Хабарлама Алгабас-2

«ASTANA AST» ЖШС

 

Сіздің Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында орналасқан
«Алгабас-2» учаскесі бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз.

«Орталыққазжерқойнауы» ӨД жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында орналасқан
«Алгабас-2» учаскесі бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге Сіздің өтінішіңізге оң келісімін берді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларының» 21-тармағына сәйкес Сізге «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстарының жоспарын келісу және жою жоспарына сараптама жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9,22,91-баптарына сәйкес, жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз шешімге жоғары тұрған мемлекеттік органға не жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

Қосымша 2 бет.

 

 

Басшы                                                                                  С. Сандыбаев

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 мая 2026