Ұлытау ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Ұлытау ауданы  село Улытау

Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 05 наурыз №108 шешімі

Ұлытау облысы Әділет департаментінде 2024 жылдың 13 наурызда тіркеліп, нормативтік-құқықтық актілер тізімінде.

 

№ 110-20 жарияланған.

 

Ұлытау ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ұлытау ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Аудандық мәслихаттың

        төрағасы                                                            А.Құрмансейітов

Дата публикации
15 марта 2024