Жетінші шақырылған Ұлытау аудандық мәслихаттың кезектен тыс XХVІІІ сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабы 3 тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес:

Ұлытау аудандық мәслихатының кезектен тыс XХVІІІ сессиясы 2023 жылғы 17 қаңтарында сағат 15.00-де Аудандық мәслихат мәжіліс залында (Абая,27) келесі күн тәртібімен шақырылады:

1.Ұлытау облысы Ұлытау ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы.

2.Ұлытау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 қаңтардағы ХХІХ сессиясының «Ұлытау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №258 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы.

3.Ұлытау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қантардағы №6 «Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Дата публикации
12 января 2023