GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
15 сентября 2025
Бизнес – қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп күні» өтеді

Сіздерді есептің Бірыңғай күніне қатысуға шақырамыз.

Бірыңғай есеп күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсартуға, идея мен ұсынысты талқылауға, проблемаларды сындарлы шешуге бағытталған.

Әрбір қатысушы өзін қызықтыратын сұрақ қоя алады.

🗓25 қыркүйек

⏰ 15:00

📌Жезқазған қ., Желтоқсан к-сі, 25, Ұлытау облысының “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы.

10 июля 2025
«Даму» қорының мемлекеттік бағдарламасы - ШОБ қолдаудың қуатты құралы!

«Даму» қорының мемлекеттік бағдарламасы микро, шағын және орта бизнес өкілдеріне ҚР Үкіметінің қолдауымен жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

 Несиенің мақсатты бағыты:

  • инвестициялар
  • айналым қаражатын толықтыру
  • 2025 жылдан бастап берілген несиелерді қайта қаржыландыру

 Максималды сома:

  • инвестицияға — 7 млрд ₸ дейін
  • айналым қаражатына — 3,5 млрд ₸ дейін
  • пайыздық мөлшерлеме — жылына 12,6%-дан аспайды

 Мерзім:

  • инвестицияға — 10 жылға дейін
  • айналым қаражатына — 3 жылға дейін

 Қолдау көрсетілетін салалар:

  • өңдеу өнеркәсібі
  • ауыл және балық шаруашылығы
  • көлік және қоймалау
  • білім беру және денсаулық сақтау (белгілі бір шарттармен)
  • қонақүй бизнесі және қоғамдық тамақтану

 «Даму» қорының мемлекеттік кепілдік беру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

 Бағдарламаға қатысушы банктер:

  • «Банк ЦентрКредит» АҚ
  • «Freedom Bank» АҚ
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
10 июля 2025
Бизнеске несие керек, бірақ кепіл мүлкі жетіспей ме?

Кәсіпкерлер инвестиция, айналым қаражатын толықтыру немесе қайта қаржыландыру үшін «Даму» қорының кепілдігін пайдалана алады.

«Кепілдік қор 1» бағдарлама шенберінде несие сомасының 85%-на дейін кепілдік алуға болады, қаржыландыру сомасының 85%-ына дейін қоса алғанда, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды. Кепіл мерзімі — несиелеу мерзімінен 5 айға ұзақ.

Бағдарлама келесі басым салаларды қамтиды: өндіріс, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салалар.

Кепілдікті қалай алуға болады?
Екінші деңгейлі банкке жүгініңіз. Егер жоба мақұлданса, банк «Даму» қорының кепілдігімен несие береді. Қорда өтінім қарау мерзімі — 2 жұмыс күнінен аспайды.

Кепілдіктер туралы толық ақпаратты «Даму» қорының аймақтық филиалдарынан, damu.kz сайтынан немесе 1408 нөмірі арқылы біле аласыз.

21 мая 2025
"Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізу туралы Анонс!

"Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Басқарма) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2025 жылдың 22 мамырында сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: 8 7102 60 03 97

Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, Алаша алаңы, 5-қабат, 505-кабинет.

 

 

 

 

 

03 апреля 2025
Анонс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2025 жылғы 3 сәуірден 30 жұмыс күні ішінде "Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ -де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

04 декабря 2024
«Qamqor» мобильді қосымшасы! Qamqor-бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау!

Заңсыз тексерулер: қалай болдырмау және қайда арыздану керек?
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің «Qamqor» мобильді қосымшасы Сіздің бизнесіңізді заңсыз
тексерулерден қорғайтын болады.
 егер сізге тексеру келсе, сіз кез келген мемлекеттік орган тексеруінің заңдылығын
тексере аласыз (санэпидбақылау, өрт қызметі, салықтық тексеру және т.б.)
 сізге (бизнесіңізге қатысты) жоспарланған тексеріс туралы алдын ала білетін боласыз.
Мобильді қосымша iOS үшін қолжетімді (https://appsto.re/us/tOyoib.i)
«Qamqor» мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейді?
1) Қосымшаны өз смартфоныңызға орнатыңыз
2) Тексеру тағайындау туралы актінің нөмірін енгізіңіз (авторизация міндетті емес)
3) Тексеріс нысаны мен күні туралы толық ақпаратты
4) Бұзушылық болған жағдайда, қосымша арқылы шағым жолдаңыз
5) Ұтқыр топ келіп түскен шағымдармен айналысады
6) Тексеру күшін жояды және тексерушілер жауапкершілікке тартылады.
Қосымша жоспарланған тексеріс туралы алдын ала ескертеді, ол үшін:
1) кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу қажет
2) Қосымша баптамасындағы PUSH-хабарламаға тіркелесіз
3) сізге (сіздің бизнесіңізге қатысты) жаңа тексеру тағайындалған жағдайда сізге Pushхабарлама келіп түседі
Сонымен қатар егер де сіздің қандай да бір сұрағыңыз болса, онда сіз Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитет қызметкерлеріне қосымшаның онлайн-чатында жаза
аласыз, сондай-ақ тексерулер туралы ең өзекті сұрақтарға жауап ала аласыз.
2
Қандай тексеріс заңсыз деп табылады?
Тексеру Кәсіпкерлік кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда жарамсыз деп
танылады, олар:
- тексеру жүргiзу негiздерінiң болмауы;
- тексеру тағайындау туралы актiнiң болмауы;
- тексеру жүргiзу туралы хабарлама мерзiмдерiнiң сақталмауы;
- ерекше тәртібі бойынша тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігін бұзу;
тексерiлетiн субъектiге тексеруді тағайындау туралы актiнi ұсынбау;
- мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша тексерулер
тағайындауы;
- тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу мiндеттi болғанда, оны құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөнiндегi органдарда тiркемей тексеру жүргізу;
- тексеруді жүргізу мерзімдерін бұзу.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті

02 декабря 2024
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізілімге енгізу мақсатында Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік           субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105) ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.

Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе)  Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының     ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105 )   көрсетілген, 2-қосымшадағы бекітілген нысандарға (форма) сәйкес басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.

Өтінім берілетін орын: Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1, 5-қабат, №515 кабинет.

Электрондық пошта мекенжайы: upp_ulytau@mail.ru.

Байланыс телефондары: 8-778-108-38-78.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы «1» желтоқсаннан бастап 2024 жылғы «15» желтоқсанға дейін жұмыс күндері сағат 10-нан 18-ге дейін (жергілікті уақыт).

 

15 ноября 2024
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!

Ұлытауоблысыныңкәсіпкерлікжәнеөнеркәсіп басқармасы бизнес-идеяларды іске асыруүшін(акцизделетінөнімменбайланыстықызметтіқоспағанда)"Бірауыл-Бірөнім"бағдарламасының финалистері жәнеәлеуметтіккәсіпкерліксубъектілері үшін гранттарғаконкурсжариялайды.

КонкурсқақатысуүшінүміткерлербекітілгеннысанбойыншаэлектрондықөтінімдіжәнеҚағидаларғасәйкесконкурстыққұжаттаманыңтолықпакетін тапсыруы қажет.

Өтінімдер 2024 жылғы 18 қарашадан 2024 жылғы 22 қараша аралығында қабылданады.

Өтінім беру орны:субсидиялаудыңақпараттықжүйесініңвеб-порталы"KEZEKTE.KZ".

Электрондық пошта мекенжайы: upp_ulytau@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 778 108 38 78

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және тапсыру мәселелері бойынша тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік бөлімдеріне және  ӨКП "Атамекен" және Ұлытау облысының қалалар мен аудандардағы филиалдарында.

 

Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:

       1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

       2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

      3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
13 сентября 2024
Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы есептің" Бірыңғай күні"

ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР!
Сіздерді Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз.
Бірыңғай есеп күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсартуға, идея мен ұсынысты талқылауға, проблемаларды сындарлы шешуге бағытталған.
Әрбір қатысушы өзін қызықтыратын сұрақ қоя алады.

Өткізу орны: 2024 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 15:00, Жезқазған қ., Желтоқсан к-сі, 25, Ұлытау облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ғимаратында жоспарланған.

Байланыс телефондары: +7 778 108 38 78

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
19 августа 2024
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар тізілімге енгізу мақсатында Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік           субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105) ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.

Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе)  Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының     ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033105 )   көрсетілген, 2-қосымшадағы бекітілген нысандарға (форма) сәйкес басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.

Өтінім берілетін орын: Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы 1, 5-қабат, №515 кабинет.

Электрондық пошта мекенжайы: upp_ulytau@mail.ru.

Байланыс телефондары: 8-776-149-67-19.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2024 жылғы «1» қыркүйектен бастап 2024 жылғы «15» қыркүйекке дейін жұмыс күндері сағат 10-нан 18-ге дейін (жергілікті уақыт).

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы