«Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама

 

«Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама.

 

14.05.2024 г .                                                                                            Жезқазған қ.

 

«Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) басшысының 2024 жылғы 08 сәуірдегі №18 «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жұмыс тобының мүшелері Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы
18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

 

  1. талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау - 0;

2.Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау – 0;

3.Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0;

4.Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдердің саны – 0;

5.Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны – 1;

1) Мемлекеттік қызметтер саласындағы әкімшілік барьер. «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде Басқарма көрсетілетін қызметті алушы мен «Орталықжерқойнауы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің Орталық Қазақстан өңіраралық геология департаменті (бұдан әрі – «Оратықжерқойнауы» ӨД) арасында делдал ретінде әрекет етеді, яғни Басқарма өтінішті тіркегеннен кейін «Оратықжерқойнауы» өңіраралық департаментіне алдағы құрылыс учаскесі жер қойнауында пайдалы қазбалардың болмауы немесе олардың аздығы туралы сұрау салады. Осы қызметті іске асыру мерзімі сұрау салуды ескере отырып 9 жұмыс күнін құрайды, іс жүзінде күнтізбелік 11-ден 15 күнге дейін құрайды. Алайда осы мемлекеттік қызмет «Оратықжерқойнауы» өңіраралық департаментімен көрсетілетін болса, қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайтын еді. Осылайша, шамадан тыс әкімшілік тосқауылдың болуы анықталды.

  1. Рұқсат ету функцияларын жүзеге асырумен байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0;
  2. Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0;
  3. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0;
  4. Қаржы-шаруашылық қызметтегі анықталған тәуекелдер саны – 0;
  5. Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтердің саны – 3;

Басқарма мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген рұқсат құжаттарын беру жөніндегі функцияларды іске асырады. Жер қойнауын пайдалану саласында Басқарма 3 рұқсат беру функциясын іске асырады:

1) Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы
27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабына сәйкес Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру;

3) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру.

 

Жоғарыда аталған 3 қызметте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген, сәйкесінше толықтай қағаз жүзінде көрсетіледі. Қызмет алушылардың өтініштері мен құжаттары тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесісне өткізіледі, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындайды.

Сонымен қатар, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру кезінде жер қойнауын пайдалану құқығы «бірінші келді-бірінші алды» қағидаты бойынша беріледі, бұл ретте құжаттар қағаз нысанда Басқарма кеңсесіне ұсынылады. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 206 бабына сәйкес құзыретті органға берілген, сол бір аумақты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру үшін өтініштер келіп түскен кезектілік тәртібіне қарай қаралады.

2024 жылдың 8 сәуірі мен 8 мамыры аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-нің 2022 жылғы 29 маусымнан 2024 жылғы 8 сәуірге дейінгі жұмыс кезеңін қамтыды.

«Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама.
Дата публикации
30 мая 2024