Ұлытау ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Ұлытау ауданы  село Улытау

Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 05 наурыз №111 шешімі

Ұлытау облысы Әділет департаментінде 2024 жылдың 19 наурызда тіркеліп, нормативтік-құқықтық актілер тізімінде.

 

№ 113-20 жарияланған.

 

Ұлытау ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұлытау ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың

        төрағасы                                                                 А.Құрмансейітов

 

Дата публикации
26 марта 2024