Ұлытау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы XІI сессиясының «Ұлытау ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» №81 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау ауданы  село Улытау

Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы №143 шешімі

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 27 тамызда жарияланған.

№ 200059

Ұлытау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы XІI сессиясының «Ұлытау ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» №81 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы XІI сессиясының «Ұлытау ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» №81 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  • кірістер – 8 967 156 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 6 461 982 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30 227 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 283 мың теңге;

трансферттердің  түсімдері – 2 470 664 мың теңге;

  • шығындар – 9 278 723,7 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 57 892 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 118 144 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 60 252 мың теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – - 366 459,7 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  

366 459,7 мың теңге:

қарыздар түсімі – 118 144 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 60 252 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 329 668,7 мың теңге.

көрсетілген шешімге 1, 4, 5, 6 қосымшалары осы шешімге 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Аудандық мәслихаттың

     төрағасы                               А.Құрмансейітов

 

 

Дата публикации
02 сентября 2024