Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініштерді қабылдау жөніндегі хабарландыру

Ұлытау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мақсатында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан (ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) өтініштер қабылдайды.

Өтініштер мен қажетті құжаттар «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселелерін қарау жөніндегі арнаулы комиссияның» қарауына ұсынылады. Құжаттар тізбесі мен өтініш нысандары https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-kasipkerlik/documents/details/adilet/P2100000773?lang=kk сілтемесі арқылы қолжетімді.

Өтініштер төмендегі тәсілдердің бірі арқылы қабылданады:

  • қағаз түрінде;
  • электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып;
  • пошта арқылы;
  • немесе уәкілетті өкіл арқылы.

Барлық құжаттар Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 2-қосымшасында бекітілген нысан бойынша дайындалуы тиіс. Өтінішке ұйым басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойып, мөрмен (бар болса) расталуы қажет. Құжаттар мен өтініште көрсетілген мәліметтер олардың берілген күніне сәйкес өзекті болуы қажет.

Өтініштерді қабылдау орны:
Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, 5-қабат, 515-кабинет.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары:

  • 8 778 108 38 78

Электрондық пошта: upp_ulytau@mail.ru

Өтініштерді қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 15 тамыздан 30 дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 августа 2025