімінің бастығы.

1982-1988 жылдары аралығында Жезді аудандық “Казсельхозтехника” мекемесінің бастығы.

1988-1991 жылдары аудандық жол бөлімінің бастығы.

1991-1993 жылдары аралығында аудандық экология комитетінің бастығы болып еңбек  етіп, осы жылы зейнеткерлікке шыққан. Жезді қалашығының бірнеше рет депутаты, Жезді аудандық партия комитетінің тексеру комиссиясының мүшесі болды. Еңбегі ескеріліп 2004 жылы “Тыңға 50 жыл” мерекелік медалімен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2006 жылғы 6 мамыр, № 19-8 шешім

61.

МАХАНОВ МУХАН

1941 жылдың 21 желтоқсанда бұрынғы Жезді ауданы, Байқоңыр селосында дүниеге келген. Білімі арнаулы.

1954 жылдан бастап Қарсақбай қалашығында темір жол бөлімшесінде жөндеуші болып еңбек жолын бастаған.

1970-1974 жылдары Жезқазған мыс зауытын салуға қатысқан.

1974-1980 жылдары Жезді аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас инженері.

1980 жылы Жезді аудандық жол бөліміне бас инженер болып тағайындалып, сол уақыттан осы кәсіпорында жұмыс істеп келеді. Жезді ауданындағы барлық көтерме, асфальт жолдарын, кент көшелерін абаттандыруға тікелей араласып басшылық жасаған. В.И.Лениннің 100 жылдығы, еңбек ардагері медалдарымен, Құрмет мадақтамалары мен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2006 жылғы 6 мамыр, № 19-8 шешім

62.

БЕКМАҒАМБЕТОВ БІТІМБАЙ

1932 жылы 9 мамырда Ұлытау ауданы, Қаракеңгір совхозында дүниеге келген.

Еңбек  жолын 1948 жылы  Жезқазғанның №31 кен орнынан бастаған.

1952-1957 жылдары аралығында Алматы қаласындағы ҚАЗМУ-дің экономист-агроном мамандығы бойынша оқып шығып 1957 жылы Қаракеңгір совхозындағы бас үнемдеуші маманы.

1973-1976 жылдары Алғабас совхозының директоры.

1976-1992 жылдары аралығында Егінді совхозының директоры.

1976 жылы “Құрмет белгісі” ордені, 1981 жылы “Еңбек Қызыл Ту” ордені, 1982 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советі “Құрмет грамотасы”,СССР-дің халық шаруашылық жетістіктері көрмесі бас комитетінің “Қола” медалі, 1984 жылдары әлемдік қор Кеңес басқармасының “Құрмет грамотасы”, Жезқазған облыстық атқарушы комитетінің “Тың жерді игергені үшін” медалі, 1989 жылы Облыстық халықтық депутаттар Кеңесінің “Еңбек ардагері” медалімен “Грамотасы”, 1992 жылы Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің “Құрмет грамотасы”, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің “55”, “60” жылдығы құрметіне “1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері” Белгісі, тың игерудің “20”,“25”, “30”, “50” жылдық медалдері мен Қарағанды облысы әкімінің “Құрмет грамотасының” иегері.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2006 жылғы 6 мамыр, № 19-8 шешім

63.

ХАМЗИН МҰХТАР ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

1955 жылы 24 наурызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұра совхозында дүниеге келген.

Еңбек  жолын 1972 жылы Шет ауданының “Кеншоқы” кеңшарында қарапайым жұмыскерден бастап, 1973-1975 жылдары аралығында Кеңес Әскері қатарында жедел қызметін атқарған. 1980 жылы ҚарМУ-дің құқықтану мамандығын алады.

1981-1987 жылдары Шет ауданы прокурорының тергеушісі.

1987-1990 жылдары Жезқазған облысы прокурорының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.

1990-1999 жылдары Қаражал қаласының, Тоқырауын және Шет аудандарының прокуроры.

1999-2000 жылдары аралығында Қарағанды облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры.

2000-2004 жылдары Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет еткен. 2004 жылдан бастап Ұлытау ауданының прокуроры. Әділет Кеңесшісі шені мен Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының “Қазақстан Республикасындағы прокуратура саласының Құрметті қызметкері” атағының иегері.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2006 жылғы 6 мамыр, № 19-8 шешім

64.

ЖАКУПОВА ТЕНТЕК

1948 жылы 13 ақпанда Ұлытау ауданы, №6 ауылда дүниеге келген.

Еңбек жолын 1969 жылы Жезқазған қаласындағы медициналық училищені фельдшер мамандығы бойынша бітіріп Ұлытау учаскелік ауруханасына қарасты Бозшакөл, Айыртауда фельдшер болып бастаған.

1969-1972 жылдары аралығында Бозшакөл, Айыртау фельдшерлік, акушерлік пункт меңгерушісі.

1972-1974 жылдары балалар медбибісі.

1974-1976 жылдары аудандық дезинфекциялық станция меңгерушісі.

1976-2006 жылдары аралығында аға медбибі болып қызмет етіп, осы жылдың ақпан айынан бастап зейнеткерлікте.

Бірнеше рет Ұлытау аудандық партия комитетінің мүшесі Ұлытау ауданы бастауыш партия ұйымдарының тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланған.

1972-1987 жылдары аралығында аурухана жанындағы бастауыш комсомол, партия ұйымдарының хатшысы болды. Осы жылдары аудандық әйелдер Кеңесінің мүшесі болған. 1990 жылы “Еңбек ардагері” медалінің иегері. 1991 жылы және 2005 жылы ел басы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын алған. Бастауыш партия ұйымының төрайымы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне “10 жыл” мерекелік медалімен марапатталған. Бірнеше рет облыстық, аудандық денсаулық сақтау орындарының алғысы мен мақтау қағаздарын алған. Екінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2006 жылғы 6 мамыр, № 19-8 шешім

65.

АЗИМБАЕВ БАЙЗАҚ

1943 жылдың 25 наурызында Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Сарысу совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды қаласындағы педагогикалық институттын физика-химия мамандығы және Целиноград ауыл шаруашылығы институтының инженер-зоотехник мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 1966-1971 жылдары №7 Сарысу орта мектебінде физика-химия пәнінің мұғалімі болып  жұмыс еңбегін бастаған.

1972-1974 жылдары Жезді аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.

1974-1975 жылдары Жезді аудандық мамандандырылған одақ кеңесінің төрағасы.

1975-1978 жылдары Жезді аудандық атқару комитеті кеңесінің төраға орынбасары.

1978-1983 жылдары аудандық бақылау комитетінің төрағасы.

1983-1986 жылдары Сарысу совхозындағы партия комитетінің хатшысы.

1986-1992 жылдары ХХІІІ партия съезі атындағы совхоздың директоры.

1992-1994 жылдары Сарысу ұжымдық бірлестігінің жекешелендіру жөніндегі торағасының орынбасары.

1994 жылдан осы уақытқа дейін Сарысу шаруа қожалығы төрағасының орынбасары, мал маманы. Осы уақытқа дейін қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып келеді.

Еңбек еткен жылдары Бүкіл Одақтық және Қазақстан Жастар Одағы комитетінің құрмет мадақтамасымен, облыстық ауыл шаруашылығы департаментінін бірнеше мәрте мақтау қағаздарымен мараппатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2006 жылғы 25 желтоқсан, № 22-34 шешім

66.

АЙМАҒАНБЕТОВ ТҮСІПӘЛІ

1926 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысы, Қарсақпай ауданы, Октябрь колхозында дүниеге келген. Білімі орта.

Еңбек жолын 1939 жылы Лениншіл колхозында бастаған.

1945-1955 жылдары Жезді кен басқармасының электригі.

1955-1956 жылдары Свердловск қаласында алты айлық «Тау-кен электромеханигі» курсын оқып келген соң, подстанцияның шебері.

1956 жылы Челябинск қаласында алты айлық «Релеелік қорғаныс шебері» курсын  оқып келіп екі жарым жыл карьердің механигі.

1968-1979 жылдар аралығында «Орталық шахта» механигі болып қызмет етіп, осы жылы зейнеткерлікке шыққан.

Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып екі рет ауылдық Кеңестің, екі рет аудандық партия комитетінің депутаты болып сайланған.

1991-1994 жылдар аралығында Жезді кенті ақсақалдар Кеңесінің төрағасы. Жезді кең басқармасында көп еңбек жыл етуіна байланысты «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл», «60 жыл», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медалдарымен, Орталық және облыстық кәсіподақ комитеттерінің және қара металлургия министрлігінің «Құрмет мадақтамаларымен» марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2007 жылғы 16 сәуір, № 24-12 шешім

67.

КАМАЛОВА ҚУАНЫШ КАМАЛҚЫЗЫ

1939 жылғы 12 маусымда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының, Ұлытау селосында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының химик-биолог мамандығын алған.

Еңбек жолын Ұлытау селосындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1962 жылдары Ұлытау аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына сайланған. Аудандық комсомол комитетімен жастар және жас өспірімдер арасында тұрақты түрде болып, олардың беделін көтеру үшін көп еңбек сіңірді.

1967-1991 жылдар арасында Жезді аудандық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. Кейін Жезді оқушылар үйіндегі экология үйірмесіне жетекшілік жасаған.

Соңғы жеті жылда №6 Жезді орта мектебінің 10-11 сыныптарға химия пәнінен дәріс береді. «Еңбек ардагері» медалі, «Бүкілодақтық Лениншіл коммунистік жастар одағына 70 жыл», «В.И.Лениннің атымен 60 жыл» мерекелік, естелік белгілері мен облыстық, аудандық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеттерінің мадақтамаларымен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2007 жылғы 16 сәуір, № 24-12 шешім

68.

ТЕМИРБЕКОВ СЕИТЖАН  

1929 жылдың 01 қаңтарында Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Кішітауда Обалы елді мекенінде дүниеге келген.

Білімі бастауыш. Еңбек жолын 1942 жылы Қарсақбай темір жол торабында жұмыс істеген.

1957 жылы үш колхоз ірілендіріліп, Аманкелді совхозы құрылғанда №4 «Боздақ» бөлімшесінде зоотехник.

1960-1986 жылдары аталған ферманың меңгерушісі, осы қызметпен зейнеткерлікке шыққан. Мал шаруашылығын дамытудағы еңбегі үшін «Ауылшаруашылығы Озаты», «Лениннің 100 жылдығы» медалдарымен және «Бүкіл Одақтың социалистік жарыс озаты» белгілерімен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2008 жылғы 25 желтоқсан, № 114 шешім

69.

МЫШАНОВ БАКЕН

1929 жылдың 01 қаңтарында Жезқазған облысы, Қарсақбай ауданы (қазіргі Ұлытау ауданы), Қаракеңгір ауылында дүниеге келген.

Білімі бастауыш. Еңбек жолын әртүрлі жұмыстармен бастап совхоз құрылған жылдары мен колхоз уақытында аға шопандық жұмысын атқарған. Ауылшаруашылық өнімдерін тапсыруда жоғарғы көрсеткіштерге үнемі қол жеткізгендігі үшін «Социалистік Еңбек Ері», «Лениннің 100 жылдығы», «Еңбек ардагері», «Он екінші бес жылдық екпіндісі», «1973 жылғы социалистік жарыстын жеңімпазы» «Тыңға 50 жыл» және тағы басқа медалдармен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2008 жылғы 25 желтоқсан, № 114 шешім

70.

ЕРМАНОВ ЖУРСИН МОЛДАШЕВИЧ  

1951 жылдың 12 ақпанында Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Еңбек жолын Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған.

1971-1978 жылдары Жезқазған облыстық телерадиокомитетінде аға редактор.

1978-1980 жылдары бас редактор.

1982-1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарында бас редактор.

1992-1996 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақ мемлекеті» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары, «Қазақстан қанаты»-«Крылья Казахстана» газетінде бас редакторы қызметтерін атқарған.

1997-2003 жылдары Шығармашылық жұмыста болған.

2003-2006 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығында жетекші ғылыми қызметкер-зертхана меңгерушісі.

2006 жылдың сәуір айынан бері Қазақ радиосының Бас директоры.

Ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, «Арайлы күн, армысың» жыр жинағы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының иегері (1986ж.), Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер (2005ж.), «Ұлытауға бардың ба...» (1989ж.), «Құдіретке жүгіну» (2005ж.), «Екі тізгін, бір шылбыр» (2007ж.), «Құстың көлеңкесі» таңдамалы (2007ж.) кітаптарының авторы.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2008 жылғы 25 желтоқсан, № 114 шешім

71.

СЕЙТКАЗИНОВ МУХАНБЕТКАЛИ  

1956 жылдың 04 сәуірінде Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Шеңбер совхозында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Еңбек жолын Ұстаздық қызметпен бастаған.

1974-1976 жылдары Кеңес Армиясы қатарында.

1976-1981 жылдары Жезқазған педагогикалық институтының студенті.

1981-1983 жылдары Ұлытау ауданының №6 алғабас орта мектебінің ұстазы.

1984-1987 жылдары Ұлытау ауданы, Шеңбер совхозында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы.

1986 жылы Қазақстан ЛКСМ ХVІ съезіне делегат болып қатысқан.

1987-1994 жылдары Шеңбер совхозының кәсіподақ ұйымының төрағасы.

1994-1996 жылдары Қорғасын селосының әкімі.

1997-2000 жылдары аудан әкімі аппаратының Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі.

2000 жылдан бастап Ұлытау ауданының №2 Қорғасын орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып келеді.

Айтыскер ақын, «Ақтұма» атты жыр жинағының авторы.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2008 жылғы 25 желтоқсан, № 114 шешім

72.

ДАНИЯРУЛЫ ШАМБУЛ

1940 жылы 01 қаңтарда Ұлытау ауданы, Борсеңгір селолық округінде дүниеге келген.

1957 жылы Жезқазған поселкесіндегі №10 орта мектепті «Күміс» медалімен бітірген. Сол жылы Қарағанды мемлекеттік педагогиялық институтына сырттай оқуға түсіп, 1964 жылы химия-биолгия мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын мұғалім болудан бастаған.

1966-1973 жылдары №8 орта мектепте өңдірістік оқу жөніндегі метеп директорының орынбасары,

1973-1983 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары,

1983-1988 жылдары Жетіқоңыр селолық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарған.

1991-1993 жылдары Кеңес төрағасына қайта сайлаған.

1993 жылы Борсеңгір селолық округінің әкіміне тағайындалып, 1995 жылы зейнеткерікке шыққан. Бірнеше мақтау қағаздары бар.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2009 жылғы 30 қараша, № 173 шешім

73.

ТУСИПБЕКОВ ДОСКЕН

1940 жылдың 01 қаңтарында сол кездегі Ұлытау ауданы Байқоңыр совхозында дүниеге келген.

1960 жылы Алматы облысы, Талғар қаласындағы ауылшаруашылық техникумына түсіп, 1963 жылы бітірген. Ферма зоотехнигі, мұғалім, селолық кеңестің төрағасына дейін көтерілген. Ауылдың мәдени жұмыстарын, халық ағарту саласын, медицина жұмыстарын жолға қоя білген азамат ретінде танылған. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» медалімен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2009 жылғы 30 қараша, № 173 шешім

74.

СЕРКЕБАЕВА МАЙРА РАХЫМБЕКҚЫЗЫ

1948 жылы 15 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1950 жылы Жаңаарқа ауданындағы «Өспен» кенішіне қоныс аударып, сол жерде орта мектепті бітіріп, Қарағанды педагогиялық институтында білім алған.

1970-1972 жылдары Жезді ауданындағы №4 Байқоңыр орта мектебінде, 1972-1976 жылдары Ұлытау ауданының Алғабас орта мектебінде  мұғалім болып қызмет атқарған.

1976-1980 жылдары Ұлытау ауданы партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарған.

1980-1985 жылдары Халық депутаттары Ұлытау аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасының орынбасары қызметіне ауысқан.

1985-1991 партия комитетінің хатшысы, II хатшысы болып еңбек еткен.

1991-2002 жылдары №6 Жезді орта мектебінің директоры болып қызмет атқарған.

Қазіргі уақытта С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалы-драма театрының директоры болып қызмет атқарады. «Қазақстан Республикасының 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2009 жылғы 30 қараша, № 173 шешім

75.

КОЖАСОВА УЛМЕКЕН КАСЕНОВНА

1958 жылы 18 қазанда Ұлытау ауданы, Қарсақбай кентінде дүниеге келген.

1976 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институның дәрігерлік факультетіне түсіп, 1982 жылы бітіріп шыққан.

1982-1983 жылдары Жезқазған облыстық ауруханада терепевт болып қызмет атқарған.

1983 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарсақбай кентінде дәрігер болып еңбек етіп келеді. Бірнеше мақтау қағаздары бар.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2009 жылғы 30 қараша, № 173 шешім

76

ЖАНЫСБАЕВ ТУҒАНБАЙ БАЙҒАБЫЛҰЛЫ

1945 жылдың 15 тамызында Ұлытау ауданы, Қарсақбай кентінде дүниеге келген. 1953 – 1964 жылдар аралығында №1 Қарсақбай қазақ орта мектебінде білім нәрімен сусындаған. 1964 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1970 жылы аяқтаған. 1973 жылы Жезқазған облыстық денсаулық сақтау саласында, Жезқазған облыстық дезинфекция, санэпидемстанция саласында басшылық қызмет атқарған Туғанбай Байғабылұлы бүгінде Алматы жанындағы «Ақ бұлақ» шипажайының директоры қызметін атқарады.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2010 жылғы 25 желтоқсан, № 309 шешім

 

77

БОЛМАНОВ ҚЫДЫРАЛІ НҰРТАЙҰЛЫ

1964 жылы 19 мамырда Жезқазған облысында, Қарсақбай кентінде, отбасылы.

1987 жылы Грозном қаласында жастар конкурсында  Лауреат атанған. 1988 жылы «Жігер-88» Республикалық конкурстың лауреаты.

1990 жылы Дании қаласында «Бирихольм-90» Халықаралық конкурстың бірінші иегері.

1991 жылы  Т. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясын бітірген. 1991 жылы «Азия дауысы» халықаралық конкурстың  дипломанты.

1993-2001 жылдарға дейін  Халықаралық конкурстардың жүлдегері атанған. 2001 жылы «Золотой диск» атты дипломның жүлдегері болған. 2001 жылы ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлынан  Алғыс хат берілген. 2010 жылы «Бал-бала» атты проектіні жасаған және  Қазақстанда ен бірінші құрған идеяның авторы. 

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2010 жылғы 25 желтоқсан, № 309 шешім

78

АЛТЫНБАЕВ МҰХТАР ҚАПАШҰЛЫ

1945 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды  қаласында дүниеге келген. 1964 жылы №26 орта мектебін бітірдім. 1963 жылы Қарағанды қаласының Әуе ұшқыштарын дайындау орталығына оқуға түстім. 1964 – 1969 жылдары Қарағанды  шахтасында жұмыс істеген.

1966 жылы Қарулы Күштер қатарына шақырылып, Кинель Черкасском ДОСААФ оқужаттығу орталығын аяқтап, кіші лейтенант атағымен запасқа жіберілген. 1966 жылы Қарағанды қаласындағы шахтада жұмысымды жалғастырған.

1966 жылы  Қарулы Күштер Қатарына өз еркіммен  шақырылған.

1970 – 1977 жылдары сырттай жоғары оқу орнын  ПВО бітірген.  1985 жылы Военный академияны  бітірген.

1996 жылы Президенттің бұйрығымен қорғаныс Министріне тағайындалып, Өмірінің бәрін  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге арнаған.

1978 жылы 21 ақпанда  «За службу Родине в Вооруженных Силах СССР» ІІІ-категориялы орденімен  және 2003 жылы 5 мамыр да «Барыс» ІІ категориялы ордендерімен марапатталған.

2006 жылы 6 мамырда «Халық қаһарманы» атағы беріліп, «Отан» ордені берілген. Отбасылы.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2010 жылғы 25 желтоқсан, № 309 шешім

79

ШЫНБЕРГЕНОВ ТАҚАН

1938 жылдың 13 қатарында Ұлытау ауданы, Аралтөбе совхозында дүниеге келген. 1943-1946 жылдар аралығында анасымен бірге қойшының көмекшісі болған. 1946 – 1953 жылдар аралығында орта мектепте білім алған. 1954 жылы «қызыл комуна» колхазында механизатор – тракторист, 1956 жылы осы совхозда шафер, 1958 жылы аудандық тұтынушылар қоғамында автодүкенші болып жұмысқа қабылданған зейнеткерлікке 2004 жылы аталған мекемеден шыққан.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2010 жылғы 25 желтоқсан, № 309 шешім

80

ОРАЗБЕКОВ БЕКІШ

1930 жылдың 25 қаңтарында Ұлытау ауданы, Үлгілі колхозында дүниеге келген. 1953-1954 жылдар Қарқаралы ауылшаруалық мектебін бітірген. Ұлытау совхозында ферма меңгерушісі, бөлімше зоотехнигі, мал бағу, механизатор болған. 1995 жылы зейнеткерлікке шығып, осы жылы шаруа қожалығын құрған.

Ұлытау ауданының мәслихаты, 2010 жылғы 25 желтоқсан, № 309 шешім

81

СМАИЛОВ ШАБАЗ

1932 жылы Аманкелді ауылының Сарлық селосында дүниеге келген. 1952 жылы №1Ұлытау орта мектебін бітірген, 1956 жылы қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтын бітірген.1956 жылы №1 Ұлытау орта мектебіне жұмысқа тұрған. 1958 жылы аудандық комсомол комитетінің екінші келісімен бірінші хатшы болып сайланған. 1961 жылы №2 Қорғасын орта мектебінің директоры, 1963 жылы № 1 Ұлытау орта мектебінің директоры, 1972 жылы Ұлытау аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1979 жылы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімнің меңгерушісі, 1989 жылы № 1 Ұлытау орта мектебінде директор болып, 1992 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2010 жылғы 25 желтоқсан, № 309 шешім

82

ДЮСЕНБЕКОВА БАКЫТ РЫСПЕКОВНА

1949 жылы 7 наурызда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Теректі орыс мектебінде бірінші сыныпқа барып, 1965 жылы Жезқазған қаласындағы мектеп – интернаттың сегізінші сыныбын бітірген. 1968 жылы Жезқазған қалалық медициналық училищесін бітірген. 1973 жылы Сарысу селолық кеңесіне жауапты хатшы ептіп сайланған. 1973-1992 ж.ж. аралығында атқарушы органда хатшы, 1992-2007 жылдар аралығында Сарысу селолық округінің бас маманы. 2007 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2010 жылғы 25 желтоқсан, № 309 шешім

83

МАТКЕНОВ АСКАР КАДЕРОВИЧ

 1964 жылдың 3 мамырында Қарсақбай кентінде дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

 1971 – 1981 жылдары Қарсақбай кентіндегі №3 Қ.Сәтбаев атындағы мектепте оқып орта білім алды.

 1981- 1986 жылдары Жезқазған политехникалық институтында көлік және көлік шаруашылығы мамандығы бойынша оқып, инженер – механик дипломын алды.

 2012 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халықаралық бизнес академиясының жоғарғы мектебін бітірді.

 1986 – 1988 жылдар Кеңес әскері қатарында әскери міндетін атқарды. Еңбек жолында 1988 жылы «Жезқазған түсті мет» Ғылыми – өндірістік бірлестігінде көлік жүргізушісі болып бастап, гараж меңгерушісі бірлестіктің көлік бөлімінің бастығы, бірлестіктің бас директорының көмекшісі, жалпы мәселелер  бойынша директоры жұмыстарын атқарды.

 2012 жылдан «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вице президенті қызметінде.

 1999 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2017 жылғы 11 қазан, № 133 шешім

84

СЕЙТЖАНОВ ТАЛГАТ

1954 жылдың 2 қаңтарында Ұлытау селосында дүниеге келген. 1961 жылы №1 Ұлытау орта мектебіне барып, 1971 жылы орта мектепті бітірген. 1971 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтына түсіп, 1978 жылы осы институттың инженерлік-құрылыс факультетін бітіріп, инженер-құрылысшы мамандығын алып шыққан.

Еңбек жолын 1978 жылы Ұлытау аудандық Совет атқару комитетінің құрылыс және архитектура бөлімінің топограф-геодезисі болып бастаған. 1980-1981 жылдары ауданның бас архитекторы, 1981-1983 жылдары  аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1983-1988 жылдары Шеңбер совхозы партия комитетінің хатшысы, 1989-1993 жылдары шаруашылық есептегі құрылыс учаскесінің бастығы, халық депутаттары аудандық кеңес пен аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1993-1995 жылдары Ұлытау ауданы әкімінің аппарат жетекшісі, 1995-1999 жылдары аудан әкімінің бірінші орынбасары, ал 1999 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін аудандық мәслихаттың хатшысы болып қызмет атқарып келеді.

Сейтжанов Талғат өзінің негізгі жұмысын қоғамдық белсенді қызметпен ұштастырып келеді. 1999 жылдан 2006 жылдың қыркүйек айына дейін «Отан» Республикалық саяси париясының Ұлытау ауданындағы өкілдігінің төрағасы, ал қазір «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының аудандық өкілдігінің Бюро мүшесі, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ұлытау ауданының өкілдігінің төрағасы.

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2017 жылғы 11 қазан, № 133 шешім

85

Бекілдеков Қуаныш

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2018 жылғы 7 желтоқсан, № 229 шешім

86

Жандарбеков Әлімбек Жақанұлы

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2018 жылғы 7 желтоқсан, № 229 шешім

87

Омар Әнуар Серікбайұлы

Ұлытау аудандық мәслихаты, 2018 жылғы 7 желтоқсан, № 229 шешім

88

Сағадиева Шарипа Құсайынқызы

1945 жылы 19 тамызында Семей облысы Үржар ауданы, Науалы селосында дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1963-1968 жылдары Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында оқыған.

1963-1974 жылдары ҚазССР Ғылым Академиясының Физиология институтының аспирантурасына түсіп, биология ғылымы кандитаты дәрежесінің диссертациясын қорғаған.

Еңбек жолын 1973 жылы Қазақстан Республикасының Мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтынан аға лаборант, кіші ғылыми қызметкерліктерінен бастаған.

1975-1982 жылдары Жезқазған педагогикалық институтында аға оқытушы қызметінде,

1982-1985 жылдары Жезді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде меңгеруші,

1985-1997 жылдары Ұлытау орталығындағы №7 мектеп интернатын,

1997-2007 жылдары Ұлытау аудандық № 1 орта мектебінің директоры қызметтерін атқарған.

Ғылым, білім саласында 39 жыл еңбек етіп, 11 ғылымипрактикалық еңбектері жарыққа шыққан. «Ұлытау және Ұлттық этнопедагогикасы» атты бағдарламаны жазған.

            Ұлытау аудандық мәслихаты, 2019 жылғы  24 қыркүйек  № 307шешім

89

Сағатов Сәрсен Сейткенұлы

1961 жылдың 1 қарашасында  Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

 Еңбек жолын 1981 жылы Балқаш кен металургия комбинатының «Шығыс Қоңырат» руднигінде электр жүйесінің дәнекерлеушісі қыметінде бастаған.

1981–1983 жылдары Кеңес одағы әскері қатарына шақырылып, «Солтүстік флотында» теңіз-инжинерлік қызмет бөлімде атқарған.

1983-1988 жылдары «Жезқазған кен бұрғылау» трестінде электр жүйесінің дәнекерлеушісі.

1988–1994 жылдары «Жезқазған кен бұрғылау» трестінің №2 басқармасының кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1995–2000 жылдары Сәтпаев қалалық прокуратурасында тергеуші, аға тергеуші, қалалық прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі, қалалық прокурор орынбасары қызметтерін атқарған.

2000–2005 жылдары Қарағанды облысы прокурорының Жезқазған аймағы бойынша аға көмекшісі, қалалық прокурордың сот актілері мен шешімдерін қадағалау жөніндегі аға көмекшісі.

2005–2009 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының судьясы.

2009–2013 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының №2 аудандық сотының төрағасы.

2013–2018 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аудандық сотының төрағасы.

2018- осы уақытқа дейін Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аудандық сотының судьясы.

Отбасылы, 3 баласы бар.

             Ұлытау аудандық мәслихаты, 2019 жылғы  24 қыркүйек  № 307шешім

90

Бабатаев Жағыпар Ағайынбекұлы

1956 жылдың 10 қазанында Ұлытау селосында дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

          1972 - 1975 жылдары Шеңбер совхозында механизатор. 

            1975–1980 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының студенті.

            1980–1981 жылдары Аудандық ауылшаруашылық басқармасында мал дәрігері.

            1988–1990 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы хатшысы.

            1990–1991 жылдары Ұлытау аудандық партия комитетінің екінші хатшысы.

            1991–1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Ұлытау аудандық комитет ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

            1991-2003 жылдары Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары.

            2003-2010 жылдары «Бекетай-Баба» шаруа қожалығының иегері.

            2010-осы уақытқа дейін «Нұр-Отан» партиясының Ұлытау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Отбасылы, 3 баласы бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

            Ұлытау аудандық мәслихаты, 2019 жылғы  24 қыркүйек  № 307шешім

91

Әбдікеров Рысқали Қалииакбарұлы

1959 жылы 12 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданының «Өспен» ауылында туған, ұлты қазақ. Мектептен кейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген (1981ж.).

            1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын бітірді.

1981-1983 жылдары Босаға орта мектебінің мұғалімі, Ақадыр аудандық комсомол комитетінің, Жезқазған облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып еңбек етті.

            1983-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

Р.Қ. Әбдікеровтың барлық еңбек жолы Жезқазған және Қарағанды облыстарына байланысты болды.

            1985-1989 жылдары Жезқазған облыстық партия комитеті марксизм-ленинизм университетінің деканы, Жезді аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды.

            1990-2001 жылдары Ақадыр аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, әкімшілігі басшысының, әкімнің орынбасары, Шет ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2001-2006 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, 2006-2009 жылдары Ұлытау және Шет аудандарының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. 2009-2016 жылдары Қарағанды облысының Осакаров және Шет аудандарында әкім болып қызмет етті.

            2016-2017 жылдары Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

                      Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

            Сенат депутаты болып Қарағанды облысынан сайланған.

            «Nur Otan» партиясының мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

              Ұлытау аудандық мәслихаты, 2020 жылғы  27 қараша № 401 шешім

92

Рахыш Нәшкенқызы Идрисова

1948 жылы 20 желтоқсанда Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылындағы «Құрылыс» қыстағында дүниеге келген. Білімім - жоғары. 1966 жылы, «Шеңбер» совхозындағы №2 Қорғасын орта мектебінде оқып 11 жылдықты бітірген.

         1971 жылы Алматыдағы Қазақтың қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тамамдаған.

       2002 жылы Талдықорғанның заң колледжін оқып аяқтап, «заңгер» мамандығын иеленген. Еңбек жолын Шеңбер совхозының №2 Қорғасын орта мектебін бітірген соң, мектепте алған мамандығы бойынша 1966-1967 жылдары совхозда механизатор болып бастады.

1967 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың мемелекеттік қыздар педагогикалық институтының студенті болды.

1971-1977 жылдары Жезді ауданында Жезді мектеп интернатында мұғалім, аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы болып еңбек еткен.

1977 жылдың қазан айынан 1981 жылдың сәуіріне дейін Жезқазған облыстық мұғалімдердің білім жетілдіру институтында методикалық кабинеттің меңгерушісі.

1981-1995 жылдары Ұлытау аудандық партия комитетінде үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметінен бастап, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан әкімінің әлеуметтік салалар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Ұлытаудан Жезқазған облыстық білім департаментінің шақыруымен, 1995 жылдың қараша айынан 1997 жылдың мамыр айына дейін Жезқазған облыстық білім департаменті бастығының орынбасары болып қызмет етті.

1997-2007 жылдары аралығында Жезқазған қалалық әкімшілігінде ішкі саясат және әлеуметтік салалар бөлімінің бастығы, Жезқазған қаласы әкімінің Кеңесшісі қызметтерін атқарған.

1990 жылы «Еңбек ардагері» медалінің иегері, 1997 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің озаты» белгісімен марапатталған.

2002 жылдан республикалық «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

2004 жылы Жезқазған қаласының 50 жылдық мерекесі құрметіне Қарағанды облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен, Жезқазған қаласы әкімінің «Жезқазғанға-50 жыл» Күміс медалімен және 2014 жылы Жезқазған қаласының 60 жылдық мерей тойына арналған медальмен марапатталған.

2008 жылы Алматы қаласындағы «ЕЛ - ШЕЖІРЕСІ» қайырымдылық қоғамдық қоры баспасынан шыққан «Ұлытауға тағзым» атты ғылыми-танымдық кітаптың авторы.

2013 жылы Жезқазған қаласы әкімінің сыйлығы - «Мәдени іс шараларды үздік ұйымдастырушы» номинациясын жеңіп алды.

2011 жылы «Ұлытау қыздары» қоғамдық бірлестігін құрып, зейнетке шыққан әйеланалардың басын құрап, мектеп оқушылары мен студент-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрімізді үйрету сынды тақырыптарда, тәрбиелік мәні зор, мәденикөпшілік ісшаралар ұйымдастыруды тәжірибеге айналдырып жүр. «Ұлытау қыздары» қоғамдық бірлестігінің (кезінде Ұлытау ауданында еңбек етіп,зейнектерлікке шыққандар, қазіргі уақытта жезқазған қаласында тұрып жатқан) құрамында тәжірибелі ұстаздар, дәрігерлер, журналистер, заңгер мен өнер майталмандары, театр әртістері бар.

  Ұлытау аудандық мәслихаты, 2020 жылғы  27 қараша № 401 шешім

93

Үмбетов Шаяхмет

1950 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының «Лениншіл» колхозында дүниеге келген. 1968 жылы Ұлытау селосындағы мектеп-интернатта 10 жылдық білім алған. 1968-1969 жылдары Ұлытау совхозында бақташы болып еңбек етіп, 1969-1971 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, 1971-1976 жылдары Қарағанды дене тәрбиесі педагогикалық институтын бітіріп, «дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» мамандығын алған. 1976-1978 жылдары Жезді кентіндегі №6 орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі. 1978-1983 жылдары Жезді аудандық Кеңесі атқару комитетінің жанындағы физкультура және спорт комитетінің төрағасы болып жұмыс атқарған. 1983-1986 жылдары Жезді ауданы қарсақбай совхозы кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1986-1989 жылдары Жезді кен басқармасында руда түсіру бригадасында бригадир, 1989-1990 жылдары Жезді ауданы ДОСААФ комитетінде төраға, 1990-1993 жылдары Жезді аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор, 1993-1997 жылдары «Мақпал» жеке меншік шағын кәсіпорынында директор, 1997-1999 жылдары жеке кәсіпкер, 1999-2011 жылдары Ұлытау аудандық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасы, 2011 жылдан осы уақытқа дейін «Ұлытау аудандық ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша өкілдіктің төрағасы.

            1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.

            2012, 2013, 2014 жылдары Қазақстан Республикасы «ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлері кәсіподағы комитетінің «Еңбек даңқы» төс белгісінің І-ІІ-ІІІ дәрежелерімен марапатталған.

            2014 жылы Қазақстан мәслихатының 20 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.

            Ұлытау аудандық мәслихаты, 2020 жылғы  27 қараша № 401 шешім

94

 

Байболов Дүйсенбек Байболұлы

Байболов Дүйсенбек Байболұлы 1962 жылы 1 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданы, Ұлытау селосында дүниеге келген. 1970 жылы №1 Ұлытау орта мектебінің табалдырығын аттап, 1980 жылы осы мектепті бітірген. Он жылдық мектепті бітірген соң, мал шаруашылығымен айналысатын комсомол жастар бригадасында жұмыс істеген. 1981-1983 жылдары Ресейдің Саратов қаласында Совет армиясы қатарында отан алдындағы борышын өтеген. 1984 жылы туған ауылында жұмыс істеген.1985 жылы Алматы қалалық электро-техникалық байланыс техникумына оқуға түскен. Студент болып жүрген уақытында барлық студент жастармен бірге 1986 жылы желтоқсан көтерілісіне  қатысқан. Желтоқсан көтерілісіне байланысты Қазақ ССР Жоғарғы сотының өкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылған. 1990 жылы Өсекемен қаласында түрмеге отырған жерінен Президент жарлығымен ақталып бостандыққа шыққан. 2009 жылдан бүгінгі күнге аумақтық инспекциясы мекемесінде еңбек етіп келеді.

     -Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 4 ақпандағы Жарлық бойынша «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл»медалімен

    - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлық бойынша «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен

     -Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлық бойынша «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл»медалімен

     -«Желтоқсанның 30 жылдығы» медалімен

     -2005  жылы Ұлытау ауданы әкімі Б.Мұқыштың «Құрмет граматасы»

     - 2011 жылы Қарағанды облысы әкімі С.Ахметовтың «Құрмет граматасы»

     - 2012 жыл ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекция басшысы алғыс хатымен

     -2014 жылы Ұлытау ауданы әкімі Х.Н.Омаровтың «Құрмет грамотасымен»

    - 2016 жылы ҚР АШМ ВБжҚК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекция басшысы алғыс хатымен марапатталған.

      Ұлытау аудандық мәслихатының, 2021 жылғы  25 қараша № 85 шешім

95

Жукебаев Отаубай

Жукебаев Отаубай -  Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қорғасын ауылында 1950 жылы туған. 1972 жылы Арқалық ауылшаруашылық техникумын бітіріп, техник мамандығын алған. 1976 – 1992 жылдары Шеңбер совхозында бас инженер. 1996 – 2000 жылдары Шеңбер, 2010 – 2013 жылдары Терісаққан селолық округтерінде әкім қызметін атқарған.

            Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Қарағанды облысы әкімінің, Ұлытау ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен және «Тыңға 50 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Жукебаев Отаубай Шеңбер кеңшарында еңбек еткен жылдары ауылдың экономикалық, әлеуметтік – мәдени өмірі жоғары көрсеткіштерге жетті. Қызмет саласында 41 жыл еңбек етіп туған жерді  көркейтуге, тәуелсіздігімізді нығайтуға лайықты үлес қосты. Қандай қызметте болса да өзінің білімділігін, қабілетті азамат екендігін көрсете білді.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2021 жылғы  25 қараша № 85 шешім

96

Бегаев Тулеу Оразалинович

Бегаев Тулеу Оразалинович -1942 жылдың 16 наурызында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Ұлытау селосында дүниеге келген.

1949-1959 жылдары Ұлытау селосының №1 орта мектебінде оқып, орта білім алған.

1959-1962 жылдар аралығында Қарағанды медициналық училищесінің «Тіс емдеу» бөлімінде оқып, «Тіс дәрігері» мамандығын алған.

Оқуды аяқтаған соң, еңбек жолын 1962 жылдан тіс дәрігері ретінде Ұлытау аудандық ауруханасынан бастаған.

Медицина саласында көп жылдар бойы атқарған адал, әрі үздік еңбегі үшін 26.05.1982 жылы КСРО-ның Денсаулық сақтау министрінің №258 бұйрығымен «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен,  10.01.1990 жылғы КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан Жезқазған облыстық Халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Ұжымда және халық арасында ақ көңілдігі мен қарапайымдылығы, таза пейілімен көрініп, «Төкен аға» деп танылған азамат. 

Ауданға сіңірген қажырлы еңбегі бағаланып 2014 жылы Ұлытау ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, 12.10.2019 жылы «Ұлытау ауданының 80 жылдығы төсбелгісімен» марапатталған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша «Ауданның белсенді ардагері» номинациясының жеңімпазы атанған.

1992 жылы құрметті еңбек демалысына, зейнеткерлікке шыққанымен, осы мекемеде денсаулық сақтау жолында 53 жыл, яғни 2015 жылға дейін халыққа қызмет етті.

Отбасында зайыбы Сәуле Әнуарбекқызы Әубәкіровамен бірге 60 жылға жуық тұрмыс құрып, 6 ұл, 1 қыз тәрбилеп өсірді. Қазір кезде ұрпағынан 24 немере мен 15 шөбере сүйіп отыр.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2021 жылғы  25 қараша № 85 шешім

97.

Ашенов Жамсап Абуұлы

 

 

Ашенов Жамсап Абуұлы 1946 жылы 2 желтоқсанда Рундник  поселкасында дүниеге келген.

Бастауыш класқа 1955 жылы Теректі станциясындағы 8 жылдық мектепке барған. 6-сыныптан бастап Жезқазған  қаласындағы №8 мектепте оқып, 1966 жылы 11 (он бір жылдықты) осы мектепте бітірдім.

1.         1966 жылы Сарысу совхозының №2 фермасында разнорабочи болып орналастым.

2.         1967-1968 жылдары Сарысу орталық бухгальтериясында мал шаруашылығы бехгалтері болып жұмыс істедім.

3.         1968-1969 жылдары бір жылдық Қарағанды қаласындағы  бухгалтерлік мектепті жолдамамен оқып бітірдім.

4.         1970-1974 жылдар аралығында Сарысу совхозында почта меңгерушісі болып қызмет істедім.

5.         1974-1977 жылдары Сарысу асыл тұқымды қой заводының бас бухгалтердің орынбасары болып қызмет атқардым.

6.         1978-1980 жылдар аралығында Сарысу сауда бірлестігінің Директоры болып істедім.

1980 жылы Алматыдағы АЗВИ-ға оқуға сырттай түсіп 1985 жылы «Зооинженер» ммандығын бітіріп диплом алдым.

7.         1981-1984 жылдары №1 фермаға Зоотехник кейін Ферма меңгерушісі болып қызмет атқардым.

8.         1985-1987 жылдарда Сарысу асыл тұқым қой заводында ірілендірілген қырқым пунктінде меңгеруші болып істедім.

9.         1988-1995 жылдар аралығында №2 фермада бухгалтер Зоотехник Ферма меңгерушісі болып қызмет атқардым.

10.       1996-2000 жылдар аралығында «К/Х Ашенов А» - шаруашылығын басқардым.

11.       2001-2006 жылдар аралығында Сарысу селолық округі әкімі қызметін атқардым.

12.       2007-2009 жылдары «К/Х Ашенов А» - шаруашылығын басқардым.

13.       2010 жылы Зейнеткерлікке шықтым.

14.       Зейнеткерлікке шыққаннан кейінде қоғамдық жұмыспен айналысып, бүгінге дейін Сарысу совхозының ақсақалдар кеңесінің төрағасы кейін қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайландым, әлі істеп отырмын. Жұбайым Ахметова Аққу. Отбасымда 5- ер балам, 1-қызым бар, барлығы үйлі- баранды. 13-немерем, 2-шөберем бар.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2022 жылғы 18қазандағы№ 160шешім

98.

Дайров Жақыпбек

 

 

Дайров Жақыпбек, 1946 жылы 7 қарашада бұрынғы Қарағанды облысы, бүгінгі Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылына қарасты «Байділда» қыстағында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келдім.

1953-1955 жылдары Сарытау бастауыш мектебіне барып 1,2 сыныпты бітіріп, мектептің жабылуына байланысты Қорғасын орта мектебінде 1955-1964 жылдары он бір жылдық орта мектепті бітірдім.

1964-1965 жылдары бастауыш сынып оқытушыларын дайындайтын бір жылдық курста оқып, 1965-1967 жылдары Қорғасын орта мектебінде бастауыш сынып оқытушысы болып істедім.

1967-1969 жылдары Кеңес Армиясы Қатарында Армения ССР-нің Дилижан қаласында міндетті әскери борышымды өтедім. Озат жауынгер ретінде КПСС қатарына қабылдандым.

1970-1975 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік института оқыдым.

1975-1981 жылдары Аманкелді кеңшарында бас зоотехник, 1981-1984  жылдары Алғабас кеңшарында партком хатшысы, 1984-1985 жылдары Аманкелді кеңшарының бас экономисі, 1985-1986 жылдары Аманкелді кеңшарының кәсіподақ комитетінің төрағасы, Ұлытау аудандық ауылшаруашылығы кәсіподағының төрағасы болдым

1986-1997 жылы Аманкелді кеңшарының директоры, қауымдастық төрағасы, 1997-2010 жылдары Аманкелді ауылының әкімі қызметтерін атқарып зейнеткерлікке шықтым.

Институтта курстың, факультеттің партком хашысы қоғамдық жұмысын атқардым. Аманкелді Иманов атындағы көтеріңкі шәкіртақы «стипендия) алып, Бүкілодақтық ССР ВЛКСМ мен Жоғары білім министрлігінің «Үздік оқу» алтын төс белгісін алып институтты «Үздік бергімен» бітірдім. Студенттік құрылыс отрядын басқарып атақты «Медеу» мұзайдынының шығыс бөлігі трибунасының түп қабырғасын бетонмен құюдағы озат жұмыста Мақтау грамотасымен, Кеңшар директоры кезімде Кеңшардың аудан, облыс шаруашылықтары ішінде озат көрсеткішке жетіп СССР Орталық партия комитетінің (КПСС) Министрлер Кеңесі, ВЦСПС пен ЦК ВЛКСМ, Жезқазған облыстық ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алып, алдыңғы орынды шаруашылық болды. ҚР Тәуелсіздігігің 20 жылдық, Ұлт Азаттық қозғалысының 100 жылдық медальдарымен марапатталдым.

Бүгінде еңбек зейнетіндемін.

 Ұлытау аудандық мәслихатының, 2022 жылғы 18қазандағы№ 160шешім

 

99.

Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлы

 

 

Қожахметов  Бақтияр  Сапарбекұлы,  1962 жылы  22  маусымда  Қарағанды  облысы Ұлытау ауданы  Шеңбер  ауылында дүниеге  келдім.

Әкем: Қожахметов Сапарбек  Тоқсейітұлы, 1938 жылы туған,  киномеханик         жұмысын  атқарған.

Анам: Қожахметова Сария Дүйсенбайқызы 1936 жылы туған,  бухгалтер  болып  жұмыс  істеген. Өкінішке орай, менің алты айлығымда, жүрек ауруынан қайтыс болды. 1963 жылдың наурызында әкем екінші рет үйленді. Сол күннен бастап анам Баймбетова Шайза Баймбетқызы болды. 1943 жылы туған. Кітәпханашы болып жұмыс атқарды.

           1969 жылы ата-анаммен  Жезқазған  қаласына  көшіп  келіп, сол  жылы № 8 қазақ  орта мектебіне  1 сыныпқа  бардым.

           1979 жылы  10-шы сыныпты  бітіріп, Жезқазған  тау-кен техникумына

«Қазба  байлықтарды  геологиялық  барлау» мамандығы  бойынша  оқуға  түстім.

           1980 жылдың қараша  айынан 1982 жылдың желтоқсан  айына  дейін,  Солтүстік әскери-теңіз флоты  инженерлік бөлімінде  әскери  қызметімді   атқардым.

           1982 жылы  желтоқсан  айынан бастап,  тау-кен техникумында  кешкілік  бөлімде  оқуды  жалғастырып,  күндіз «Жезқазғанцветмет» НПО № 31-32 шахтасында  бұрғылаушы  жұмысын атқардым.

           1983 жылдың  тамыз айынан  1984 жылдың  тамыз  айына дейін  Жезқазған  қаласында Жылу-электр орталыгында (ТЭЦ)  клапандарды орнына  келтіруші болып  жұмыс істедім. СОКП(коммунистік партия) мүшесіне  кіріп, техникумды аяқтадым.

        1984  жылдың тамыз айынан  1985 жылдың  тамыз айына дейін СОКП қалалық комитетінің арнайы  жолдауы  бойынша Ұлытау  ауданы Терісаққан  ауылының  №9 орта мектебінде  бастауыш  әскери  дайындық (НВП)  пәнінен сабақ бердім.

          1985 жылдың тамыз айынан  1991 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасының  қауіпсіздік  комитетінің  Жезқазған  облысы бойынша  басқармасында қызмет атқардым.

          1984  жылы  Өзбекстан  Республикасы    Сырдары олысы Бахт қаласының  тумасы Тоқманбетова Райхан  Иманбекқызымен отау құрдым. 1985 жылы 28  қазанда  егіз  қыздарым  Әсем мен Әсел  дүниеге  келді.

        1988 жылы  қазан  айында ұлым  Қуаныш  және   2006 жылы  қазан айында  ұлым Мәдихан  дүниеге  келді.

        1991 жылдың  ақпан айынан 1993 жылдың  қыркүйек  айы аралығында

«Ұлытау» қоғамдық  қозғалысының  атқарушы директоры  болып  істедім.

        1993 жылдың  қыркүйек  айынан  2003 жылдың сәуір  айына  дейін Жезқазған облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайының  директорлық  қызметін атқардым.

        1997 жылы Жезқазған  университетінің  «жаратылыстану» мамандығын сырттай  бөлім  бойынша  бітіріп, жоғарғы білім алдым.

        2003 жылдың  сәуір  айында, отбасылық жағдаймен Қарағанды  қаласына  қоныс  аудардым. Осы 2003 жылы «Алты Алаш» қоғамдық  қорының  атқарушы  директоры  қызметін және Қарағанды облыстық өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметін атқардым.

        2004-2006 жылдары Жезқазған тарихи-археалогиялық музейінің ғылыми қызметкері міндетін атқардым.

        2007 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылға дейін «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында жетекші ғылыми қызметкерлік  жұмысын атқардым.

        2009 жылы мамыр айында Ұлытау ауданы Ұлытау селосына отбасыммен қоныс аудардым. Сол 2009 жылдың қаңтар  айынан  бастап, «Ұлытау»  ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы  мемлекеттік  мекемесінде  директордың ғылыми зерттеу  жұмыстары  бойынша  директор орынбасары  болып  жұмыс істедім.

       2010 жылдың  қаңтар айынан бастап 2021 жылдың шілде айына дейін «Ұлытау»  ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы  мемлекеттік  мекемесінде директор  болып  жұмыс істедім.

      2021 жылдың шілде айынан  бастап бүгінгі күнге дейін Жезқазған   

      қаласының тарихи-археалогиялық музейінің ғылыми қызметкерімін.

Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты (VII шақырылым 2021-        2025ж.ж.).

 Екі қызым, екі ұлым және сегіз немерем бар.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2022 жылғы 18қазандағы№ 160шешім

100.

Ильясов Амангелді

 

1942 ж 15 мамыр айында қазіргі  Ұлытау ауданы, бұрыңғы Қарағанды облысы, қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген.

1960 жылы № 7 сарысу орта мектебін бітірген.

1960 – 1963  жж Целиноград қаласында зоотиехникалық – мал дәрігерлік техникум бітірдім. 1963 1968 жж Ресей федерациясында Омбы қаласында мемлекеттік ветеринариялық институттын бітірген.

1968 – 1973  жж Ұлытау ауданының Қаракеңгір совхозында бас мал дәрігері қызметін атқарды.

1973 – 1983  жж  Жезді аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас мал дәрігері болып жұмыс атқарды.

1983 – 1985  жж Сәтбаев совхозының партия комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды.

1985 – 1986 жж Жезді аудандық  Агро Өндіріс бірлестігінің бас мал дәрігері болды.

1987жылдан Сәтбаев совхозының директоры болып, совхоз тарағанша қызмет атқарды.

Бірінші сайланған Жезді ауданының мәслихатының депутаты болып сайланды.

1995 – 1998  жж Жезқазған қаласының Кеңгір селосының әкімі болып қызмет атқарды.

1998 – 2005 жж Жезқазған қаласының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болыпқызмет атқарған. Содан зейнеткерлікке шықты.

Отбасы жағдайы: әйелі, 7 балас бар.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 55 шешім

 

101.

Смагулов Қоңыр

 

1950 жылдың 13 қаңтарында Ұлытау ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген.

1956 жылы орта мектепке барып 1966 жылы Ұлытау орта мектебін бітірдім. Сол жылы Қарағанды мемлекеттік институтына  оқуға түсіп 1970 жылы тарих пәні мұғалімі мамандығын алып шықты.

            1985-1987ж Торғай совхоз-техникумын бітіріп агроном мамандығын алған.

 1970ж  Алғабас орта мектебінде мұғалім, оқу-ісінің меңгерушісі ,1977 -1979ж Қаракеңгір орта мектебінің директоры қызметін атқарған.

 1979-1985ж Ұлытау ауданында партия комитеті нұсқаушы, үгіт-насихат бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

1985ж  Алғабас кеңшары агрономы, совхоз партия комитеті нұсқаушы, үгіт-насихат бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

 1985ж Алғабас кеңшары агрономы, совхоз партия комитеті секторы қызметін атқарды.

1991ж Егінді ауылында мектеп директоры, шаруа қожалығы иегері, соңғы 9 жыл 2013ж зейнеткерлікке шыққанға дейін Егінді ауылдық округі  әкімі қызметін атқард.

Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекелік медалінің иегерімін. 2009 ж қорытындысы бойынша Қарағанды облысы селолық әкімдері байқауының жеңімпазы болып «Үздік әкім» грамотасымен марапатталды.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 55 шешім

102.

Бекетаев Бағдат Әліпбекұлы

 

1960 жылы 1 ақпан күні Талғар қаласында дүниеге келген.

1968 жылы Ұлытау ауданы, Аманкелді совхозынданы N3 орта мектептің табалдырығын аттап, 1978 жылы ойдағыдай аяқтап шықты.

1978-1983 жылдары аралығында Жезқазған қаласындағы поли-техникалық, институттың АТП факультетіне оқуға түсіп, студенттік шақтарында да өзінің озық ойлылығымен, алыстан болжап, дұрыс шешім қабылдайтындығымен, топ арасында ұйымдастыра білу қабілетімен көшбасшы болып, түрлі шаралардың басы-қасында жүріп, өзінің қарым-кабілетімен танылды.

Тәжірибелі оқытушылардан тәлім алған Бағдат Әліпбекұлы мақтаулы студент болып, жоғары оқу орнын да жақсыға тәмамдады.

 Дипломды жас маман 1983-1995 жылдары аралығында УВД ГАИ-да абыройлы қызмет атқарды.

1995 жылдан Бағдат Әліпбекұлы Ұлытау ауданы жеріне «Бекетай-Баба» шаруақожалығын ашып, кәсібін дөңгелетуде.

2016 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2017 жылы «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, 2020 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталған, 2022 жылы «Құрмет Орденімен» марапатталды.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 55 шешім

103

Есназаров Камариден Бәкірұлы

 

1 қаңтар 1945 жылы Қарағанды облысы,  Ұлытау ауданы, Малшыбай ауылында дүниеге келді. 1953 жылы Малшыбай ауылында 1 сынып мектеп табалдырығын аттап 1963 жылы орта мектепті тәмәмдаған. 1963 жылы мектеп табалдырығын аяқтағаннан кейін Целиноград ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп 1968 жылы ғалым агроном-экономист мамандығы бойынша бітіріп шықты. Аталған жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін Жезді аудандық ауылшаруашылық басқармасында 1972 жылдың наурыз айына дейін бас экономист болып қызмет атқарды. 1972-1977 жылдар аралығында Ұлытау ауданы Алғабас совхозында бас экономист болып жұмыс жасады. Осы жылдар аралығында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып совхоз комсомол комитетінің хатшысы, мектеп жанындағы ата-аналар комитетінің төрағасы болды. 1977-1979 жылдар аралығында Ұлытау аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы, қоғамдық жұмыс аудандық халықтың бақылау комитетінің бюро мүшесі болдым. 1979-1981 жылға дейін Ұлытау совхозының бас экономисті, 1981-1982 жылға дейін Ұлытау совхозының №2 сүт фермасының ферма меңгерушісі, 1982-1985 жылдар аралығында Ұлытау аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында жоспарлау экономика бөлімінің бастығы, 1985-1988 жылға дейін Қаракеңгір совхозында партком хатшысы, 1988-1992 жылдар аралығында Терісаққан совхозында бас экономист болып қызмет атқарды.

 1992 жылдың наурыз айынан 1992 жылдың қараша айына дейін Ұлытау ауданының әкімшілігінде экономика және жоспарлау комитетінің төрағасы, ал 1992 жылдың қараша айынан 1997 жылға дейін Ұлытау аудандық қаржы бақылау бөлімшесінің бастығы болып қызмет атқарды. Ал 1997 жылдан 1998 жылға дейін Қарағанды облыстық қаржы-бақылау басқармасының бас бақылаушысы-тексерушісі, 1998 жылдан 2000 жылға дейін Ұлытау аудандық қазынашылық бөлімшесінде бақылаушы-тексеруші, 2000 жылдан 2003 жылға дейін Аудиторлық Астана консалтинг фирмасында бас бақылаушы-тексеруші, ал 2003 жылдың сәуір айынан 2009 жылға дейін Қарағанды аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасында мемлекеттік экологиялық инспекторы болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда құрметті еңбек демалысында.

Сатпаев қаласының «Бағаналы Төлек батыр» қоғамдық бірлестіктің төрағасы,  Ақсақалдар алқасының мүшесі.

Жұбайы: Ералинова Айтжан Бердалиновна 1948 ж.т.

Отбасыда 5 бала тәрбиелеп өмңрген.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 152 шешім

104

Жаукасынов Жетпіс

1937 жылы Карсақпай ауданына қарасты Жетіқоңыр елді мекенінде дүниеге келген. Жеті жылдық білім алып, 1952 жылы колхозда мүше болдым.

Білімі: Орта,

1957 жылы совхозда әртүрлі жұмыстар аткардым.

1959 жылы үш айлык курс ашылып, механизатор оқуын тәмамдадым.  

1972 жылы шопан болдым.

1983 жылы аудандык 43 ші партия конференциясында сайланган

Қазақстан Компартиясы Жезді аудандық партия комитетінің пленум

мүшесі болып сайландым.

1990 жылдан бастап «Нұркабай» шаруа қожалығын басшысы.

         Ұлытау аудандық мәслихатының, 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 152 шешім

105

Абдрахманов Қаражігіт

1937 жылы 28 ақпанда Ұлытау ауданында дүниеге келген.

1944-1955 жылдары Ұлытау ауылында орта мектепте оқыды.

1955-1956 жж. Ұлытау совхозының МТС бухгалтер производственного отдела болып істеді.

1956 жылы Қарағанды қаласындағы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп 1962 ж. Дәрігерлік мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1962 ж. 1 тамызында Ұлытау аудандық ауруханасына бас дәрігердің лечебно-профилактический жұмыстары бойынша орынбасары және хирург болып қабылданды.

1963-1972 жж. Ұлытау ауданының тубдиспансерінің Бас дәрігері болып жұмыс атқарды.

1972 ж. Аудан орталығында тубдиспансер жабылғаннан кейін Ұлытау ауданының ауруханасында терапевт болып қабылданды.

1997 ж. Ұлытау ауданының ОДА-на дәрігерлік мамандығы бойынша ауыстырылды.

1998 ж. 20 ақпаннан бастап өмірлік жасына байланысты зейнеткер атанды.

2000 ж. Аудандық ауруханаға терапевт болып ауыстырылды.

2011ж. Ұлытау ауданының ОДА-на терапевт болып ауыстырылды.

2013 ж. 4 қаңтарында жұмыстан зейнетке шықты.

            Ұлытау аудандық мәслихатының, 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 152 шешім

106

Абильдин Бейсенбек Байкаринович

1960 жылы 18 ақпанда Қарағанды ​​облысы Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында дүниеге келді.

Ұлтым қазақ. Қазақша, орысша еркін сөйлеймін.

Тегімді ауыстырмағанмын.

1978 жылдың мамырынан 1980 жылдың мамырына дейін Литва КСР-в Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттім.

1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша оқып бітірдім.

1980 жылдың қазанынан 1989 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы АзТиМ-де ағаш кесуші.

1989 жылдың тамызынан 1990 жылдың мамырына дейін Алматы қаласындағы "Гарант" ҚазПо-да юрисконсульт.

1990 жылғы мамырдан 1992 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласындағы "ГлавАлматыСтрой" ДоКаның заң кеңесшісі.

1990 жылдың шілдесінен 1992 жылдың ақпанына дейін – Алматы қаласындағы ҚазКСР прокуратура басқармасының прокуроры.

1992 жылдың ақпанынан 1993 жылдың қазанына дейін Алматы прокуратурасының ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі.

1993 жылдың қазанынан 1995 жылдың қазанына дейін Алматы прокуратурасының бөлім бастығы.

1995 жылдың қазан айынан 1998 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры.

1998 жылдың қаңтарынан 2000 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы прокурорының орынбасары.

2000 жылдың қазанынан 2002 жылдың сәуіріне дейін Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры.

2002 жылдың сәуірінен 2005 жылдың тамызына дейін Алматы қаласы прокуратурасының бастығы.

2005 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың шілдесіне дейін Бас әскери прокурордың аға көмекшісі.

2006 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың қазан айына дейін Алматы гарнизонының әскери прокуроры.

2009 жылдың қазан айынан 2015 жылдың сәуір айына дейін Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры қызметтерін атқардым.

2015 жылдың сәуір айынан бастап белгіленген тәртіппен әскери прокуратура органдарынан және әскери қызметтен әскери қызметте болудың шекті жасына жеткен соң запасқа шығарылдым.

Жұбайы - Бекбаева Гульшат Рахымбековна, 1962 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы, Ақшатау ауылында туған. Жұмыс істемейді, Қапшағай қаласы, Спутник шағын ауданы 4 корпус, 1 пәтерде тұрады.

Қызы - Абильдина Әйгерім Бейсенбековна, 1987 жылы Алматы қаласында туған. Жеке кәсіпкер, Алматы қаласы,. Таугүл 1, 52Б/32 шағын ауданында тұрады.

Ұлы - Абильдин Алмат Бейсенбекович, 1988 жылы Алматы қаласында туған. Жеке кәсіпкер. Қапшағай қаласы, Спутник шағын ауданы 4 корпус, 1 пәтерде тұрады.

Қызы - Абильдина Алтынай Бейсенбековна, 2001 жылы Алматы қаласында туған. Қапшағай қаласы, Спутник шағын ауданы 4 корпус, 1 пәтерде тұрады.

Әпкесі - Абильдина Асия Байкариновна, 1963 жылы Жезқазған облысы, Ұлытау ауданында туған. Есепші болып жұмыс істейді. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында тұрады.

Әпкесі - Абильдина Гауһар Байкариновна, 1964 жылы Жезқазған облысы, Ұлытау ауданында туған. Аудандық білім бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылында тұрады.

Мен және менің жақын туыстарым бұрын сотталмаған.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 152 шешім

 

107

Рахымбеков Тілеген Башарұлы

02 қазан 1953 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосында дүниеге келдім. 1960 жылы Ұлытау орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1970 жылы №14 Амангелді орта мектебін бітірдім. 1970 жылы тамыз айында Амангелді совхозын орталық электр станциясына дизелист-машинист болып жұмысқа орналастым. 1971 жылы отбасы жағдайыма байланысты Жезді кентіне көшіп келіп Жезді кен басқармасына токарь болып жұмысқа орналастым.1972 жылдан – 1975 жылдың қараша айына дейін Жезді Казселькозтехника бірлестігінде токарь. Қараша 1975 жылдан 1984 жылдың мамыр айына дейін Жезді аудандық информациялық-есептеу станциясында аға инженер, 1984 жылдың мамыр айынан 1985 жылдың маусым айына дейін Жезді Казсельхозтехника бірлестігінде аға инженер-технолог 1985 жылдың маусым айынан 1987 жылдың қазан айына дейін Жезді аудандық кино советінің төрағасы 1987 жылдың қазан айынан 1989 жылдың желтоқсан айына дейін Жезді аудандық кәсіподақ ұйымының мәдени-көпшілік жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 1989 жылдың желтоқсан айына1995 жылдың ақпан айына дейін Жезді аудандық мәдениет бөлімінің автоклубтар жүйесінің директоры. 1995 жылдың сәуір айынан 1997 жылдың наурыз айына дейін Жезді кен басқармасының жабдықтау бөлімінде қойма меңгерушісі.1997 жылдың наурыз айынан 2004 жылдың шілде айына дейін «Казмарганец» кен басқармасында күзетші. 2009 жылдың шілде айынан 2012 жылдың наурыз айына дейін № 6 Жезді орта мектебінде күзетші, 2012 жылдың наурыз айынан 2024 жылдың қыркүйек айына дейін директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары. Қоғамдық жұмыстар: қазіргі күні Жезді кенті ақсақалдар алқасының төрағасы, Ұлытау облысы ақсақалдар кеңесінің мүшесі. Жезді кенті қоғамдық кеңесінің мүшесі. Жезді кенті бойынша медиатор. «Жезді жұлдыздары» халықтық ән-би ансамблінің әншісі.

Ұлытау аудандық мәслихатының, 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 152 шешім

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 октября 2024