Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы Ұлытау аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Ұлытау аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 30 желтоқсанынан 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-maslihat?lang=ru Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы  13 қаңтарға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.

 

 

 

Мәслихаттың орналасқан жері: Ұлытау селосы, Абай  көшесі 27 .

Ахат Құрмансейітұлы ҚҰРМАНСЕЙІТОВ –Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы.

        Жауапты тұлға – «Ұлытау аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің  аппарат басшысы Мақсат Жанкелдіұлы ЕРНАЗАР телефон коды (87102)2-12-23, сот: 8-777-267-65-55, электрондық пошта мекенжайы: ulytaumaslihat@mail.ru

Ұлытау аудандық мәслихаты, учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына комиссия мүшелерін сайлайды

№

Сайлау учаскесінің атауы

Орналасқан жері

Бос орындар саны

1

№ 699 Ақтас сайлау учаскесі

Ақтас к. Аманкелді к-5

1

2

№700 Қыпшақпай сайлау учаскесі

Пионер елді мекені

1

3

№701Сарлық сайлау учаскесі

Аманкелді а. Аманкелді к-1

1

4

№ 703 Борсеңгір сайлау учаскесі

Борсңгір а, Қазақстан к-7

1

5

№ 705 Егінді сайлау учаскесі

Егінді а. Ерден көшесі- 2

3

6

№ 707 Қызыл үй сайлау учаскесі

Байқоңыр а. Қызыл үй бөлімшесі

1

7

№708 Жезді сайлау учаскесі

Жезді к, Құттымбет көшесі 19

1

8

№ 711 Қаракеңгір сайлау учаскесі

Қаракеңгір а. Орталық к-81

2

9

№712 Көкбұлақ сайлау учаскесі

Көкбұлақ елді мекені

1

10

№ 713 Қарсақбай сайлау учаскесі

Қарсақбай к. Болман ақын көшесі- 74

2

11

№ 714 Балбырауын сайлау учаскесі

Қарсақбай к. Сәтпаев көшесі-9

1

12

№ 720 Қосқұдық сайлау учаскесі

Қосқұдық елді мекені

1

13

№ 722 Терісаққан сайлау учаскесі

Терісаққан а. Ұлытау к-1

1

 

Дата публикации
30 декабря 2022